Сайтқа кіру Тіркелу

Ұлттық өнер-ғажайып жіптер

Мақсаты: Балаларға жіптер туралы түсінік беру, түстерді дұрыс таңдап, үйлесімділікті құра білуге үйрету. Қазақтың ұлттық құндылықтарын бағалай білуге, мақтан тұтуға, құрметтеуге тәрбиелеу. Әр түрлі жіптің түстерінің әдемі үйлесімділігін білуге үйрету.
Білімділік: Киіз үй, оның ішіндегі жабдықтары туралы айтып балалардың ой өрісін, тілін дамыту.
Дамытушылық: Басқұр туралы әңгімелеу, оның ерекшеліктерімен таныстыру. Балалардың қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту, қол өнеріне баулу. Олардың шығармашылық қабілетін дамыту. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Өнерге деген қызығушылықтарын арттыру. Өнерлі болуға тәрбиелеу.
Сабақ барысы: Балалар залға көңілді музыка әуенімен кіреді.
Тәрбиеші: Балалар, сендердің көңіл күйлерің қалай?
Балалар: Жақсы.
Тәрбиеші: Балалар, сендер жазда демалуға қайда барасыңдар?
Балалар: Жазда біз ауылға әже атамыздың үйіне барамыз.
Тәрбиеші: Ата әжелеріңді жақсы көресіңдер ме?
Балалар: Жақсы көреміз
Тәрбиеші: Балалар, ендеше біз бір сәтке көзімізді жұмып
ауылды елестетейікші.
«Ауылға жол» релаксация жұмысы
Көзімізді жұмайық, терең дем алып, еркін тыныстанайық. Біз көлікпен үлкен жолдың бойымен ауылға ата әжеміздің үйіне келе жатырмыз. Жолдың екі жағы жап жасыл шөпке, қызыл жасылды гүлге толы. Қандай әсем табиғат. Ағаштары жайқалып түр. Жердің бәрінде қызғалдақ гүлі. Қызғалдақтың түсі қызыл, сары. Кілем сияқты құлпырып түр. Құлағымызға бұлақтың сылдырап аққан судың дауысы келеді. Бұлбүл құстардың сайраған әні құлағыңа естіледі. Міне, алыстан әже атамыздың үйі де көрінді. Біз әже атамыздың үйіне жақындадық. Терең дем алып көзімізді ашайық.
(Киіз үйдің алдында Қожанасыр тұрады.)
Қожанасыр: Ой, балалар, саламатсыңдар ма! Сендерді
Кездестіргеніме өте қуаныштымын, сендер мені таныдыңдар ма? Мен Қожанасырмын.
Тәрбиеші: Не болды, Қожеке, не істеп жүрсін мұнда?
Қожанасыр: Еее, байекеңнің ауылында үлкен той болады екен, соған не сыйлық апарарымды білмей жүрмін?
Онда көптеген киіз үйлер тігіліп, ойындар ойнатылады. Ал сыйлықтан басқа байекеңнің тапсыр
малары бар екен.
Тәрбиеші: Қожеке, уайымдамаңыз, біздің балалар сізге көмектеседі. Балалар, көмектесеміз ба?
Балалар: Көмектесейік!
Қожанасыр: Рахмет, балалар, ендеше байекеңнің тапсырмасын оқиын:»Киіз үй туралы не білесіңдер»?
Тоғжан: Киіз үй сонау ежелгі заманнан бері көшпелі халықтардың баспанасы болып келген. Оның арғы тегі арба үстіне орнатылған күйме үй. Киіз үй біріншіден көшіп қонғанда қолайлы баспана. Оны тез бұзуға да, шапшаң тігуге де болады. Киіз үйдің әбзелдері: шаңырақ, кереге, уық, есік. Ішкі құрылысына қарай ағаш үй деп айтамыз. Сыртқы жабуына қарай киіз үй дейміз.(Суретті көрсетеді.)
Қожанасыр: Жарайсыңдар, ал киіз үйдің іші немен жабдықталған Айару: Киіз үйдің ішінде түрлі түсті жібектер мен кестелен ген түс киіз, оюлы сырмақ, текемет, кілемдермен қатар ерекше көзге түсетін басқа да жабдықтар бар. Олар өрнектеліп тоқылған басқұр мен баулар. Басқұр жасалуына байланысты» ақ басқұр» және «ала басқұр» деп екі түрге бөлінеді. Екеуінің де тоқылу мәнері өрнек әдісімен жасалады. (Суретті көрсетеді.)
Бағдәулет: Басқұр тоқыма өнерінің бір түрі, тоқыма өнері халқымызда ежелден келе жатқан және алғашқы киім мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер. Басқұр керегелердің басымен үйді айналдыра сәндікке ұсталатын бояулы жіптен тоқылатын өрнекті жалпақ құр.(Суретті көрсетеді.)
Қожанасыр: Ой, балалар, рахмет! Өздерің білімді екенсіңдер! 1 - ші тапсырманы орындауға көмектестіңдер. Ал, енді2 - ші тапсырманы оқиын. Мына геометриялық пішіндерден басқұр оюын жасап беріңдер.
(Балалар геометриялық пішіндерден оюды жасайды.)
Қожанасыр: Енді мына жұмбақты шешіп көріңдерші?
Шыр көбелек айналар
Беліне жіп байланар.
(Балалар ұршық екенін айтады.)
- Ал ұршық не үшін керек? Ол байекеңнің 3 - ші тапсырмасы.
Әлия: Ұршықты шыр айналдырған кезде, жіп ширатылады. Жіпті жүннен иіреді. Жүнді біз қойдан, ешкіден, түйеден аламыз.
Ешкіден алынған майда жүнді түбіт деп атаймыз. Келе – келе адамзат түйкелетін және иіретін құралды ойлап тапты.
Қазіргі заманымызда иіруді заманауи механикасымен жасайды. Жіптердің өзі түр - түрге бөлінеді. Олар тігін тігетін, кесте тігетін, жібек жіптер, алаша кілем тоқитын жіптер. (Жіптердің түрін көрсетеді.)
Ал жіптерден әр түрлі бұйымдар, тігістер, ойыншықтар жасауға болады.
(Жіптерден жасалған жұмыстарды көрсетеді.)
Қожанасыр: Ой, рахмет, балалар! Сендер тағы да байекеңнің тапсырмасын орындадыңдар!
Тәрбиеші: Қожеке, енді сіз біздің балалардың өнерін де көріңіз.
(Үстел қасына келген кезде жіптер шашылып жатады.)
Тәрбиеші: - Ой, балалар, мына жіптер шашылып жатыр ғой, қанекей «Кім жылдам» ойынын ойнап, жіптерді жинап алайықшы.
(балалар жіптерді жинай бастайды.)
- Қожеке, көрдіңіз бе біздің балалар қандай шапшаң. Енді, балалар осы жіптерден алаша
тоқып берсін.
(Балалар жұмыстарын жасайды.)
Балалар сендер жұмыстарыңды жасап тұрып, мақал - мәтелдеріңді айтып бересіңдер ме?
Тоғжан: Көз қорқақ, қол батыр.
Өнер көзі халықта.
Мадияр: Ата көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер.
Ардақ: Кестенің сыры түрінде, кілемнің сыры түгінде.
Санжар: Өнерлі өрге жүзеді.
Өнерлі бала сүйкімді.
Айжан: Қыз еркем кестесімен көркем.
Шебердің қолы көпке ортақ.
Арда: Өнерлінің өрісі ұзақ.
Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.
Қожанасыр: Ой, балалар қандай керемет! Өздерің білімді екенсіңдер және де маған сендердің мына жұмыстарыңда қатты ұнап тұр. Осы алашаларыңды сыйлық ретінде байекеңе апарсам
қайтеді, келісесіңдер ме?
Балалар келіседі.
Қожанасыр: Рахмет, балалар! Байекеңе өте әдемі сыйлық апаратын болдым. Енді менің де тойға баратын уақытым келді. Қош сау болыңдар! (Шығып кетеді.)
Тәрбиеші: Балалар сендерге байдың тапсырмалары қиындыққа соқты ма?
Балалар: Жооқ, қиын болған жоқ.
Тәрбиеші: Онда қандай тапсырмалар болды?
(Балалардың жауаптары тыңдалады.)
- Рахмет, балалар, өте тамаша! Ал, енді біздің де топқа кететін уақытымыз болды. Бізде
қонақтармен қоштасайық.
(Балалар қоштасып шығып кетеді.)
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Өрнек әжеге қонаққа барамыз

Өрнек әжеге қонаққа барамыз

Қол таңбасын әжемнің анық көріп, Бұл кестенің сырына қанық болып, Өнерімен өзгелерді тамсандырған Қошқармүйіз өрнегін салып беріп....
Киіз үйдегі әжеге қонаққа бару

Киіз үйдегі әжеге қонаққа бару

Мақсаты: Қазақтың үйі - киіз үймен таныстыруды жалғастыру. Қазір адамдар әртүрлі үйлерде тұратынын, ал ата - бабаларымыз ыңғайлы, жиналмалы, жылы,...
Мамандықтың барі жақсы

Мамандықтың барі жақсы

Мақсаты: әр мамандық иесі туралы, олардың пайдаланатын құралдары туралы түсініктерін қалыптастыру. Мамандық атаулары туралы мағлұмат бере отырып,...
Пішіндер бізде қонақта

Пішіндер бізде қонақта

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы "Жұлдыз" балабақша тәрбиешісі: Тажібаева Клара Шайханқызы...
Бояулар патшалығына саяхат

Бояулар патшалығына саяхат

Бөлімдері:»Бейнелеу өнері» Мақсаты: Жыл бойына алған білімдерін бекіте отырып, бояулар жайлы түсініктерін кеңейтіп, түстерді анықтауды меңгерту....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×