Сайтқа кіру Тіркелу

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Тақырыбы: «Ертегі еліндегі сандар»
Мақсаты:
Білімділік: Логикалық есептер шешу, санамақтар айту, «Көршісінен адасқан сандар»сандарды ретімен үйіне орналастыру, сандар туралы тақпақтар айту, пішіндерді танып үйшігіне орналастыру, нүкте арқылы сандарды қосу.»Пішіндер неге ұқсайды»жұмбақ жасыру, пішіндерден бейне құрастыру ертегі кейіпкерлері арқылы ой қиялын шыңдау.
Дамытушылық: Логикалық ойын ойнату арқылы есте сақтау қабілетін дамыту, ой - өрісін, білімділігін зейінін, байқампаздығын, танымдық құзыреттілігін дамыту.
Тәрбиелік: Ой еңбегіне бейімдеу, еңбек сүйгіштікке, татулыққа, ұжыммен жұмыс істеуге, бірлікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланысы: Тіл дамыту, көркем әдебиет.
Әдіс – тәсілдер: көрсету, ертегіні сахналау, дид/ойын, піндерден бейнелер құрастыру әдісі, сергіту сәті, жұмбақ жасыру, мадақтау, қортындылау.
Көрнекілігі: Қасқыр мен жеті лақ ертегі кейіпкерлері, түлкі, нүктелі сандар, үйшіктегі сандар, геометриялық пішіндер үйшігі, орман бейнесі
Тәрбишінің іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушы күш
Сәлемберу тәрбиенің басы ғой!
Бір шаңырақ астында,
Тату – тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз астыда,
Бірге сауық сайран құрамыз.
Балалар: Достық шеңберімен қимылдар жасау
Тәрбиеші: Балалар біздер қандай ертегілер білеміз?
Балалар: Мақта қыз бен мысық,
Бауырсақ, жеті лақ ертегісін білеміз
Тәрбиеші: Суреттер бойынша еске түсіру. Үлкен ешкінің жылаған дауысы естіледі, балалар бұл ненің дауысы?
Балалар: Ешкінің дауысы
Тәрбиеші: Кәне, тыңдайық қай жақтан шығады?
Орманға қандай көлікпен барамыз?
Балалар: Орман жақтан
машинамен
машина дыбысын салып орманға жетеді
Тәрбиеші: Онда машинаға мінеміз, тез - тез орналасу.
Іздену ұйымдастырушы: (Алдарынан майысып түлкі шығады)
Тәрбиеші: Балалар түлкі біздердің затымызды ұрламақшы. Түлкіге не деп айтамыз?
Балалар: алаяқ ұрлама
Түлкі: жоқ балалар мен сендермен дос болғым келеді. Орманға кіргілерің келсе менің тапсырмаларыма көмек беріңдерші! Мына пішіндерді үйшігіне орналастыралмай тұрмын.
Түлкі: «Пішіндер неге ұқсайды»
Балалар: дөңгелек, сопақша, төрт бұрыш, тік төрт бұрыштың, үш бұрыш үйшіктерін тауып беру
жұмбақ жасыру.
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады
Балалар: күн
Төрт бұрышты, бір ауызды.
Балалар: сандық тік төрт бұрышқа ұқсайды
Айдалада ақ отау,
Аузы, мұрны жоқ отау.
Балалар: жұмыртқа сопақша пішінге ұқсайды.
Тікен - тікен тік пісте,
Қысы – жазы бір түсте.
Балалар: шырша үш бұрышқа ұқсайды.
Төрде жатып шалқиған,
Дәу қарыны бар қампиған.
Балалар: жастық төрт бұрышқа ұқсайды.
Түлкі: Балаларға рахметін айтып, жол көрсетіп жібереді.
(Жолмен келе жатып үлкен ешкіні кездестіреді)
Ешкі: достарына қасқыр менің лақтарымды ұрлап кетті деп жылайды.
Тәрбиеші: Ешкі Жылама сенің лақтарынды іздеп тауып аламыз.
Балалар: Ешкімен бірге лақтарды іздеуге шығады. Алдарынан
қасқыр шығып жәй жүрсің дерме?
Балалар: Біздің ешкіміздің лақтары қайда?
Қасқыр: көргенім жоқ дейді!
Қасқыр: жарайды, сендер менің сұрақтарыма жауап беріңдер лақтардың қай жерде екенін айтамын!
1 тапсырма.
«Көршісінен адасқан сандар»
Балалар: сандарды ретімен үйіне орналастыру, тура және кері санау
2 тапсырма.
Сандар туралы санамақтар, тақпақтар сұрау.
Қасқыр шаршаған боларсыңдар бірге билейік.
Сергіту сәті:" жеті лақ ертегісінің музыкасымен билеу»
(оңға, солға иілу, жоғары – төмен қарау, алақан соғу, қимылмен жасау)
3 тапсырма
Пішіндерден бейнелер құрастыру.
Балалар: шырша, үй, омыртқа ою,
үйрек, аққала құрастыру
4 тапсырма
Логикалық есептер шешу
Бес алманың үшеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады? Балалар: еку
«5»алған балаға 5 алма.
«4»алған балаға 4 алма.
«3»алған балаға 3 алма.
«2 алған»балаға неше алма? Балалар: 2 - алма
Бес бұтақты шыршада,
Бұтақ сайын екі алма.
Біреуін бер досыңа,
Сонда қалмақ неше алма? Балалар: Шыршада алма өспейді
Қолымда 1 алмұрт табақта 2 алмұрт
Қосқанда барлығын болады неше алмұрт? Балалар: 3 - алмұрт
Қасқыр енді 5 - ші тапсырманы шешеңдер лақтарды беремін дейді.
«Сандарды нүкте арқылы қосу»
Қасқыр көздеріңді жұмыңдар деп, өзі лақтар тұрған жерге барады да лақтарын шығарады.
Балалар: Берілген үлгі бойынша сандарде нүкте арқылы қосу.
Ешкі: әндетіп лақтарын қарсы алады.
Лақтарым, шырақтарым!
Есік ашып қайда кеттіңдер
шұнақтарым!
Өрісінен енең келді,
Сендерді іздеп шаршап келді.
Үйде мамаң жоқта есікті ешкімге ашуға болмайды деп ескертеді.
Ешкі: достарына рахмет айтып өз алғысын білдіреді
Балалар: машинамен ешкіні лақтарымен бірге балабақшаға алып қайтады.
Тәрбиеші: Балалар біздер қайда бардық?
Балалар: Орманға
Тәрбиеші Орманда қандай аңдарды көрдік?
Балалар: Түлкімен, қасқырды
Тәрбиеші Кімге көмек бердік?
Балалар: Ешкіге
Тәрбиеші Қасқырдың қай тапсырмасы ұнады?
Балалар: Сандар көршісін тауып берген, пішіндерден бейне құрастырған, нүкте арқылы сандарды қосу ұнады.
Ешкі рахмет айтып балаларға өз отбасының суретін беріп мадақтайды.(жеті лақ ертегісі)
Күтілетін нәтиже:
Біледі: сандарды, пішіндерді танып орналастыруды біледі.
Игереді: логикалық есептерді шешуді, сандарды нүкте арқылы қосуды, пішіндерден бейнелер құрастыруды. математикалық ұғымдарды
түсіну.
Кері қайту
[tags]
Ілмек сөздер:
Ұқсас жаңалықтар:
Жеті лақ

Жеті лақ

Ертеде бір Ешкі жеті лағымен орманда тіршілік етіпті. Бірде Ешкі орманға жиналыпты. Есікті ешкімге ашпаңдар!...
8 саны мен цифры

8 саны мен цифры

Мақсаты: 8 - ке дейін сандарды қайталап, білімдерін бекіту. 8 - ке дейінгі санның құрамы, таңбасын, геометриялық пішіндерді айырып, салыстыруларын...
Кім зейінді? ойын сабағы

Кім зейінді? ойын сабағы

Мақсаты: білімділік: Санды санау, пішіннен бейне құрастыру алған білімдерін бекіту, логикалық ойлау дағдысын қалыптастыру,. Дамытушылық: Балалардың...
Ертегілер еліндегі ғажайып математика

Ертегілер еліндегі ғажайып математика

Білімділік: Баланың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімін тиянақтау, геометриялық пішіндерді танып, ажырата білу...
Жеті лақ ертегісі желісі бойынша

Жеті лақ ертегісі желісі бойынша

Мақсаты: Балалардың көркем шығармалар арқалы тіл байлығын, ауыз екі сөйлеуін дамыту. Ертегілермен таныстыру, сұраққа толық жауап бере білу жағымды,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×