Тақырыбы: Қосаяқтап секіру.
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға қосаяқтап секіруді үйрету.
Дамытушылық: Жаттығулар арқылы дене, бұлшықеттерін дамыту, қимыл - қозғалысынжақсарту.
Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа баулу.
Көрнекілігі: Әр түрлі фигуралар, т. б. заттар.
Шаттық шеңбер жасату:
- Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын келді күн.
Қайырлы таң,
Қайырлы күн, балалар!
- Балалар, біз дене тәрбиесінен ашық ұйымдастырылған іс - әрекет өткізгелі отырмыз!
Қонаққа апайлар келді, апайлармен сәлемдесейік!
Сәлеметсіздерме, апайлар!
1 - Бөлім
1. Жалпы шеңбер бойында түзу тұру.(Басын жоғары көтеріп, қолымызды жанымызға қою.)
2. Қолға арналған жаттығу жұмыстарын орындау (3 - рет)
2 - бөлім
Жалпы дамыту жаттығулары
1. Қолды алдыға созып, отырып - тұру.(3 - рет)
2. Оңға бұрылу. Қолымызды тіземізге қойып, еңбектеу.
- Жарайсыңдар, балалар! Бастапқы қалыпқа келеміз!
(«Тук - тук - тук» дауыс естіліп, қоян қосаяқтап секіріп келеді)
Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің дауыстарыңды естіп келіп қалдым.
Тәрбиеші:
- Балалар бізге кім келді?
- Қоянның неше құлағы бар?
- Қоянның түсі қандай?
- Қоян бізге қалай келді, көрсетіңдерші?
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, ендеше екі топқа бөлініп қосаяқтап секіруді үйренейік!
Балалар жаттығу жұмыстарын орындайды.
Балалар екі топқа бөлініп тәрбиешінің көрсетуі бойынша кедергілердің арасынан өту арқылы қосаяқтап секіруді үйренеді. Ойын: «Ақ қоян»
Мақсаты: Балалардың қимыл – қозғалысын жақсарту, шапшаңдыққа баулу.
Қоян: Балалар, іс - әрекетке өте жақсы қатыстыңдар. Менің қосаяқтап секіруімді тез – ақ үйреніп алдыңдар. Менің сендерге сыйлығым бар.(сыйлығын үлестіреді)
Балалар ойынға белсене қатысады.
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Жалпы дамыту жаттығуларын біледі.
Игеруі: Ойындарды түсініп, игереді.
Меңгерген іскерлік пен дағдылар: Қосаяқтап секіруді меңгереді.
Қосаяқтап секіру
- Жадырасын
- 3 ақпан 2014
- 6777
- 0
- 0
Ілмек сөздер: бала-бақша, дене шынықтыру, қосаяқтап секіру
Ұқсас жаңалықтар:

1, 2, 3 цифрлары туралы ұғымды білу, геомертиялық фигураларды ажырату
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, "Айналайын" ясли бақшасының тәрбиешісі Садыкова Жанат...
Қақпаға доп домалату
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, КМҚК «Айгөлек» ясли бақшасының тәрбиешісі Талапкер Асылай Мұхамбетқызы...
1, 2, 3, 4, 5 цифрлары туралы өткенді пысықтау
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, КМҚК «Айгөлек» ясли бақшасының тәрбиешісі Талапкер Асылай Мұхамбетқызы...
Гимнастика
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, КМҚК «Айгөлек» ясли бақшасының тәрбиеші Талапкер Асылай Мұхамбетқызы...
Қызықты аңдар
Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатай селосы.«Балбөбек» балабақшасының тәрбиешісі Гүлжазира Махмутова Сиражеденқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.