Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Жасы: «2 - 3» Бірінші кіші «Балдаурен» тобы
Тақырыбы: Түлкіде қонақта
Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық»
Кіші сала: Сенсорика, Мүсіндеу
Мақсаты: Балаларды әртүрлі түстер бойынша заттарды топтастыруға әртүрлі пішіннен заттарды құрастыруға, тұздық қамырды алақан арасында домалақтау, жалпақтау дағдыларын қалыптастыру, балалардың қызығушылығын арттыру, тапсырмаларды соңына дейін аяқтау тәрбиелеу.
Алдын – ала жұмыс және оқу іс - әрекетіне дайындық: пішіндерді, түстерді ажырату және жұмбақты шешу.
Сөздік жұмыс: ілгіш, моншақ, печенье
Дидактикалық құралдар: Пішіндер, түстер, ілгіштер, ормалдар
Блингвистикалық компонеті: түлкі - лиса, моншақ - бусы, қысқыш - пришепка, орамал - платочек.
І – кезең Мотвациялық қозғаушы
Түлкі есік қағып топқа кіреді.
Түлкі балалармен амандасады.
Түлкі орманға өз үйіне баруға ұсынады.
Балалар:
Балалар есік қаққанға қызығушылық танытады.
Балалар түлкімен амандасады.
Орманға баруға келіседі.
ІІ - кезең
Проблемалық ізденушілік
Балаларға түлкі моншағын жинауға шақырады.
Балалар мен моншағымды судың ішіне шашып алдым, сол моншақтарды осы сүзгіш арқылы жинауға көмектесіңдерші.
Балалар:
Әрине көмектесеміз.
Балалар моншақты жинауға белсене кіріседі.
Моншақты балалар судан сүзіп алып, түс – түстеріне орамалға суын сүртіп, сол орамалды қысқыштың түсіне сай іледі.
Моншақты Түлкіге сыйлайды.
Тәрбиеші:
Балаларға геометриялық пішіндерді ұнтақтан қолымен іздеп тауып алуға ұсынамын.
Балалар:
Балалар ұнақтың (манное каша) ішінен геометриялық пішіндерді қолдарымен іздеп тауып алып, тауып алған пішіндердің пішінін, түсін атап үйшікті, құрастырады.
Тәрбиеші:
Сергіту сәтін ұсынады.
Сергіту сәті:
Балалар:
Балалар көтеріңкі көңіл – күймен сергіту сәтін жасайды.
Аяғымыз топ - топ
Ал қолменен хлоп, хлоп, хлоп
Бір оңға, бір солға
Айналайық кел мұнда
Секіремін жоғары
Қиын емес секіру
Бір оңға, бір солға
Айналайық кел мұнда
Тәрбиеші:
Печенье жасауға шақырады.
Тұздық қамырды илейміз, алақанға салып, домалақтаймыз, жалпақтаймыз, оқтауды алып жаямызда, әртүрлі пішіндермен кесеміз.
Балалар:
Балалар печенье жасауға кіріседі.
Балалар тұздық қамырды алады, илейді, алақанға салады, домалақтайды, жалпақтайды, оқтауды алып жаяды және әртүрлі пішіндермен кеседі.
Істеген печеньелерін Түлкіге апарып береді
ІІІ - кезең
Рефлекстік түзетуші
Тәрбиеші:
Балалар бүгін біз нелер жасап бердік
Балалар:
Печенье, моншақ, үйшік, орамалдарды ілгішке ілдік.
Мадақтау. (смайлкпен сорғыш кәмпит бердім)
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: Әр түрлі пішіндерден заттар құрастыруды.
Түсінеді: Геометриялық пішіндер, түстер туралы түсінік.
Қолданады: Пішіндерді ажырата алуды, түстерді атап топтастыруды.
Түлкіде қонақта
- tileujan_meden
- 17 сәуір 2014
- 27146
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Түлкіде қонақта, моншақ, қысқыш, орамал, мүсіндеу балабақша
Ұқсас жаңалықтар:

Түрлі-түсті моншақтарды тізбектеу
Мақсаты: 1. Білімділік: Ойындар арқылы балалардың білім және білік дағдыларын қалыптастыру. Моншақтарды сыртқы белгілеріне қарай ажыратуға үйрету....
Ұқсасын тап
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, «Жұлдыз» балабақшасы І – ші кіші топ тәрбиешісі: Матчанова Г. Ғ...
Түрлі-түсті дөңгелектер
Жасы: «2 - 3» Бірінші кіші «Балдәурен» тобы Тақырыбы: Түрлі - түсті дөңгелектер Білім беру саласы: «Таным» Кіші сала: Сенсорика....
Геометриялық пішіндерге арналған дидактикалық ойындар
Алматы облысы, Райымбек ауданы Сарыжаз орта мектебі Шағын орталықтың аға тәрбиешісі Орманова Құралай Халелқызы...
Геометриялық пішіндер еліне саяхат
Солтүстік Қазақстан обылысы, Есіл ауданы Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебінің мектеп алды сынып тәрбиешісі Әсімжан...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.