Мақсаты: Балаларға күздің ерекшеліктері туралы түсінік беру, әңгімелеу. Сөздерді дұрыс, анық айтуға жаттықтыру. Табиғатты қорғауға, оның әсемдігін, әдемілігін сезіне білуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар: шынайы алма, апельсин, банан, картоп. Жемістер мен көкөністердің муляждары, ағаш.
Ұйымдастыру кезеңі: Балалар бүгін ерекше күн. Олай болса келген қонақтармен амандасып алайық.
Салематсыздар ма апайлар! Балалар шеңбер болып тұрады.
Амансың ба алтын күн,
Амансың ба туған жер
Амансыздар ма апайлар.
Күз мезгілі туралы әңгімелесеміз.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі
- Күз мезгілінде жапырақтар қайтеді?
- Жерге түседі
- Күз мезгілінде күн қандай болады?
- Суық, салқын болады
- Күзде не піседі?
- Жемістер мен көкөністер
- Жемістерді атап беріңдерші
- с
- Балалар көкөністерді атап беріңдерші
- Қияр, орамжапырақ, қызанақ, пияз, картоп, сәбіз, қауын, қарбыз
- Жемістер мен көкөністер, күз туралы кім таппақ біледі?
- Сабина, Әділ, Әдемі, Алтынбек.
- Балалар жемістер мен көкөністер бағына саяхатқа барайық.
Біздің баратын жеріміз ұзақ жерде, сол себепті біз поезға мініп барамыз. Балалар қатарға тұрып, поезд болып жүреді.
Қатар - қатар тұрайық
Поезды біз құрайық
Дөңгелегі тарсылдап
Баққа қарай барайық
Балалар баққа да келіп жеттік, ұзақ жол жүрдік дем алайық.
- Балалар қараңдаршы айналада не өсіп тұр?
- Ағаштар
- Ағаштарда не өсіп тұр?
- Жемістер
- Қандай жемістер өсіп тұр?
- Алма, алмұрт, апельсин
- Жарайсыңдар балалар жемістерді біледі екенсіңдер
- Балалар жемістерді жинап алайық
Балалар жемістерді жинап бола берген кезде
Тосын сәт
/Терекке картопты тосынан іле қояды/
- Балалар жемістердің арасында өсіп тұрған не?
- Картоп
- Картоп жеміс пе?
- Жоқ
- Картоп қайда өседі?
- Жерде өседі
Дұрыс айтасыңдар балаларды мақтау.
Бақшаға келеді
- Бақшада қандай көкөністер?
- Сәбіз, картоп, пияз
- Алманы тауып алу
- Ой балалар көкөністер арасында, алма бұл арада неғып жатыр?
- Балалар алма қайда өседі?
- Ағашта
- Дұрыс айтасыңдар балалар ағашта өседі
Балаларға картоп қайда өсіп тұрғанын көрсетіп түсіндіру.
Балалар поездға отырып, топқа оралайық.
«Не қайда өседі?» ұсақ қол моторикасын дамытушы ойындары
- aigul1974
- 9 қыркүйек 2014
- 17404
- 0
- 0
Ілмек сөздер: көкөністер туралы, күз жайлы
Ұқсас жаңалықтар:
"Жеміс-жидектер"
Мақсаты: Жаңа сөздерді меңгерте отырып, жеміс - жидектерді атай білуге дағдыландыру. Көкөністер мен жемістерді бір - бірінен ажырата білуге үйрету....Жемістер
Мақсаты: Жемістер туралы түсініктерін кеңейту. Жеміс пен көкөністің айырмашылығын білу. Коммуникативтік дағдыларын дамыту. Жемістерді атау барысында...Көкөністер мен жемістерді сипаттау
Рудный қалалық әкімдігінің №18 орта мектебі КММ Досымбетова Гүлсім Тұрдыбекқызы...Жемістер
Гүлді өсімдіктер жемістері Шырынды жемістер Жидек – қызанақ, қарлыған, алқа, жүзім, қарақат, картоп Жидек тәрізді – Мандарин, апельсин, лимон Сүйекті...Жемістер мен көкөністер
Мақсаты: Білімділік:Жемістер мен көкөністердің атауларын дұрыс атай және ажырата алуға баулу. Тәрбиелік: Балалардың жеміс ағаштарын...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.