Сайтқа кіру Тіркелу

Хореография негізі балабақшада

Ай – Сана балабақшасының хореографы Жанерке Абилдаева

Хореография негізі балабақшада
Би - саз ырғағымен түрлі қозғалыстар жасап орындалатын, көңіл күйге негізделе көрсетілетін көне өнер түрі, адамның ішкі жан дүниесін байытып, жанын тазартатын құдіретті өнер. Би - сөзсіз, тек бишінің дене қимылымен, бет - әлпетін әңгімелейді. Әңгімені би тілімен жүргізу үшін бишінің ерекше табиғи қасиеті, дарындылығы болуы маңызды және бұл өнер түрін балабақшалар мен мектептерде жоғарғы деңгейде іске асуы қажет.

Бүгінгі таңда мектепке дейінгі кезеңде балалардың ақыл - ой қабілеттерін жан - жақты дамыту және тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берілуде, себебі осы кезеңде балалардың таным қабілеттерін дамыту мүмкіндіктері мол. Бала бойында ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар. Сол қасиеттерді дамыту ісі дәл балабақшада басталмақшы.

Бидің түрлері өте көп. Соның ішінде өзіміздің ұлттық билеріміздің алар орны ерекше. Ұлттық би өнері дастандарда, ертегілерде, батырлар жырларында да айтылып отырады. Атап айтсақ,«Қара жорға», «Бүркіт биі», «Қаз - қатар», «Аю - би», «Киіз басу», «Аққу», «Насыбайшы»,«Құсбегі - дауылпаз», «Ортеке» және т. б. Қазақ билері көбіне көп нақты белгілі бір тұрмыс - тіршілікке құралады да халықтың бейне болмысының айнасына айналады. Ол елдің сән - салтанатын, ерлігін, елдігін, қайғы - мұңын, әл - қуатын сан мыңдаған қимылмен, қозғалыспен баяндайды.

Биде тәрбиеленген балалардың жүріс - тұрысы, дауыс ырғағына дейін, жақсы есте сақтау, зейін, ішкі сезімнің дамуы ұшқыр қиялмен ерекшеленеді. Би өнері баланың эстетикалық мәдениетін дамыту арқылы баланың бойына адамгершілік негіздерін қалыптастыру, өз халқын төл рухани мәдениетінің қыр - сырын, салт - дәстүрін білген тұлға елінің патриоты ғана емес, өзге ұлттың да болмысын құрметтей білетін, ұлттық санасы биік, өркениеттің көшіне ілесер, жан - жақты жас ұрпақ тәрбиелейтініміз сөзсіз.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңыздылығы

Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңыздылығы

Қазіргі таңда адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам – өзінің...
Тіл кемістігі бар баланың тілін түзетудегі ұсақ қол моторикасының маңызы

Тіл кемістігі бар баланың тілін түзетудегі ұсақ қол моторикасының маңызы

Қызылорда қаласы «Назым» балабақшасының тәрбиешісі Құлахметова Гаухар...
Балабақшада ұлттық ойындарды дамыту

Балабақшада ұлттық ойындарды дамыту

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, "Жұлдыз" балабақша меңгерушісі: Ералимова Ғалия Болатқызы...
Баланың тілін дамытудағы ойынның маңызы

Баланың тілін дамытудағы ойынның маңызы

Адам бала кезінен қалыптасады. Мектепке дейінгі жастан бастап баланың болашақ тұлға, өз елінің азаматы ретінде негізі қаланады. Бала сөйлеуді үйрене...
Адамгершілік – асыл қасиет

Адамгершілік – асыл қасиет

Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×