Сайтқа кіру Тіркелу

Ринолалик баламен жүргізілетін түзету жұмыстары

Л. С. Выготский: «Бала бойындағы кемістігін толықтырудың екі түрлі ерекшелігі бар екенін айтты, оның бірі - бала психикасының даму шамасына орай тәрбие талаптары, екіншісі – кемістігін қалпына келтірудегі өз бойындағы ерекшеліктері мен мүмкіндіктері» деп атап көрсетті.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар дегеніміз - белгілі бір қамқорлықты қажет ететін немесе өз бетінше өмір сүруден қабілетсіз, дегенмен оларға арнайы жағдай жасалған кезде жартылай еңбекке қабілетті болып келетін және әлеуметтік бейімделе алатын жандар.

Туа біткен ерін және таңдай жарықшаларының салдарынан болған ринолалия медицина және логопедия үшін маңызды проблемалардың бірі болып табылады. Кемістіктің пайда болуына ұрықтың дамуының ерте кезінде генетикалық факторлардың ықпалы және экзогендік зияндылық, биологиялық факторлар (әйелдің жүктілік кезіндегі қызамық, вирусты гепатит, гриптің күрделі түрі), химиялық факторлардың ықпалы (улы химикаттар, қышқылдар, анасының жүктілік кезіндегі қабылдаған у және емдік дәрі – дәрмек әсері), психогендік факторлар: шошу, әйелдің жүктілік кезіндегі стресстік күйі, ықпал етеді.

Ринолалия баламен жүргізілетін логопедиялық жұмыстың мақсаты – қалыпты сөйлеуін дамытудың негізін қалыптастыру. Жұтқыншақ бұлшықеттерін қатайту, дыбыстарды дұрыс айтуын, ауыз қуысында тілдің алға қарай орнығуын, фонемаларды естіп қабылдауын жетілдіру. Алдымен дыбысты дыбыстарды асықпай созып, орташа дауыспен ашық артикуляциямен айтады.
Ринолалиясы бар балалармен жұмыс кезіндегі басты шарт – сөйлеу аппаратының сау бөліктерін (төменгі және ортаңғы бөлімдерін) белсенділеу болып табылады. Ашық ринолалиясы бар баламен жүргізілетін жеке лого сабақтың құрылымы.

Сабақтың тақырыбы: "Т" дыбысын буында, сөзде, сөйлемде бекіту.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: "т" дыбысының артикуляциялық кескінін түсіндіре отырып, дұрыс айта және сөз ішінде ажырата білуге үйрету. Фонематикалық есту қабілетін дамыту.
ә) түзетушілік: арнайы жаттығулар арқылы тілдің ауыз қуысына дұрыс орналасуын, тілдің ұрт пен еріннің бұлшықеттерін жетілдіріп, ауаны ауыз арқылы шығаруға үйрету. Иық, мойын, бет, жақ, ерін, тіл бұлшық етін босаңсытуға арналған жаттығулар жасау.
б) тәрбиелілік: үй құстарына қамқор болуға тәрбиелеу. Ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, үнтаспа, дэльфа тренажері
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психо жаттығу.
Үлкенге сіз
Кішіге де сіз.
Құрметпен біз
Бас иеміз сіздерге.
Жоғары қарап, күн көрдім.
Төмен қарап, жер көрдім.
Егеменді ел көрдім.
2. Таңдай мен ерінге арнайы массаж.

Үстіңгі ерінге арналған сылап, уқалау жұмысының түрлері.
А) «Ұзына бойы сипалау»- екі қолдың сұқ саусағымен мұрыннан екі езуге қарай уқалау(10секунд)
Ә) «Доғалатып және ирелектендіріп сылау»- екі қолдың сұқ саусағымен мұрын мен еріннің айналасын дөңгелектеп, ирелектендіріп жұмыс жасау.
Б) «Қарама - қарсы сипау»- оң қолдың сұқ саусағымен үстіңгі еріннен мұрынға қарай жоғары төмен бағытта сипау.
В) «Үзбей дірілдету» - сұқ саусақтың көмегімен үздіксіз дірілдете отырып, мұрыннан еріннің шет жақ беткейіне уқалау.
Ұрт, бет, жақ аймақтарына арналған сылап - сипау.
А) «Саусақ себеледі»- екі және төрт саусақтың ұшымен бетімізге саусақ себелегін жасау.
Ә) Екі қолды жұдырық етіп, ұртты айналдыра сипалау.
3. Тыныс алу жаттығулары. ( Дельфа - 142 тренажеры бойынша )
4. Тілге арналған жаттығу.
"Тәтті тосап" - тілдің ұшымен үстіңгі және астыңғы ерінді жалау,
"Сылақшы"- тілдің ұшымен таңдайды әрлі - берлі сылау.
"Тілді тазалау"- тілдің ұшымен үстіңгі ( ішкі және сыртқы), астыңғы тісті (ішкі және сыртқы) тазалау.
"Кеме"- ауызды кең ашып, тілдің ұшын үстіңгі астына қою.
"Т" - дыбысының артикуляциясын балаға көрсету.
Буын жаттығуы.
та - та - та парта
та - та - та балта
те - те - те терезе
та - та - та мақта
ти - ти - ти тиін
ты - ты - ты жел соқты

Сөзде: тарақ, тары, тышқан, тауық, әтеш, трактор, телефон

5. Суретпен жұмыс.
Үй құстарын атау: тауық, әтеш, күркетауық, балапан, қаз, үйрек.
Үй құстарының балапандарын тауып, орналастыру.

6. Сергіту сәті.
«Балапан» биі (ырғақпен балапан қимылын көрсету)
Әуен ырғағымен бала балапанның дәнді шоқу сәтін қимылмен көрсету.
7. Фонематикалық есту қабілетін дамытуға арналған ойын: "Не қалай дыбыстайды?"
Үнтаспадан дыбыстар жіберіледі. Бала дыбыстың атауын тауып, айтады.
8. Ұсақ моторикасына жұмыс.
Құм бетіне үй құстарының ізін салу.
Саусақпен әтештің қимылын жасап көрсету.
Әдемі әтеш
таң атпай тұрыпты,
Ойқастап жүріпті
жан - жаққа қарапты
Айдарын тарапты.

Қорытынды.
"Т" дыбысы бар суреттер көрсетіледі, бала суреттің атауын атайды.
Тауық, әтеш, тарақ, трактор, тіс пастасы, түлкі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
З дыбысын машықтандыру

З дыбысын машықтандыру

Міндеттері: Білімділік: дыбыстың дұрыс артикуляциясын бекіту, З дыбысын буында, сөзде, сөз тіркесінде дұрыс айту дағдыларын бекіту. Түзетушілік –...
Р дыбысын қою

Р дыбысын қою

Мақсаты: Дыбыстардың дұрыс айтылуын қалыптастыру; фонематикалық есту қабілетін жетілдіру; дыбыстарды буында, сөзде, сөйлемде ажырата білуге үйрету;...
Л дыбысын қою

Л дыбысын қою

Қостанай қаласы, Затобол ауылы ҚМҚК «Петушок» балалар бақшасының логопед мұғалімі Валеева Ғалия Сағынбайқызы...
Ринолалия балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері

Ринолалия балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері

№20" Алтын балық"мүмкіншіліктері шектелген балалар арналған балабақшасының логопеды Гаухар Дайрабаева Тлековна...
Баланың сөйлеу тілін дамытуда ертегінің маңызы

Баланың сөйлеу тілін дамытуда ертегінің маңызы

Уақытылы дұрыс, таза сөйлеуді меңгеру - толыққанды тұлға ретінде қалыптасуда маңызды мәнге ие. Тілдік қабілеті жақсы дамыған адам қоғамдық қатынасқа...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×