Білім беру саласы: Қатынас.
Сабақ тақырыбы: 4 саны және цифры
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға 4 санының шығуы, 4цифрын жазуға 4 – ті 1, 2, 3 сандарымен салыстыруға үйрету, төртбұрыштың элементтері туралы түсінік беру.
Тәрбиелік: Берілген тапсырмаларды орындата отырып, оқушыларды жауапкершілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа баулу.
Дамытушылық: «Құстарға қамқорлық» ойыны арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ (ойын сабақ, топтық сайыс)
Сабақтың әдісі: Ойындар, логикалық есептерді орындату, санамақтар
Көрнекілігі: Оқулық, суреттер, фигуралар, сандар
Пәнаралық байланыс: сурет, еңбекке баулу, дүниетану
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу
2. Оқушылардың құрал жабдығын тексеру
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Санамақтар
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту:
«Орамал тастамақ» ойыны
1. Фигураларды ата. (нүкте, сәуле, бұрыш)
2. 2+1 қосындысының мәнін тап. Қосу амалдарының компоненттерін ата.
3. 3 - 1 айырмасының мәнін тап. Азайту амалдарының компоненттерін ата.
4. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті.
5. Сандарды өсу ретімен сана.
IV. Жаңа сабақты меңгеру:
1 - тапсырма. Теңдік қалай құрылғанын түсіндіру. Жаңа санды шығару және сәйкес цифрды жазуда суреттермен жұмыс істеу.
3+1 = 4 4 - 1 = 3
Кесіндіні өлше см 4см > см
2 - тапсырма. Теңдіктер құр.
+1 = 4 - 1 = 3
«Құстарға қамқорлық» ойыны арқылы тапсырмаларды орындау.
V. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру:
3 - тапсырма. Салыстыр.
3*4
4*3
Ойын мазмұны.
Ағаш бұтағына тапсырмалар жазылған кеспелер орналасқан. Әр кеспе бекітілген бұтақта құстар отыр. Тақтаның келесі ыңғайлау жеріне жемсауыт ілінеді. Оқушы кеспедегі мысалды дұрыс орындаса, құсын жемсауытқа қалдырады. Кеспелердегі тапсырма толық орындалып бітсе, барлық құстар жемсауытқа қонады. Мысалды дұрыс орындаған оқушы құстардың нағыз қамқоршысы ретінде марапатталады.
4 - тапсырма. Теңдіктер құр. Оларды оқы
+ = 4 4 - =
Шығармашылық тапсырма.
Дәптермен жұмыс.
1 - тапсырмада суретке қарап сәйкес өрнекті тауып, мәнін табу.
2 - тапсырмада сандарды және ұзындықтарды салыстыру.
3 - тапсырмада 4 цифрын жазу, қосуды және оған кері азайту амалдарын іздерді бастырып жазу, мәндерін тауып жазу.(Сандар қатарын жазу)
Сергіту сәті
Шаршадым «Уһ!» дедім,
Ренжідім «Туһ!» дедім,
Қорықтым «Ой!» дедім,
Өкіндім «Ах!» дедім,
Шарасыз «Ех!» дедім,
Кейідім «И!» дедім,
Біліп ап «Ә!» дедім,
Қуанып «Ха - ха - ха!» дедім.
VІ. Сабақты қорытындылау:
«Қимақ» ойыны.
1. 3+1 = өрнектің мәнін тап.
2. Салыстыр 2*4; 4*3
3. Кері амалды тап. 1+2; 3 - 1;
4. Қалып қойған сандарды ата. 0 2 3; 4 2 1;
VІІ. Үйге тапсырма.
Теңдіктер құрып үйрену
VІІІ. Бағалау
4 саны
- kura
- 28 мам 2013
- 8467
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Даярлық сыныбы, 4 саны, математика, балабақша
Ұқсас жаңалықтар:
Санды өрнек
Санды өрнектерді (қосынды, айырма) құрастырады, жазады, оқиды және ажыратады; Қосу мен азайту амалдары компоненттерінің атауын өрнектерді оқу мен...Өрнектерді салыстыру
Өрнектерді өрнекпен салыстыруға; салыстыру нәтижелерін, яғни теңдіктер мен теңсіздіктерді дұрыс жазуды және оқуды үйрету; құрастыру дағдыларын...9 саны және цифры
9 саны, оның шығуы, сандарындағы орны туралы түсініктерді, 9 цифрын дұрыс жазуды қалыптастыру. Қосу және азайтуды тиімді әдістерін пайдалана отырып,...Толық ондықтардан тұратын әріпті өрнектерді салыстыру
Ақтөбе облысы, Темір ауданы Кеңқияқ орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Турмагамбетова Акслу...6 саны және цифры
Пәні: математика Сыныбы: 1 Сынып жетекшісі: Базарбаева Мөлдір Талғатқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.