Тақырыбы:«Менің отбасым»
Мақсаты: Отбасы үй іші туралы білімдерін кеңейту. Отбасы тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрауға үйрету. Сөздерді дұрыс айтуға, ойларын дұрыс жеткізе білуге үйрету. Отбасы мүшелерін, туысқандарын атай білуге дағдыландыру. Үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Отбасы мүшелерінің суреттері,”Менің отбасым “тақырыбында мазмұнды сурет.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет барысы.
Тәрбиеші: Міне балалар бүгін бізге көптеген қонақтар келген екен, қане балалар келген қонақтармен амандасайық.
Амандасу: Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Жайнай түсті даламыз.
Қайырлы таң апайлар!
Қайырлы таң қонақтар!
Деп сабақты бастаймыз.
Тәрбиеші отбасы тақырыбындағы суретпен балаларды таныстырады.
- Балалар суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар?
- Бір сөзбен қалай атауға болады?
- Сендер жұмбақ шешкенді жақсы көресіңдер ме? Мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер кім туралы екенін табыңдар.
Өзі мейірімді, шашына ақ түскен, шұлық тоқиды, ұршық иіреді.
Балалар: Әже.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыздар, қайдан біліп қалдыңдар?- Ал сендердің әжелерің не істей алады? Қане Ділназ өзінің әжесі жайында тақпақ айтып беремін -, дейді.
Ділназ: Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа,
Кәмпит алып келеді.
Әжем мені өйткені,
Өте жақсы көреді.
Тәрбиеші: Міне балалар Жасұланның әжесі күнде өлең айтып береді екен, содан соң әжесі баласын жақсы көргендіктен күнде бір жерге
барса, кәмпит алып келеді екен.
Балалар келесі жұмбағымды тыңдаңдар:
- Көзіне көзілдірік киіп алып, газет оқиды, Тарихи оқиғаларды көп біледі.
Әжемізге көмектеседі, Бұл кім екен балалар?
Балалар: Ата.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыздар балалар, қане кім атасы жайында айтады?
Сабыр өзінің атасы жайында тақпақ айтқысы келеді екен, қане тыңдайық.
Сабыр: Аппақ күміс сақалды,
Жақсы көрем атамды.
Ата сөзі қасиетті, киелі,
Ата сөзі жанға жылы тиеді.
Тәрбиеші: Ал балалар дүниедегі сендерге ең қымбат адам кім?
Балалар: Ана.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыздар балалар дүниедегі ең қымбат жан ана екен. Қане кім анаға арнап тақпақ айтады?
Назым: Бақытты, барым өзің боп,
Құшағына сүйенсем.
Сүюші ең –«Ботам, қозым»- деп,
Аналық ыстық сезіммен.
Тәрбиеші: Жарайсыздар балалар біздер суреттегі отбасы мүшелері жайында талқыладық. Отбасы – ол біздің жанұямыз. Балалар қане, тыңдайықшы Әсия мен Тоғжан біздерге жанұя туралы тақпақ айтып бергілері келеді екен. Жанұя - ол әже, ата, ана, әке, бала, іні, қарындас. Жанұяда барлық отбасы мүшелері тату тәтті тұрады. Бір - бірін тыңдайды, үлкендерді сыйлайды, кішілерді құрметтейді.
Әсия: Алақаны аялы,
Анам бар жаны саялы.
Кешіре білген кінәмді,
Әкем бар менің шыдамды.
Тоғжан: Сенде де бар жанұя,
Менде де бар жанұя.
Балықта да, малда да,
Үлкенде де, кіші де.
Тәрбиеші: Біздің балалар өте көп тақпақтар біледі екен, енді қане бәріміз бірге,«Отбасы» атты ойын ойнайық. Тәрбиеші балалармен ойын ұйымдастырады. Ойынды қызығушылықпен ойнауға дағдыландырады.
Тәрбиеші: Балалар біздер барлық отбасы мүшелері бірге қайда тұрамыз?
Балалар: Үйде тұрамыз.
Тәрбиеші: Жарайсыздар балалар біздер үйде тұрады екенбіз, қане бәріміз бірге сол үйді сіріңкемен құрастырып көрелік..
Қортынды
Тәрбиеші балалардың жасаған жұмыстарына қарап мадақтау, марапаттау арқылы сабақты қорытындылайды.
Тәрбиеші:
- Балалар отбасы дегеніміз не екен?
- Отбасында кімдер тұрады екен?
- Жанұя дегеніміз не екен?
- Отбасы мүшелері дегеніміз кімдер?
Менің отбасым
- ramuk_b
- 1 сәуір 2015
- 18993
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Отбасы тақырыбына ашық сабақ, балабақшаға арналған сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Мамандықтың барі жақсы
Мақсаты: әр мамандық иесі туралы, олардың пайдаланатын құралдары туралы түсініктерін қалыптастыру. Мамандық атаулары туралы мағлұмат бере отырып,...Пішіндер бізде қонақта
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы "Жұлдыз" балабақша тәрбиешісі: Тажібаева Клара Шайханқызы...Аққала бізде қонақта
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы "Жұлдыз" балабақша тәрбиешісі: Искакова Кунсулу Төребейқызы...Менің отбасым
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы "Асанәлі" балабақшасы Тәрбиешісі: Жолдаева Жанаргүл Ертілеуқызы...Ынтымағы жарасқан отбасы
Пән: Көркем әдебиет Сынып: МАД тобы Мерзімі: 16 – қараша Мұғалім: Жиенбаева Л.Ш....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.