Сайтқа кіру Тіркелу

Қыс қызығы

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Мақсаты: Сурет бойынша балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Балалардың сөздік қорын байыту. Бүлдіршіндердің қыс мезгілі, қысқы ойын туралы түсініктерін бекіте отырып, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту. Балаларды адам мен табиғат арасындағы қарым - қатынас арқылы еңбексүйгіштікке, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілі: Шаттық шеңбері, әңгіме, түсіндіру, көрсету, ғажайып сәт, сұрақ – жауап, ойын.
Көрнекілігі: Бейнелі суреттер, қар, аққала.
Іс - әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері.
Балалар ең алдымен бір - бірімізбен амандасып алайық.
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
- Жарайсыңдар!
Енді бәріміз татулық, достық туралы тақпақ айтып жіберейікші?
Біздің топта ұл - қыздар,
Тату - тәтті ойнаймыз.
Әлемдегі бар адамға,
Тек жақсылық ойлаймыз.
- Бәрекелді, балалар.

Балалар амандасу рәсімін жасайды.
Қолдарын ұстап сермеу, қолдарын жоғары созып жаю, қолдарын шапалақтау.
Ұйымдастырушылық ізденімпаздық - Балалар мен сендерге өлең оқып берейін, мұқият тыңдаңдар.
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезеңді торлайды.
Қарға омбығып, бет домбығып,
Сырғып жастар ойнайды.
Кейде ұлып, кейде ысқырып,
Ұйтқып боран соғады.
Айтыңдаршы, балалар,
Бұл қай кезде болады?

- Жарайсыңдар, балалар. қане, енді қыста болатын өзгерістерді айтайықшы?
Кім қыс туралы тақпақ айтып береді?
- Жарайсыңдар, балалар!
Балалар қыс мезгілінде күн салқындағанда біз үстімізге қандай киімдер киеміз?
- Бәрекелді, біз қалың киінбесек тоңып, ауырып қалуымыз мүмкін. Сондықтан жылы киінуіміз керек екен. Енді балалар, қыста қандай ойындар ойнайсыңдар?
Ал, енді суретпен жұмыс жасайық.
Суретпен жұмыс.
«Қыс» әңгімесі.
Қыс мезгілі. Даланы аппақ қар басты. Балалар аулады серуендеп жүр. Арман мен Айша аққала тұрғызып жатыр. Диас шаңғы теуіп жүр. Айшаның шанасы бар екен. Шанасы әдемі екен. Шанамен қарда сырғанаймыз. Балалар, қыс мезгілі суық болғанымен өте қызықты. Себебі, біз қармен ойнаймыз. Аққала соғамыз. Шанамен, шаңғымен сырғанаймыз. Балалармен жұмыс сурет бойынша әңгіме жүргізу.

- Жарайсыңдар, балалар, біз енді шаршап кеткен шығармыз. Бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті.
Ішік, пима, қолғап бар,
Арада жоқ тоңғақтар.
Баста қалың малақай,
Біз тоңбаймыз алақай.

Ғажайып сәт.
Музыка ойналып Аққала кіреді.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қыс мезгілінде даланы аппақ қар басады. Сол аппақ қардан жасаған Аққала мен боламын.
- Саламатсыз ба, Аққала! Біздің тобымызға қош келдің! Жаңа біз суретте бейнеленген аппақ аққала мұрны үшкір сәбіз, көзі көмір қара екен.
- Балалар мен сендерге бос келгенім жоқ, ойын әкелдім. Ойынның аты: «Қар жинау.» жақсы ойнаған балаларға сыйлығым бар. Балалармен ойын.
- Қане, енді біз аққалаға арнап ән айтайықшы?

«Аққала» әні
- Ой, балалар, сендерге көп рахмет, әндерің жақсы екен. Мен көп тұрсам еріп кетемін. Сондықтан, сендермен қоштасамын. Қош, сау болыңдар! Аққаламен қоштасу. Жарайсыңдар, балалар! Сонымен біз қыста немен ойнайды екенбіз?
Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.
Өлең тыңдау барысында балалар жыл мезгілін табады.

Қыста қар жауады, күн суытады.
Балалардың тақпақтары.
Қалпақ, тон, етік, қолғап.
Қардан аққала жасаймыз, шынымен сырғанап ойнаймыз.
Балалардың жауабымен әңгіме құралады.
Балалардың қимылы.
Қардан аққала жасап, шанамен сырғанап ойнаймыз.

Рефлексиялық
Өте тамаша, бүгін сендер жақсы жауап бердіңдер. Енді аққаланың сендерге берген сыйлығын берейін
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Қыс ерекшелігін білуі.
Игеруі керек: Сурет бойынша әңгімелей білуді үйрету.

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті, №2 "Айгөлек" балабақша әдіскері
Жалмагамбетова Кунасыл Исламовна
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×