Тақырыбы: «Мысық»
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: «Тіл дамыту»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің тақырыбы: «Мысық»
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың үй жануары – мысық туралы әңгімелей білуге үйрету.
Дамытушылық: 2 - 3 сөзден тұратын сөйлем құрату арқылы ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: Жануарларға деген қамқорлық сезімдерін ояту.
Көрнекіліктер. Сүт ішіп отырған мысықтың суреті. Ойыншық үй жануарлары.
Әдіс - тәсіл: әңгімелесу, сұрақ - жауап, көрсету, ойын.
Іс - әрекет кезендері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың іс - әрекеті себепті қызығушылығын ояту кезеңі
Балалармен сәлемдесіп, шаттық шеңберін жасайды.
Орнымыздан тұрамыз
Күнге шаттана қараймыз,
Қуана қолымызды соғамыз,
Осылай күнге жылу шашамыз.
Таңғаларлық сәт: сиқырлы қорапша. Тәрбиеші балаларға қорапшадан ойыншықтар алып көрсетеді:
- Балалар, осы ойыншықтарды білесіңдер ме?
- Мынау не? Ал, мынау ше?
- Ат, сиыр, қой, түйе
- Балалар бұлар қандай жануарлар?
- Үй жануарлары.
Үй жануарларының пайдасы, түрлері туралы сұрайды. Төлдері туралы сұрайды.
Тәрбиеші балаларға сүт ішіп отырған мысықтың суретіне қарауды ұсынады.
- Мынау - мысық. Мысық сүт ішіп отыр. Себебі мысық сүтті жақсы көреді. Мысықтың түсі қара, екі көзі, екі құлағы, төрт аяғы, құйрығы бар.
Е. Елубаевтың «Ала мысық» өлеңін оқып береді.
Беті - қолын жуады.
Тышқандарды қуады,
Тазалықты сақтайды,
Апам оны мақтайды.
- Балалар, мысық қалай дыбыстайды? (Мияу, мияу).
Балалар мысықтың дыбысын салады.
Балалардан мысыққа қалай күтім жасайтының сұрайды, білмесе айтады.
Сергіту сәті:
Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті - қолын жуады.
Балалар тәрбиеші мен бірге қимылдарын орындайды.
«Мысық нені жақсы көреді?» дидактикалық ойыны.
Суреттен мысықтың нені жақсы көретінін таңдап алу.
Балалармен жұмыс:
«Мысықтың суретін құрастыру.»
Дидактикалық ойын: «Айырмашылығын тап»
«Мысық пен тышқан» қимылды ойыны.
Мысық, мысық ұйықтайды,
Тышқан, тышқан жорғалайды: пи - пи.
Тәрбиеші балалардың жауаптарын қорыта, білмегендерін үйретеді. Тілдері келмеген кейбір сөздерді қайталатады. Мысалы: мысық, мияулайды т. б.
Ашық сабақ
- muhambetova
- 9 ақпан 2014
- 16523
- 0
- 0
Ілмек сөздер: үй жанурлары, бала-бақша, ашық сабақ, мысық
Ұқсас жаңалықтар:
Жануарлар туралы жаңылтпаштар
Мысық күшікпен ойнамайды. Тышқан мысықпен ойнамайды. Мысық күшікті, тышқан мысықты Шын досым деп санамайды....Сиқырлы сандық
- Қане, сандықта не бар екен? Деп балалардың көңілін аударады. - Ботақан, мысық, құлыншақ бар екен....Мысығым менің керемет
Мақсаты: Осы тақырыппен өткізілген сабақта балаларды үй жануарды – мысықпен таныстырып, оның қимыл – іс әрекеті, пайдасы жайында түсінік беру, үй...Менің сүйкімді мысығым
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы "Асанәлі" бала бақшасының тәрбиешісі: Ерішева Ардақ Асқарқызы...Күшік пен мысық
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, № 7 «Балдырған» балалар бақшасы тәрбиеші: Қарымсақова Рабиға...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.