Сайтқа кіру Тіркелу

Ойнайық та, ойлайық

Жамбыл облысы,
Т. Рысқұлов ауданы, «Балауса» балалар бақшасының
тәрбиешісі Махатова Г.М

Ұйымдастырылған ашық оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.

«Гүлдер» орта тобы.
Білім беру саласы: Таным. Қатынас.
Бөлім: Математика. Тіл дамыту. Құрастыру.
Тақырыбы: Ойнайық та, ойлайық.
Мақсаты: Балаларды 1 ден 5 - ке дейін тура және кері санауды кеңістікті бағдарлауды, тәулік бөліктері туралы білімдерін бекіту, геометриялық пішіндер туралы білімдерін жетілдіру. Ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту. Танымдық белсенділігін арттыру, тапсырмаларды орындауда белгілі бір нәтижеге жетуге тәрбиелеу.
Міндеті: 5 көлеміндегі санау дағдыларын үйрету. Бірлесе жұмыс жасауды үйрету, шығармашылықтарын арттыру. Сөздік қорларын байыту.
Сөздік жұмыс: Іргетасы, оң - сол, жоғары - төмен, ұзын - қысқа, қабырғасы, шатыры.
Көрнекіліктер: Сандар, геометриялық пішіндер.
Құрал - жабдықтар: Әр балаға екі жолақты карточка, 1 - 5ке дейінгі сандар, геометриялық пішіндер.
Билингвалдық компонент: қоян - заяц, түлкі - лиса, үйшік - домик т. б
Инклюзивтік әлеумет: Белсенділігі төмен балалармен жұмыс.

Тәрбиешінің іс - әрекеті
Шаттық шеңбері!
Шеңбер болып тұрайық.
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын салайық.
Таза ауаны жұтайық.
Жүрекке жылу сыйлайық.
Жиналған жылы шуақты.
Қонақтарға шашайық.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Бір жылда қанша мезгіл бар?
- Бір аптада қанша күн бар?
- Жеті күнді санау. Есік тақылдап сайқымазақ келеді.
Қолында 5 шары, хаты әр шарда тапсырмалар бар.
Балаларға хатты оқып береді.
Құрметті балалар!
Сәлеметсіңдер ме! Мен сендерге көмек сұрап хат жазып отырмын. Мен түлкімен дос болдым, үй соғуға көмектесесіңдер ма?
Ол үшін мына тапсырмаларды, орындауларың керек.
Сәлеммен: Қоян.
- Балалар, кім 1 - деген шарды көрсетеді:
І тапсырма: 1 - 5 ке дейін тура және кері санау. «Қол соғу» -(іргетасы қаланған)
ІІ тапсырма: «сөздік ойын»
- Күзде жаңбыр жауады, ал қыста...
- Жазда жеңіл киінеміз ал қыста...
Көктемде ағаштан жапырақ шығады, ал күзде...
- Түлкінің құлағы қысқа, ал қоянның құлағы...
- Таңертең біз оянамыз, ал түнде...
Үйдің шатыры үшбұрыш, ал күннің пішіні...
- Көзімізбен көреміз, ао құлағымызбен...(қабырғасы)
Сергіту сәті.
ІІІ тапсырма: Үлестірмелі құралмен жұмыс:
(үйдің шатыры қаланды).
ІV тапсырма: «Қай пішін жоқ»
-(үйдің есігі қаланды)
V тапсырма: Жұмбақ жасыру. (уақытты бағдарлау. Таңертең, түс, бесін, кеш, түн).
(Үйдің екі терезесі орнатылды).
Жеке нұсқаулар беру:
Қостілді меңгерту:
Қоян - заяц, түлкі - лиса, үйшік - домик.

- Балалар бізге қонаққа кім келді?
- Біз үйді кімге құрастырдық?
- Балалар сендер нешеге дейін санай аласыңдар? Бүгінгі оқу іс - әрекеті сендерге ұнады ма? Белсенді қатысқан балаларды мадақтап, қорытындылады.

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×