Ұйымдастырылған ашық оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Әжеме қонаққа барғанда»
Мақсаты: Балаларды ауылдың тұрмысымен таныстырып, үй жануарлары
туралы түсініктерін кеңейту. Дидактикалық ойындар арқылы танымдық, ойлау қабілеттерін және әлеуметтік құзіреттіліктерін дамыту. Сөздік қорын молайту, тілдің белсенділік қызметін арттыру. Есте сақтау, қабылдау, ойлау, кеңістікті бағдарлауын дамыту.
Көрнекіліктер: Үй жануарларының суреттері, дидактикалық құрал «Сиқырлы қалам».
Билингвалды компонент: Үй жануарлары - домашние животные
Шаттық шеңбері:
Қайырлы таң, балалар! Біз әдепті баламыз
Айтқан тілді аламыз
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Бас иеміз біз
Ұйымдастырушылық
ізденушілік - Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?
- Күзде табиғатта қандай өзгешіліктер болады?
- Балалар, қараңдаршы, бүгін ауа райы қандай керемет! Олай болса, сендерді әжеміздің ауылына қонаққа апарамын.
Қонаққа барғыларың келе ме?
- Олай болса кеттік.
(Музыка ойнайды. Тәрбиеші балаларды жайлауға ертіп келеді. Олар жолда төрт - түлікті көреді. Әжемен амандасады)
Әже: - Айналайындар, келдіңдер ме, құлындарым, ботақандарым, кішкентай аппақ қозыларым!
- Иә, балалар сізді сағынып қалыпты біз
жайлаудағы төрт - түлікпен танысуға келдік.
- Балалар, мынау - жылқы. Жылқы ер қанаты. Ол сезімтал, талғампаз жануар. Балалар, жылқының төлін қалай атайды? Жылқыға мініп көрдіңдер ме?
Мынау - түйе. Түйе төрт түліктің төресі, жүні киім. Түйе таптырмас көлік, ол шөлге шыдамды. Түйенің сүті қалай аталады?
Мынау - қой. Ол ұсақ малға жатады. Төрт түліктің момыны. Қойдың еті, сүті, майы пайдалы. Жүнінен кигіз басады, киім - кешек, алаша, кілем тоқиды.
Балалар, қойдың төлі қалай аталады?
Ал мынау - сиыр. Ірі қара малына жатады. Сиырдың еті, сүті пайдалы. Сүтінен қаймақ, құрт, ірімшік жасайды. Балалар, сиыр төлі қалай аталады?
Мынау - ешкі. Ол уақ малға жатады. Оның мінезі жеңіл, ұшқалақ. Тастан тасқа секіріп тыным таппайды. Оның сүті, түбіті пайдалы. Балалар, ешкі төлі қалай аталады?
- Балалар, әжемізге төрт түлік мал туралы тақпақ айтып берейік.
Жарайсыңдар, балалар, енді ойын ойнайық.
Дидактикалық ойын: «Дауысынан таны»
Сергіту сәті:
Шөре - шөре лағым
Тентек болма шырағым!
Секектеме, деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
Балалар, әжемізге ән айтып берейік
Балалар, төрт түлік жайында қандай теңеу, мақал - мәтелдер білесіңдер?
Төрт түлікке байланысты қандай санамақ білесіңдер?
Күз мезгілі
- Күн суыта бастайды.
- Жапырақтар сарғайып жерге түседі.
- Жаңбыр жиі жауады.
- Құстар жылы жаққа ұшады.
- Иә. Барғымыз келеді!
- Апамызды сағындық.
- Сәлеметсіз бе, әже!
Балалар, төрт түліктің төлдері қалай аталады?
- Құлын.
- Иә, мініп көрдік.
- Шұбат.
- Қозы, қошақан.
- Бұзау.
- Лақ.
Тақпақтар айтады:
1. Рамазан
Мынау тұрған лақ
Салпаңдаған құлақ
Су ішетін жері
Сылдыраған бұлақ.
2. Қарлығаш
Момақаным, маймағым
Келмейді әлі ойнағың
Қалтырайсың үйде де,
Қошақаным қайда әлің?
3. Алнұр
Екі көзің мөлдіреп,
Кекіл шашың желбіреп.
Енең жүрген далаға
Көп қарайсың елжіреп.
4. Аяжан
Қара көзің мөлдіреп,
Қызықтырмай қоймайды
Жібек жүнің үлбіреп,
Қарасам көз тоймайды.
5. Шахмұрат:
Құлыншағым құндызым,
Құлдырайды шабады.
Жылтылдаған жұлдызым
Құстай қанат қағады.
6. Амира:
Кіп-кішкене момақан
Қошақанды ұнатам.
Сүйеді апам қозым деп,
«Қошақаным» өзің деп!
Ән: Ойыншықтар
1. Мал өсірсең қой өсір
Өнімі оның көл көсір
Нұрбек
2. Мал төлімен жарасты
Жер гүлімен жарасты
Бейбарыс
3. Малды баға біл
Бабын таба біл
Дания
4. Ер қанаты - ат
Сөз қанаты - хат
Ерқанат
5. Жылқы - малдың патшасы
Түйе - малдың қасқасы
Абылайхан
Санамақ айтады.
- Түйе төлі - ботақан
Мөлдіреп көзі ойнаған.
- Жылқы төлі - құлыншақ,
Тұяғы жерге ұрыншақ.
- Қойдың төлі - қошақан
Өріске қашқан қорадан
- Сиыр төлі - бұзау
Сүйкімді әрі асау
- Ешкі төлі - лақ
Тыныш тұрмайды ол бірақ.
Рефлекстік түзету Балалар, төрт түлікке байланысты жұмбақ жасырайын:
1. Апан - апан, ескі шапан
Иір қобыз, жарық жұлдыз.
2. Екі айнасы бар
Екі найзасы бар
Төрт жылтырмағы бар
Бір шыбыртқысы бар.
3. Кішкене ғана бойы бар
Айналдыра киген тоны бар
4. Туа сала жүріп кеткен
Енесін қуып жеткен
5. Басында екі таяғы бар
Төрт аяғы бар
Адам деуге болмайды
Бірақ сақалы бар
Жарайсыңдар, балалар. Әжемізбен қоштасайық!
(музыка ойнайды, жолда табиғатты, төрт түлік малды тамашалайды)
- Балалар, айналаға қараңдаршы не байқап отырсыңдар?
- Иә, балалар, малдардың бізге қандай пайдасы бар екен? Олар бізге не береді?
- Жарайсыңдар, балалар, сендер төрт түлік жайлы жақсы түсінік алыпсыңдар! Біз малды қалай ұстауымыз керек?
- Жарайсыңдар, балалар. Міне тобымызға да келдік.
Түйе
Сиыр
Қой
Құлын
Ешкі
- Сау болыңыз!
Малдар жайылып жүр.
- Сүт, ет, май. Киімнің бәрі мал терісінен тоқылады.
- Күтуіміз керек, баптауымыз керек.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Үй жануарларының аттарын атап, немен қоректенетінін, адамға пайдасын білу керек
Әдеттену керек: Толық сөйлеммен тапсырмаға сәйкес нақты жауап беруді игереді.
Үйрену керек: Өз ойларын жүйелі айтуға дағдылану.
Әжеме қонаққа барғанда
- alishok01
- 15 сәуір 2014
- 23141
- 0
- 0
Ілмек сөздер: әже, үй жануарлары, әжеме қонаққа барғанда, бала бақша
Ұқсас жаңалықтар:
«Үй жануарлары»
Мақсаты: Үй жануарлары туралы білім беруді жалғастыру. Үй жануарларының адам өміріндегі маңыздылығы туралы білімдерін бекіту. Үй жануарларына деген...Төрт түлік мал
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қызылту негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ескалина Өтебике Есқалықызы...Төрт түліктің кеңесі
Қостанай облысы, Рудный қаласы, № 7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жаңабай Анар Ғалымқызы...Үй жануарлары
Білім беру саласы: Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Тіл дамыту Тақырыбы: Үй жануарлары Мақсаты: 1. Білімділігі: Балалардың төрт - түлік мал...Төрт – түлігім ырысым
Бастауыш сынып мұғалімі: Оспанова Жулдуз Саиновна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.