Сайтқа кіру Тіркелу

Мен және менің құқығым

Тақырыбы: «Мен және менің құқығым»
Мақсаты: Балалардың құқықтық білімдерін жетілдіру; құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру; ой - өрісін дамыту, адам құқығы туралы Конвенция шарттарын меңгерту; белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, есте сақтау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорын молайту; балалардың бойына құқықтық, патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру.
Көрнекіліктер: нақыл сөздер, суреттер, слайд.
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Жылулық шеңбері
Кел, балалар, күлейік
Көңілді болып жүрейік
Күлкі көңіл ашады
Күліп өмір сүрейік!

Іздену ұйымдастырушы
Күтілетін нәтиже:
Қайырлы күн балалар, сабағымыздың қонақтары! Бүгін бізде ерекше тақырып балалардың құқығына және міндеттеріне арналады. Іс - әрекетімізді бастамай тұрып мынадай бірнеше сұрақтарға жауап берейік.
● Біз қандай планетада өмір сүреміз?
● Жер неге ұқсайды? Бұл не?
● Глобусқа қараңдаршы қаншама мемлекеттер мен елдер орналасқан? Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
● Біздің елде тұратын адамдарды қалай атайды?
Қазақстан – өте бай, әдемі, көп ұлтты, ірі мемлекеттердің бірі. Қазақстанның астанасы қай қалада орналасқан? Мемлекетіміздің ең басты байлығы – оның халқы. Қоғамның басты байлығы – адам. Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет. Сондай - ақ заң адамға міндеттер жүктейді. Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар - намысына қол сұқпауы керек. Адам түрлі жағдайда өмір сүреді: отбасында, жұмыста, мектепте, көпшілік жерде. Адамның қоғам мен мемлекет алдындағы міндеті: мемлекетті қорғау, салық төлеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу

Қазақстанда барлық ұлт өкілдері татулықта, достықта өмір сүреді. Әр мемлекетте Бала құқығы туралы конвенция қабылданған. Құқық деген не? (Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы)
Конвенция дегеніміз ол - бала құқығы туралы келісім шарт. Бала құқығы туралы Конвенцияға Қазақстан Президенті қай жылы қол қойды?
(1995 ж. Нью-Йорк қаласында156 - мемлекет болып қол қойды). Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданды?
(2002 жылы 8 - тамызда). Баланың құқығы туралы заң неше тарау, неше баптан тұрады?(10 тарау, 53 баптан).
Заң бойынша бала деп кімді атайды?(18 жасқа толмаған адам).

Батыс Қазақстан облысы,
Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы,
МҚҚК «Бөбек» балабақша тәрбиешісі
Китарова Ремзия Динибайқызы

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×