Сайтқа кіру Тіркелу

Жақсы көңіл-күй жан азығы

Тренингтің тақырыбы: “Жақсы көңіл - күй жан азығы”
Мақсаты: Педагогтардың көңіл - күйлерін көтеруге, өздеріне құрметпен қарауға, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.
Сабақтың өтілу барысы:
1. Менің есімім жаттығуы
2. Біз ойлаған ертегі
3. Өзіңді тереңірек таны
4. Түстер әлемі
5. Релаксация жаттығуы
6. Қорытынды

Психолог: Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер. Мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Эпиграф: "Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған жоқпыз, ойын ойнамағандықтан қартаямыз." Бернард шоу
Олай болса, «Жақсы көңіл - күй жан азығы» атты тренингімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
1. Менің есімім жаттығуы - Жаттығу танысу үшін жасалынады - әркім кезекпен өз атын атап, есімінің бас әрпінен басталатын сөз айтады.
Мысалы: Сандуғаш сникерс, Әсел әлем т. б.
2. Біз ойлаған ертегі - Шығармашылығын дамыту, қиялын жетілдіру. Тәрбиешілерді екіге бөліп отырғызамыз. Алдарына қағаз, қайшы, желім, бояу т. б. таратылады. Құралдарды пайдалана отырып, өздеріне ұнаған түрлі аң, құс, адам, ағаш т. б. бейнелерді жасайды. Жасаған бейнелері арқылы екі топ ертегі ойлап тауып, рөлдерге бөлініп, әркім өз бейнесімен ертегіні қойып береді. Ертегіге ат қойылады.
3. Өзіңді тереңірек таны - Қазір сіздерге слайд арқылы бірнеше жеміс – жидектердің ішінен өзіңізге көбірек ұнайтынын таңдаңыз. Сол таңдау арқылы сіздің мінез - құлқыңыз қандай, соған тоқталайық.
Қарбызды ұнататындар орнықты адамдар. Олар, шиеленіске, жанжал, дау - дамайға бара бермейді. Еш уақытта еш нәрсеге шағымданбайды. Тұрмыс пен көңіл күйін тек қана өз күшімен жақсартуға ден қояды. Отбасында да үлгілі, артық ауыз сөзі жоқ. Кейде табандылық жағы ғана жетіспейді.
Жүзімді ұнататындар өзінің де, өзгенің де сырын сақтай білетіндер. Бірақ мұндай тұйықтық, кейде шектен асып кетеді де, ел ондай адамдарға сенімсіздікпен қарауы мүмкін.
Құлпынай ұнатсаңыз, сіз көңілді қонақжай адамсыз. елмен тіл табыса аласыз. Сізге сыпайылық тән талғамыңыз нәзік. Ешкімге тәуелді емессіз. Дегенмен қызғаншақтығыңыз жоқ емес.
Шабдалыны ұнататындар көпшіл, кез келген адам мен тіл табыса алатын ашық жарқын болып келеді. Сізден сыпайылылық пен мәдениетті адамның белгілері айқын аңғарылып тұрады. Тек бір кемшілігіңіз – қиындықтарды ауыр көтересіз, кейде оларды жеуге дәрменсіздік танытасыз.
Егер сізге алма өте ұнайтын болса, жігерлі бірақ аздап ескі көзқарастағы адамсыз. Өз бастығыңызға берілгенсіз, оның қандай тапсырмасы болса да, жан сала тиянақты атқаруға тырысасыз. Аздап ақын жанды, өз - өзіңізге риза адамсыз.
Егер сіз шиені ұнатсаңыз, мінезіңіз жұмсақ, кішіпейілсіз. Өзгеге қуаныш пен жақсылық жасау үшін кейде өзіңізге зиян келтіріп алуыңыз мүмкін. Өтірік өсек сөзге жоқсыз, есесіне анекдоттарды ұнатасыз. Ал махаббат жөнінде сәби тәріздессіз, сөзді оп - оңай өкпелете салуға болады.
Қара өрікті ұнататындар өз атына айтылған сынды көтере алмайтындар. Олармен достық, жолдастық қарым - қатынас орнату да қиын болады.
4. Түстер әлемі - Түстерді (қызыл, көк, сары, жасыл, ақ) өздерінің жүректерінің қалауы бойынша рет - ретімен жазу керек.
Қызыл түс - Бұл қызыл түс кімді жақсы көретін адамдарыңыз.
Көк - Бұл көк түс шынайы дос деп есептейтін адамыңыз.
Сары - Бұл сары түс ешқашанда ұмытпайтын адамыңыз.
Жасыл - Бұл жасыл түс өміріңіздің соңына дейін болатын адамыңыз.
Ақ - Бұл ақ түс жаныңызды түсінетін адамыңыз.
5. Релаксация жаттығуы - бала мен алма ағашы.
6. Қорытынды: Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет. Тренингке қатысушыларға, келген қонақтарға «Раушан гүлдері сіздер үшін»- деп гүлдерді табыстаймын.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Түстер әлемі

Түстер әлемі

Мақсаты: Балаларды негізгі түстерді топтастыруға үйрету: қызыл, сары, көк, жасыл. Балалардың түсті қабылдау және түс туралы түсініктерін жетілдіру....
Тренинг. Түстер әлемі

Тренинг. Түстер әлемі

Балаларға негізгі түстерді топтастыруға үйрету: қызыл, сары, жасыл. Балалардың түсті қабылдау және түс туралы түсініктерін жетілдіру. Көру арқылы...
Мінез – адам көрсеткіші

Мінез – адам көрсеткіші

Міндеттері: - Мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету; - Жақсы мінез қалыптастыруға ықпал ету;...
Мектеп өмірінің инклюзивті, девиантты балалармен және ата - аналармен байла ...

Мектеп өмірінің инклюзивті, девиантты балалармен және ата - аналармен байла ...

Мақсаты:  Мектеп психологтарының және әлеуметтік педагогтің қоғамдағы орны, оқу – тәрбие үрдісіне қалыптасуына жағдай жасау және тәжірибе алмасу...
Сіз қандай әкесіз? (тест)

Сіз қандай әкесіз? (тест)

Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыжаз орта мектебі, Шағын орталық тәрбиешісі Манькева Майнур...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×