Сайтқа кіру Тіркелу

Қош келдің, әз Наурыз!

Тақырыбы: Қош келдің, әз Наурыз!
Мақсаты: Қазақтың ұлттық мейрамы Наурызды балаларға кеңінен насихаттай отырып, ұлтжанды, мейірімді халықтың дәстүрі дәріптеуге баулу.
Көрнекілігі: Салт дәстүрге байланысты заттар, ұлттық тағамдар.
Жүргізуші: Армысыздар, ата - аналар, балапандар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз - «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн - біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі.
Наурыз келсе, құт келгені халайық!
Есік ашып, шашу шашып.
Ел боп қарсы алайық (шашу шашылады)
Су жылтырап бүршік ашқан жас талдан,
Бу бұрқырап қатып қалған тастардан.
Күн күркіреп, жалын ойнап аспаннан,
Бар тіршілік Наурыздан басталған!
Наурыз келді ал тойлаңдар жараңдар,
Келген мына мерекеге қараңдар.
Шашу шашып ақ жаулықты әжелер,
Тойда бүгін ойнап - күліп тараңдар.
Ал халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!
Құрметті қонақтар, ата - аналар, әріптестер «Күншуақ» тобының орындауында ән: «Наурыз - достық мерекесі»
Рахмет балалар қандай керемет ән шырқадыңыздар.
Ендігі кезекте балаларымыздың Наурызға деген тақпақтары бар, енді соны тамашалаңыздар.
Нұрниса: Уа ағайын халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың
Наурыз тойын бастайық!
Медет: Наурыз тойы тамаша,
Наурыз тойы жаңаша.
Табиғатта тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Нұрайым: Наурыз келді еліме,
Наурыз келді жеріме.
Байлық бақыт тілеймін,
Бұл қазақ еліне.
Диас: Наурызбен құттықтап,
Алыс жақын қауышты,
Көктемдегі жарқын сәт,
Көңілдерге ауысты.
Аружан: Наурыз тойым, Наурыз тойым.
Құтты болсын халайық!
Қане достар, қане достар,
Шырқап әнге салайық!
Кәусар. Т: Жыл басы - Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем бөленді.
Наурыз тойы береке,
Тіршілік жаңа оянды!
Салтанат: Наурыз дала, наурыз гүл,
Тентек сезім, үнсіз тіл.
Ақ қайыңның алдында айқасқан,
Балуан білеп, қыпша бел.
Дастан: Наурыз тойы елдің тойы,
Көктем тойы - төлдің тойы.
Ән айтатын күні бойы,
Жақсы көрем Наурыз тойын.
Біздің балалар әдемі тақпақ жаттапты жарайсыңдар!
«Күншуақ» тобы бүлдіршіндерінің орындауында «Қара жорға» биін тамашалаңыздар.
Ақбоз үйді үлпілдеткен,
Боз баланы бүлкілдеткен.
Қуанышты күлкің - көктем,
Әсем едің, шіркін неткен – деп ендігі кезекте қазақтың ұлттық ойыны «Қыз қуу» тамашалаңыздар.
Берекет пен Кәусар.
Ата - аналар кішкентай балапандарымызға қошеметтеп отырайық.
Тобымыздың ерке қызы Дюмбаева Салтанаттың орындауында «Дастархан» әні.
Наурыз елімнің берекесі,
Жаңа жылы қазақтың мерекесі.
Шаңырағы биіктеп күнге жақын,
Ұланғайыр керілсін керегесі – деп енді балаларымыздың Наурызға деген жаттауларын тағыда тыңдасақ деймін.
Нұрай: Наурыз келді - жыл келді,
Тірілтуге гүлдерді.
Сәнденеді аналар,
Сәбилермен бірге енді.
Айкөркем: Наурыз келді, нұр келді,
Түгел аймақ түрленді.
Бақшадағы апайлар,
Тойға әзір боп үлгерді.
Іңкәр: Наурыз келді алақай,
Кел билейік балақай,
Бізде қарап тұрмайық,
Тойға шашу шашайық.
Луиза: Той думанға келіңіз,
Тамашалап көріңіз,
Ән айтайық бәріміз,
Қол соғайық бәріміз.
Медина: Наурыз самал, Наурыз таң,
Қалаң орман ұйқысынан оянған.
Сағынышпен қауыштырған жұптарды,
Жылдың басы, он екі айға тоғысқан.

Аяулым: Наурыз жауын, наурыз сән,
Әсем әуен, сазды ән.
Қыз бозбала қыдырған
Жасыл желек, көк аспан.
Кәусар. А: Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр әніміз.
Асылай: Көктем келді балақай,
Жасарды жер, алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге салайық.
Асылхан: Наурыз келді сан құрып,
Жасарып жаңғырып,
Құлпырды жер мен көк.
Мейірім таң күліп.
Торғын: Наурыз тойы - салтанат,
Наурыз тойы - мархабат.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.
Алтынбек: Наурыз бұл мереке
Құтты болсын береке.
Қыдыр ата келін
Жақсы тілек әкелсін.
Әйгерім: Наурыз көктем, наурыз жыр,
Ана мейірім шуақ нұр,
Жан иесін жаңартқан,
Аққуан бұлақ, нәзік сыр.
Әлихан: Наурыз әлем, наурыз құс,
Сұлу дала, сағым тұз.
Самғай ұшқан қарлығаш,
Аққу қаздар мамық төс.
Тобымыздағы балапандардың әкелерін ортаға шақырып, қазақ халқының дәстүрі «Арқан тарту» ойынына шақырамыз.
Айкөркем, Салтанат, Кәусар, Әлихан, Ерасыл, Кәусар.
Наурыз айы туғанда,
Той болушы еді бұл маңда,
Сақталушы еді сыбаға,
Сапарға кеткен ұлдарға,
Наурыз айы туғанда – деп «Шілдеханамызды» бастайық.
Ұлы күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда олжалы жыл болар – деп бәйтеректей болып отырған Дюмбай атамыздан бата беруін сұраймыз.
Құрметті ата - аналар әріптестер, Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті.
Наурыз мерекесі әр отбасына құт - береке, ырыс әкелсін дейміз.
Қорытынды сөзін сөйлеп, тілегін білдіруге сөз кезегін балабақшамыздың меңгерушісіне сөз береміз.

Атырау облысы, Жылыой ауданы,
Құлсары қаласы, КМҚК "Айналайын" ясли бақшасының
тәрбиешісі Бибінұр Ізтілеуова
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×