Сайтқа кіру Тіркелу

4 саны оның құрамы және жазылуымен таныстыру

4 саны оның құрамы және жазылуымен таныстыру.
Сабақтың түрі, Аралас сабақ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Балаларды 4 санымен, оның құрамы, жазылуымен таныстыру. Дұрыс санау тәсілдерін пайдаланып, 4 - ке дейінгі заттарды санауды, есептер шығаруды үйрету.
Дамытушылық: Балалардың ойлау, есте сақтау, логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Балаларды шапшаңдыққа, жылдамдыққа, еңбектене білуге және де әдемі, қатесіз жазуға үйрету.
Көрнекіліктері: сандар, суреттер, газет, буклеттер, текшелер, үлестірме материалдар, ойыншықтар, шарлар т. б

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу.
Шаттық шеңбері:
Армысыз, қайрымды Аспан ата!
Армысыз, мейрімді Жер ана!
Армысыз, шұғылалы Алтын күн!
Қуан, шаттан, алақай,
Күліп шықты күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Амансыздар ма? Достарым!
Сәлеметсіз бе? Ұстазым! (Балалар орындарына отырады)

Үй тапсырмасын сұрау
2 және 3 сандары, жазылуын тексеру, қайталап еске түсіру.
(Көрнекіліктермен жұмыс жүргізу)
Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру.
Жаңа сабақ. 4 саны оның құрамы және жазылуымен таныстыру.
- Балалар, біз бүгін 4 саны оның құрамы және жазылуымен танысамыз.
(Көрнекіліктермен жұмыс жүргізу)
Есептер шығарып көрсету, түсіндіру.
1 + 1 = 2
2 - 1 = 1

Көптеген мысалдар келтіре отырып, балаларға есеп шығаруды үйрету. Дәптерлеріне 3және 4 цифрларын бастырып жаздыру.
Жазбас бұрын «Әдемі жазайық» өлеңін хормен айтқызу
Қолға қалам алайық.
Дәптерімізді ашайық.
Дәптерімізді ашқан соң,
Әдемі етіп жазайық.
Балалар дәптерлерін ашып, цифрларды бастырып жазады.(5 - 10 минут)

Сергіту сәті
Жаза, жаза, саусағым,
Әлсіредім шаршадым.
Бір, екі, үш,
Қолға жинап күш!
Қане, қалам алайық,
Әдемілеп жазайық.
(Балалардың дәптерлерін жинап алу)
«Кім жылдам?» ойынын ойнату
Ойын шарты: Балаларға текшелер, яғни сандар салып есеп құрастырып көрсететін қалташалар беріледі. Балалар мұғалімнің көмегімен есептер шығарып үйренеді.
Мұғалім:
Балалар: 2+ 1= 3
2+2 = 4

Ойын жалғаса береді.
( Ойын соңында жақсы есеп құрастырған балаларды атап өту.)
Балаларға көптеген сұрақтар қою. Сабаққа қорытынды жасау мақсатында көрнекіліктерді пайдалана отырып, сабақты қысқаша қайталау.
Сандарға байланысты М. Әлімбаевтің «Он саусақ» өлеңін орындату.

Үйге тапсырма беру.
Үйге: 4 саны және цифрын жазу. Оқулықтан дөңгелектерді төрт - төрттен бояп келу.
Үй дептерлерін таратып беру.
Бағалау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
8 саны және цифры

8 саны және цифры

Мақсаты: а) 8 саны мен цифрын енгізу;8 санының қалай пайда болатындығын түсіндіре отырып, 8 - ге дейінгі сандарды тура, кері санауға жаттықтыру; 8...
6 санының құрамы

6 санының құрамы

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, № 6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Изимбергенова Нургуль Кусаиновна...
10 саны мен құрамы

10 саны мен құрамы

Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі: Зайрлиева Ботагөз...
4 саны және цифры

4 саны және цифры

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Ісанатты мұғалім Макуова Нуршат Аманкосовна Сыныбы:1 «б» Тақырыбы:4 саны мен цифры...
12 санының екі бір таңбалы сандарға жіктелу құрамы және қосу мен азайтудың  ...

12 санының екі бір таңбалы сандарға жіктелу құрамы және қосу мен азайтудың ...

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, №33 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ажмагамбетова Бакжамал Ногайбаевна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×