Сайтқа кіру Тіркелу

Балаларға жол ережесін үйретейік! (Ата - аналарға ақыл - кеңес)

Балаларға жол ережесін үйретейік! (Ата - аналарға ақыл - кеңес)
Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі - ең басты байлық. Сондықтан мектепке дейінгі ұйымдарда жолда жүру ережелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Статистика бойынша, өкінішке орай, жол апаттары көптеп болуда. Соның ішінде балалардың жол апатына душар болуы жоғары көрсеткішті көрсетеді.

Сол себепті балалардың өмірінің қауіпсіздігі дағдыларын мектепке дейінгі кезеңде қалыптастыру қажет. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетіні салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.

Балалар жолда жүру заңын сіз бен бізден үйренеді. Балалар үлкендердің жүріс - тұрысының жақсы жағын да, жаман жағын да қабылдайды. Көп жағдайда балалар жолда жарақат алып, түрлі жағдайға ұшырап жататыны көлік жүргізушілерінің ғана кінәсінен емес, ол көбінесе балалардың жол жүру ережесін білмегендіктен болады. Балаларға жолда жүру ережелерін үйретіп, үнемі оған үлгі көрсетіп және жүріс - тұрысын қадағалап, балаларды көшеде болатын қауіпті жағдайлардан сақтандыру әрбір ата - ананың міндеті.

Мектеп және мектепке дейінгі мекемелерде балаларға арнап «Жолда жүру ережесі» тақырыбында оқу іс - әрекеттері және түрлі шаралар ұйымдастырылып өткізіледі. Сондықтан әрбір бала үйретілетін «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы іс - әрекетті мұқият тыңдап, өткізілген іс - әрекеттен қорытынды жасап отыруға міндетті. Балаларды жолда жүру ережелерімен таныстыру мақсатында ойындар, әңгімелер, серуен кезіндегі ойын түрлері, конкурстар, сұрақ - жауаптарды кеңінен қолдану, балалардың жол ережесі туралы түсініктерінің қалыптасуы мен білімдерінің жетілуіне көмектеседі.

Ақтөбе қаласы,
№32 «Қуаныш» мектепке дейінгі ұйымының тәрбиешісі
Сүйінбаева Жанаргүл Қазтөреқызы

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Көліктер

Көліктер

Оқу іс - әрекетінің мақсаты: Балаларды көлік түрлерімен таныстыру. Жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру. Жолда жүру тәртібін сақтауға...
Жол ережесін білейік, есен аман жүрейік

Жол ережесін білейік, есен аман жүрейік

Мақсаты: Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс - жүзінде асыра білуге үйрету. Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге...
Абайла бөбегім

Абайла бөбегім

Жолда жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру, және іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету, жол белгілерімен таныстыру, бағдаршам туралы...
Бағдаршам

Бағдаршам

Сабақтың мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесіне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Балаларды жолда жүру ережесін мұқият cақтауға,...
Жолда жүру ережесін білесің бе?

Жолда жүру ережесін білесің бе?

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы №26 мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Батаева Үміткен Еркінқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×