Тіл дамыту
Тақырыбы: «Қысқы ойын
І кіші топ
I Кіші тобында ұйымдастырылған оқу - іс әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық», «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Қысқы ойын» сурет бойынша әңгіме
Пән аралық байланыс: Тіл дамыту, құрастыру, көркем әдебиет, ән
Мақсаты:
Сурет бойынша балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Балалардың сөздік қорын байыту, тәрбиешіні тыңдай отырып өздігінен байланыстыра жауап беруге жетелеу. Балалардың саусақ маторикасын дамыту.
Балалардың қыс, қысқы ойын туралы түсініктерін бекіте отырып, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сабаққа, ойынға деген қызығушылығын арттыру, Әңгімелеу кезінде, өздерінің ұнаған көркем бейнелі сөздерді тауып айтуға жаттықтыру. Балаларды адам мен табиғат арасындағы қарым - қатынас арқылы еңбексүйгіштікке, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Қолданылатын құрал - жабдықтар: Бейнелі суреттер, сиқырлы қар, аққала, ақша бұлттар, қарлар.
Әдіс - тәсілі: Шаттық шеңбері, сұхбат, әңгіме, түсіндіру, көрсету, ғажайып сәт, сұрақ - жауап, ойын.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Іздену - ұйымдастырушы
Рефлексивті коорекциялаушы
1. Шаттық шеңбері:
2. Үлкенге де «сіз»
Кішіге де «сіз»
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз біз.
Қыс туралы өлең оқылады.
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып
Сырғып жастар ойнайды.
Кейде ұлып, кейде ысқырып,
Ұйытқып боран соғады.
Айтыңдаршы балалар,
Бұл қай кезде болады?
3. Қыста болатын өзгерістер туралы сұрақ қою.
4. Қыс туралы білетін тақпақтары сұралады.
5. Жұмбақ жасыру
Қыста ғана болады
Ұстасаң қолың тоңады.
Ол не екен?
6. Қыста киетін киімдері туралы сұрау
7. Сергіту сәті:
Ішік, пима, қолғап бар
Арада жоқ тоңғақтар
Баста қалың малақай
Біз тоңбаймыз алақай.
8. Қыста қандай ойындар ойнайсыңдар?
9. Суретпен жұмыс.
10.«Қыс» әңгімесі
Қыс мезгілі келді. Даланы аппақ қар басты. Балалар балабақша ауласына серуенге шықты. Байбол мен Жансая аққала тұрғызды. Лига мен Ержан шанамен сырғанады. Серуен көңілді өтті.
11. Жұмбақ жасыру
Зулап түсіп төменге
Шықпас менсіз төбеге
12. Музыка ойналып сиқырлы қар кіреді.
Тәрбиеші: Ой, балалар, қараңдаршы ертегілер әлемінен бізге сиқырлы қар келді. Қар қандай әдемі, аппақ.
Қармен біраз әңгіме - дүкен құрылады.
Қар сөзі: Менің жиынтығымнан
әдемі аққала құрастырсаңдар, сендерге берер сыйлығым мол.
Тәрбиеші: Балалар, біз аққала құрастыра аламыз ба, қардың өтінішін орындайық.
13. Қар: Ой, балалар, өте әдемі аққала тұрғыздыңдар, рахмет. Әкелген сыйлығымды апайларыңа берейін.
14. Тәрбиеші: Қандай тамаша аққала. Қане барлығымыз аққалаға арнап ән айтайықшы.
Аула сырты, бақта да
Тұрғызамыз аққала
Аққаланы айнала
Ойнаймыз біз шаттана
Аққала, аққала
Сені жасап мақтанам
Қорғауменен жүреміз
Бұздырмастан басқаға
15. Сұрақ - жауаптар:
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, сонымен біз қыста немен ойнайды екенбіз?
16.
Тәрбиеші: Өте тамаша, бүгін сендер жақсы жауап бердіңдер. Енді сиқырлы қардың сендерге берген базарлығын алайық.
Шеңбер бойында тұру.
Қолды алға созу.
Қолды кеудесіне қою.
Басын төмен ию
Балалар өлеңді мұқият тыңдай білді.
Өлең тыңдау барысында балалар жыл мезгілін таба білді.
Қыста қар жауады, күн суытады.
Балалардың тақпақтары.
Жұмбақ шешуін балалар таба білді.
Қалпақ, тон, қолғап, етік.
Қолмен көрсетеді.
Басын ұстайды.
Қолын шапалақтайды.
Қардан аққала жасаймыз. Шанамен сырғанап ойнаймыз.
Балалардың жауабымен әңгіме құралады.
Сиқырлы қарды балалар қуанышпен қарсы алды.
Сиқырлы қардың өтінішін орындау
Қардан аққала жасап, шанамен сырғанап ойнаймыз.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Қыс мезгілінің ерекшелігін білу.
Игеру керек: Қардан аққала құрастыра білу.
Үйрену керек: Сурет бойынша әңгімелей білуді үйрену.
Қысқы ойын
- rabiga.karimsakova
- 28 тамыз 2014
- 46805
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Балаларды адам мен табиғат арасындағы қарым - қатынас арқылы еңбексүйгіштікке, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу
Ұқсас жаңалықтар:
Жапалақтап жауған қар
Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту. Қысқы табиғат көрінісі, қысқы ойын түрлерін атау....Қыс қызығы
Мақсаты: Сурет бойынша балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Балалардың сөздік қорын байыту. Бүлдіршіндердің қыс мезгілі, қысқы ойын...Аққала бізде қонақта
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы "Жұлдыз" балабақша тәрбиешісі: Искакова Кунсулу Төребейқызы...Қысқы табиғат аясында
Алматы қаласы №118 бала-бақша Тәрбиеші:Түсіпбекова Толқын Қуанқызы...Қысқы табиғат
Тәрбиеші: Интыбекова Ж. А....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.