Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: Су
Мақсаты: Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Су жайлы алған түсініктерін одан әрі байқағыштығын, қызығушылықтарын дамыту. Суды таза сақтауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру. Топта бірлесіп жұмыс жасау. Көрнекілігі: Ойын, бейнетаспа су туралы, суреттер Қолданылатын әдіс – тәсілдері. Түсіндіру, көрсету, ой жинақтау, көрнекілік. Пәнаралық байланыс: Дене шынықтыру, қоршаған орта.
Іс - әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Ұйымдастырушы - іздестіру
Рефлексивті - коррекциялаушы Тәрбиеші сөзі - Балалар, мен сендерді бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінде көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын... Мен барлығыңды шаттық шеңберіне шақырамын.
«Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз, Баршаңызға құрметпен Бас иеміз біз»,- деп айтып жылы сөздер айтатынын түсіндіру. Енді орнымызға отырып «бейнетаспаға» назар аударамыз.
Өткен оқу іс - әрекетіндегі тақырыбымыз «шалқан» ертегісін қайталау. Бүгін сендерді «Су» тақырыбымен таныстырамын.
Су суреттерін бейнетаспадан көрсетіп, таныстырдым.
Балаларға су туралы түсіндіріп, Бейне таспа арқылы балаларға әңгімелету. Су туралы «видео» көрсету Суды үнемдеп таза сақтау керек. Оны ластауға болмайды. Сусыз адамдар өмір сүре алмайды.
Сергіту жаттығу. Күн шықты,
Жел тұрды
Аспанды бұлт жапты
Жаңбыр жауды.
Найзағай шарт етті.
Біз бұға қалдық.
Ойын:»Күн мен жаңбыр»
(Ойын шарты: «Күн ашылды» дегенде әр түрлі қимылдар жасайды. «жаңбыр жауды» дегенде тығылады.)
Балалар, бүгін біздер қандай тақырыппен таныстық? (қорыту, бекіту)
Су біздің үйімізге қалай келеді, не арқылы?
(Мадақтау арқылы бағалау) Балалар тәрбиешіні тыңдап, шаттық шеңберіне жиналады.
Балалар өлең жолдарын қосылып қайталап, жылы сөздер айтады. Күніміз ашық, Ауамыз таза, суымыз мөлдір болсын!
Суды естеріңе түсіреді
Бейнетаспадағы судың суреттерін балалар қызықтады
- Суды сапырма
- Суға түкірме
- Түнде суды төкпе
- Түнде суға барма
- Судың да сұрауы бар
Балалар берілген іс - әрекетті орындап отырды.
Балалар бәрі бірге қимылды ойынды қызығушылықпен белсене орындайды
Су тақырыбымен таныстық
Құбыр арқылы келеді
Күтілетін нәтиже: Нені біледі: Су туралы толық мағлұмат алды. Қандай түсініктерді игереді: Суды ысырапсыз пайдаланбай, тыйым сөздер арқылы үнемдеу түсінігін, суды таза, ұқыпты ұстауды игереді. Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Әрбір қойылған сұрақтарға іс - әрекеттерді ойлана дұрыс жауап беруді, топта бірлесіп жұмыс жасауды меңгерді.
Cу
- Гүлжазира
- 21 қараша 2013
- 13196
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Су, ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті, презентация
Ұқсас жаңалықтар:
Су. Судың қасиеті
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Мырзатай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Джантаева Кулзахира Магзымбековна...Өлі табиғат және тірі табиғат
Мақсаты: Балаларды өлі және тірі табиғат туралы, жан - жақты түсінік беру. Ойлау және сезіну қабілеттерін қалыптастыру. Табиғатқа деген қамқорлыққа...Суды қорғау
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы Т.Жүргенов атындағы орта мектебі бастауыш класс мұғалімі Искакова Шаригул Садуакасовна...Ағаштар
Ағаштар далада, орманда, бақшада өседі. Оларды өсімдіктерге жатқызамыз. Дала өсімдіктері аса күтімді қажет етпейді. Ал, бақша өсімдіктеріне көп күтім...Суды қорғау
Ақтөбе обл, Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Исеғали Жайдар...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.