Сайтқа кіру Тіркелу

М дыбысы мен әріпі

Оқу жұмыстарын ұйымдастырудың технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Оқу іс - әрекет түрі: Сауат ашу
Тақырыбы: «Мм» дыбысы мен әріпі»
Мақсаты: М дыбысы мен оның әріп таңбасы туралы түсінік беру. М дыбысын сөз ішінен таба білу, дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру. М дыбысына мысалдар ойлату арқылы сөздік қорларын молайты. Дидактикалық ойындарды ойнатып, баланың ойлау қабілетін, қиялдарын, зейіндерін дамыту. Әдемі - көркем жазуға қолдарын жаттықтыру.
Көрнекілігі: Слайд, Электронды оқулық, кеспе әріптер, таяқшалар, суреттер, дыбыстық талдауға арналған дөңгелектер, бейнетаспа
Блингвизм: Мысық - кошка, май - масло, маса - комарь, маймыл - обезьяна
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет барысы: Жылулық шеңбері:
- Сәлеметсіңдер ме балалар?
Қане, шеңбер бойына тұрып, бүгінгі күнмен сәлемдесейік.
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын алайық
Жүрекке жылу салайық,
Жиналған жылы шуақты
Бір - бірімізге шашайық
- Рахмет балалар.
(Балалар шеңберге тұрып, өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасап айтады)
- Балалар, біз өткен оқу іс - әрекетінде қандай дыбыспен таныстық?
- С дыбысымен
- Ол қандай дыбыс?
- Дауыссыз дыбыс
- Дауыссыз дыбысты қандай белгімен белгілейді?
- Көк белгімен
- Қандай сөздермен таныстық?
- Сағат, сандық, сиыр, сақина, су т. б.
- Жарайсыңдар балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр. Жұмбақтың шешуін табамыз ба?
- иә
- Олай болса мұқият тыңдаңдар.
Мұртын сипап тілімен
Бетін сусыз жуады
Тышқанды аңдып түнімен
Көзі оттай жанады. (Мысық)
- Балалар, жұмбақтың шешуі не?
- Балалар ойланып жұмбақтың шешуін табады.
- Мысық
- Дұрыс балалар, мысық сөзі М дыбысынан басталып тұр.
Олай болса, бүгін біз «М» дыбысымен танысамыз.
Ғажайып сәт: (балалар таңдана қарайды)
Ой балалар, бір жылаған дауыс естіледі. Ол ненің дауысы? Қай жақтан шығады?
- Қане, көрейікші, ол кім екен?
Ой балалар, мынау мысық қой.
- Мысық саған не болды, неге жылайсың?
Мысық:
- Мақта қыз менің құйрығымды жұлып алды, бер десем бермейді.
Осы кезде «Мақта қыз» кіріп келеді.
- Мақта қыз мысықтың құйрығын неге бермейсің? Әне көрмейсің бе мысық жылап тұр ғой.
Мақта қыз:
- Мысық менің қатығымды төгіп тастады,
сондықтан мен оның құйрығын жұлып алдым.
- Балалар, мен сендерге бірнеше тапсырмалар алып келдім, осы тапсырмаларды жақсы орындасаңдар, мен мысықтың құйрығын қайтарып беремін.
- Балалар, Мақта қыздың тапсырмаларын орындайсыңдар ма?
- Иә
- Тапсырмаларды орындау арқылы Мақта қыз бен мысықты татуластырайық.
Мақта қыз, Мысық бізбен бірге отырып, біздің балалардың білімдерін тамашалаңдар.
- Балалар, мына слайдқа назар аударайықшы.
- Балалар слайдтан не көрдіңдер?
- Мысықты
- Мысықтың дауысын салайық?
- Мияу, мияу
-«Мияу» деген сөзде «М» дыбысы сөздің қай жағында келіп тұр?
- Басында
- «М» дыбысы қандай дыбыс?
- «М» дыбысын атайықшы, қалай айтылып тұр?
- М..., М..., М...
- Дұрыс балалар, созылмайды, кедергіге ұшырап барып айтылады.
- «М» дыбысынан келетін қандай сөздер бар екен?
- Мысық, маймыл, маса, мейіз, майлық, машина, маска, медаль
- Жарайсыңдар балалар, «мысық» сөзін буынға бөлейік. Мы - сық
- Неше буын бар?
- Екі буын бар
1 - тапсырма: «М» дыбысы неге ұқсайды?
Түйе өркешіне қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп.
Әткеншекке қарашы,
Қай әріппе ұқсайды.
- М дыбысы неге ұқсайды екен?
- түйе өркешіне, әткеншекке ұқсайды
2 - тапсырма: «М» дыбысы қалай айтылады.
Өзің ойланып, «М» дыбысын тиісті орынға тінтуір арқылы апар.
«М» дыбысын көк отауға апару.
(Балалар М дыбысын тінтуір көмегімен көк отауға апарады)
«М» дыбысы дауыссыз дыбыс
- Жарайсыңдар балалар, сендер бәрін біледі екенсіңдер.
3 - тапсырма: «Сиқырлы сандық»
Әрбір суреттің атауынан «М» дыбысын тап және оның қай сөздің қай бөлігінде тұрғанына байланысты әрбір сөзді сандыққа сал. «М»дыбысы бар сөздің басында келсе, 1 - ші сандыққа саламыз. Сөздің ортасында келсе, 2 - ші сандыққа, сөздің соңында келсе, 3 - ші сандыққа саламыз.
Балалар тапсырмаларды орындайды.
Мысық - 1 - ші сандыққа
Кәмпит - 2 - ші сандыққа
Маса - 1 - ші сандыққа
Тамшы - 2 - ші сандыққа
Жүзім - 3 - ші сандыққа
Алмұрт - 2 - ші сандыққа салады.
- Дұрыс балалар, тапсырманы жақсы орындадыңдар.
4 - тапсырма:«М»әріпін жазуды үйренейік»
Олар бас әріп және кіші әріпке бөлінеді. Балаларға «М» әріпінің жазылу жолдарын бейнетаспадан көрсету. «М» әріпін ауада жазу. Дәптерді ашып, «М» әріпін жазуды ұсыну.
(Балалар «М» әріпін дәптерге жазады)
- Ал, енді балалар, «М» әріпін мына таяқшалардан құрастырайықшы. («М» әріпін таяқшалардан құрастырады)
-«М» әріпін тағы да неден жасауға болады?
Мына алдарыңда тұрған қамырды пайдалана отырып, «М» әріпін мүсіндейік. Мүсіндеп болған соң көк түсті бояумен бояуды ұсыну. (Балалар қамырдан «М» әріпін жасап, оны көк түсті бояумен бояйды).
Сергіту сәті:
«Сөз ойла, тез ойла» дидак - қ ойыны
Ойын шарты: Допты лақтыру арқылы бүгінгі танысқан «М» дыбысына байланысты сөздер тауып айту керек.
(Допты лақтырып, «М» дыбысына байланысты сөздер айтады)
5 - тапсырма:
Суреттерді мұқият қарап, құрамында «М» дыбысы бар суреттерді тінтуірмен көрсет. Мыс: мақта, моншақ, қоян, мата, лақ, гүл, қалам,
Машина.
Балалар құрамында «М» дыбысы бар суреттерді табады. (мақта, моншақ, мата, қалам,
машина)
- Жарайсыңдар балалар, сендер тапқыр екенсіңдер.
6 - тапсырма:
Ибрагим Нүсіпбаевтың «Біздің мысық» әнін тыңдап, жаттап ал. Әнде не туралы айтылғанын ата - аналарыңа әңгімелеп айтып беріңдер.
4. Үстінде үйдің
Тұр еді мысық
Қасына келді
Бір торғай ұшып
5. Бас салмақ болып
Аршыды мысық
Жөнелді торғай
Пыр етіп ұшып
6. Биіктен жерге
Топ ете түсіп
Мысықтың қалды
Жамбасы ісіп
(Әнді қосылып айтады)
Мақта қызды шығарып салу
- Рахмет саған Мақта қыз, дайындап әкелген тапсырмаларың өте қызықты екен.
Мақта қыз:
- Балалар, сендер қандай кереметсіңдер, мен әкелген барлық тапсырмаларды орындай білдіңдер, тапқыр, білімді екенсіңдер. Сендерге көп - көп рахмет айтамын. Мен енді Мысықтың құйрығын қайтарып берейін. Сау болыңдар балалар.
- Балалар, Мақта қыз бен қоштасып шығарып салайық
(Сау болыңыз)
- Балалар, біз мысыққа көмектестік пе?
- Қалай көмектестік?
- иә, тапсырмалар орындап
- Қандай тапсырмалар орындадық, қандай дыбыспен таныстық?
-«М» дыбысымен
- «М» дыбысы қандай дыбыс?
- Дауыссыз дыбыс
- Дауыссыз дыбысты қандай белгімен белгілейді? - Көк белгімен
- Жарайсыңдар балалар, бәрің де тапсырманы орындап, тамаша жауап бердіңдер.
Балаларды бағалау.
Күтілетін нәтиже
Білу керек: «М» дыбысының дауыссыз дыбыс екенін, дыбысты айту барысында тамақтарында діріл пайда болатынын, оның үні бар дыбыс екенін;
Талаптанды: Қоршаған ортаның алуын түрлілігін, әдемілікті сақтай білуді;
Жасай алады: «М» әрпін танып, көрсете білуді.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×