Фанфара
Жүргізуші: Айдын шалқар көлім бар
Ну орманды жерім бар
Күннен күнге көркейген
Менің байтақ елім бар
Армысыздар қадірлі қонақтар! Бала тәрбиесінің ең алғашқы бастамасын отбасында алса, жалғасы балабақшамен байланысады, яғни бала тәрбиелене отырып, білім алады. Қазақ халқымыз Отан отбасынан басталады дейді. Әр адам өз Отанын сүйіп, құрметтеуге тиіс. Қазақ елінің маңдайына біткен біртуар азаматтары туған еліне, жеріне деген сезімдерін жыр шумақтарымен білдірген. Болмасаң да ұқсап бақ дегендей біздің бүлдіршіндерімізде өз Отанына, туған еліне деген сүйіспеншіліктерін ағаларының, апаларының жырларын жаттап, елжанды болып өсіп келе жатқандықтарын дәлелдемек. Сіздердің алдарыңызда кішкентай өнерпаз ұл - қыздарыңыз «Туған өлкем мақтанышым» көркемсөз байқауына қатысып өз бақтарын сынамақ.
Ал келіңдер, келіңдер
Бір біріңе еріңдер
Көркем сөзбен көмкеріп
Сайысқа қатысып көріңдер - деп қатысушы бүлдіршіндерімізді қарсы алайық!
Музыка әуенімен балалар залға кіреді.
«Достық» ересек тобы
• Бақберген Арайлым
• Тулебаев Жансен жетекшісі - Казахова Әслима Мақсатқызы
«Қарлығаш» ересек тобы
• Алпамысова Сымбат
• Оразбекова Томирис
• Манасов Нұрым - Амекенова Саним Амекеевна
«Құлыншақ» ересек тобы
• Жоныс Ерсұлтан
• Жарас Әлішер
• Сұлтанова Зарина - Гүлбану Жылқайдарова Бақытжанқызы
«Таңшолпан» мектепалды даярлық тобы
• Еркебұлан Амир
• Мейірханов Қожабатыр
• Жанкелдіұлы Әлиасқар – Тұтаспаева Жанар Сейтімбекқызы
«Күншуақ» мектепалды даярлық тобы
• Кәденов Әмір
• Жанғали Нұрбол
• Болат Дариға - Жолдасбаева Гүлсара Мұхамбетқызы
«Гүлдәурен» мектепалды даярлық тобы
• Ізтаева Зарина
• Кенжеғалиева Сара
• Байдулина Дания - Бисеналина Дәмегүл Нағиқызы
«Звездочка» мектепалды даярлық тобы
• Амантай Аружан -
• Жалель Жансен - Арстанова Алия Батаевна
Ендеше барлығымыз бірге тәуелсіз еліміздің әнұранын бірге шырқайық.
Әнұран орындалады
Қатысушылар орындықтарға отырады
Әділ қазы береді
Өздеріңе билікті
Өнерден кім жеңеді
Алады сол сыйлықты - деп қазылар алқасымен таныс болайық.
1. Әдіскер Қазкенова Айнагүл Сатуқызы
2. Тәрбиеші Кулмуханбетова Нұргүл Серікқызы
3. Музыка жетекшісі Тілепбергенова Жайнагүл Серікқызы
Жас ұланмын елімнің
Болам ұл - қыз зор әлі
Қазақстан жалауын
Көтеремін жоғары
Би «Ку тудың желбірегені»
Кезекті сайыскерлерге берейік
• «Достық» тобының тәрбиеленушісі Бақберген Арайлым «Біздің Қазақстан» - Музафар Әлімбаев жетекшісі - Казахова Әслима Мақсатқызы
•
• Тулебаев Жансен «Туған өлкем» Өтебай Тұрманжанов «Достық» тобы - Казахова Әслима Мақсатқызы
Мәпелейді ұланын
Асыл ана думанды ел
Тілегіңнен шығамын
Қуантамын туған жер - деп кезекті
• Алпамысова Сымбат «Туған ел» Е. Өтетілеуұлы «Қарлығаш» тобы – Амекенова Саним Амекеевна
• Оразбекова Томирис «Туған өлке» Өтебай. Тұрманжанов «Қарлығаш» тобы - Амекенова Саним Амекеевна
• Манасов Нұрым «Отан» Е. Өтетілеуұлы «Қарлығаш» тобы - Амекенова Саним Амекеевна
Өмірдің қызығы ойын күлкі
Өнер десе жан салып
Жалғастырайық ән салып
«Таңшолпан» тобының тәрбиеленушісі ---------------- Шерхан өз өнерін көрсетпек, қарсы алыңыздар
Ән «Домбыра сазы»
Аймалаған емдеген
Ессе жұпар қырдан жел
Ақ бесігім туған жер - деп кезекті
• Жоныс Ерсұлтан «Қазақстан менің - Отаным» Гүлбану Жылқайдарова «Құлыншақ» тобы - Гүлбану Жылқайдарова Бақытжанқызы
• Жарас Әлішер «Қазақстан менің - мекенім» Гүлбану Жылқайдарова «Құлыншақ» тобы - Гүлбану Жылқайдарова Бақытжанқызы
• Сұлтанова Зарина «Қазақ деген елім бар» Гүлбану Жылқайдарова «Құлыншақ» тобы - Гүлбану Жылқайдарова Бақытжанқызы
Ойын «Жалғасын тап»
1. Ел елдің бәрі жақсы
Өз елің бәрінен жақсы
2. Біреуге етсең зорлық
Өзіңе келер қорлық
3. Дос көбейсе
Дұшпан аяқ астында
4. Білім алар жігіттің
Оқу болар ермегі
5. Жақсы сөз алғыс
Жаман сөз қарғыс
6. Жақсының өзі өлседе сөзі өлмейді
Балаларға жұмбақ қойылады
1. Адамға серік
Күзетке берік Ит
2. Оңға да бұрылады Күндіз түні күрсінеді
Солға да бұрылады Жүрген жері сілкінеді Пойыз
3. Басында екі таяғы бар
Төрт аяғы бар
Адам деуге болмайды
Сақалы оның тағы бар Ешкі
4. Іші жел өзі жеңіл
Жүгіреді деміл деміл Доп
5. Жаздай жүріп балға тояды
Қыста тәтті ұйқыға батады Аю
6. Сұйық бірақ су емес
Ақ бірақ қар емес Сүт
7. Секіреді жүгіреді, өзі қорқып жүреді Қоян
8. Таңмен көзін ашады
Әлемге нұрын шашады Күн
9. Ұшқаны қызық жалпылдап
Өзі сондай қарқылдақ Қарға
10. Дауысы бар жаны жоқ
Шертсең күйі әні көп
Құлағын оң бұра
Ол не? Домбыра
Келесі кезекті Еркебұлан Амир «Туған жерім тамаша» Мұзафар Әлімбаев «Таңшолпан» тобы – Тұтаспаева Жанар Сейтімбекқызы
• Мейірханов Қожабатыр «Туған жер» М. Әлімбаев «Таңшолпан» тобы – Тұтаспаева Жанар Сейтімбекқызы
• Жанкелдіұлы Әлиасқар «Туған жер» Өтебай. Тұрманжанов «Таңшолпан» тобы – Тұтаспаева Жанар Сейтімбекқызы
Теңіздей тербетіліп көл бетінде
Бишілер билеп кетті тербетіле
Аққулар қалықтаған теңіздегі
Бишілер өнерлерін көрсетуде балабақшамыздың бишілерін «Азия» биімен ортаға шақырамыз.
Көкке қолын созады
Көкбайрағым желбіреп
Бәріненде озады
Менің елім кең жүрек
• Кәденов Әмір «Қазақстан» Қымбат Әбділдәқызы «Күншуақ» тобы - Жолдасбаева Гүлсара Мұхамбетқызы
• Жанғали Нұрбол «Туған жер» Гүлжан Мусаева «Күншуақ» тобы - Жолдасбаева Гүлсара Мұхамбетқызы
• Болат Дариға «Менің елім» Жақсыгүл Қалжанова «Күншуақ» тобы - Жолдасбаева Гүлсара Мұхамбетқызы
Еркелеткен төрінде
Елімізді сүйеміз
Ата баба қалдырған
Байлығына иеміз
• Ізтаева Зарина «Туған жерім тамаша»Мұзафар Әлімбаев «Гүлдәурен» тобы - Бисеналина Дәмегүл Нағиқызы
• Кенжеғалиева Сара ««Туған өлке» Өтебай. Тұрманжанов»«Гүлдәурен» тобы - Бисеналина Дәмегүл Нағиқызы
• Байдулина Дания «Туған жер»Рамазан Тышқанбаев «Гүлдәурен» тобы - Бисеналина Дәмегүл Нағиқызы
• Амантай Аружан «Поезжай за моря - океаны» М. Исаковкий «Звездочка» тобы - Арстанова Алия Батаевна
• Жалель Жансен «Где всего прекрасней на земле» Павлыченко «Звездочка» тобы - Арстанова Алия Батаевна
Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем әнмен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй
Ән «Ортеке» орындайтын «Таңшолпан» тобының тәрбиеленушісі
Еркебұлан Амир
Мәнерлеп оқу сайысы
Қандырар көрермен айызын
Топты қорғап ішінен
Шығасын жарып қайсысың
Әділ қазылар сөз кезегі өздеріңізде.
Марапаттау
Осымен «Туған өлкем мақтанышым» атты сайысымыз өз мәресіне жетті.
Бейбіт таңдар арайланып атады
Туған жерді аймалайды шапағы
Байтақ елім Қазақстан
Ең бақытты балалардың Отаны
Қымбатты балалар, қонақтар! Тұғыры биік елімізде өнерлі, білімді өрісі кеңге жайылған саналы ұрпақтарымыз көп болса, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену біздер үшін толғандырған мәселе болары анық. Ендеше, әрбір бала жұлдызын жарқырата білейік! Талапты бүлдіршіндеріміздің болашағы жарқын, атар таңы арайлы болсын! Сәт сапар тілейміз!
Туған өлкем
- Калдыгул
- 8 ақпан 2013
- 10227
- 0
- 0
Ілмек сөздер: балабақшада, мәнерлеп өлең оқу, сайысы, туған өлкем
Ұқсас жаңалықтар:
«Туған жерге тағзым» атты өнер фестивалінің сценарииі
Шырқап ән түгел дауыс көмекейден, Сайра тіл ағыл - тегіл, салған жерден. Келіңдер кел, жолдастар ән шырқайық, Жойқын үн жатсын жарап біздің елден....Туған өлкем
Өтебай Тұрманжановтың өмірі мен шығармашылық жолын таныстыра отырып, өлеңнің мазмұны мен идеясын түсіндіру....Атмосфера тарауын тиянақтау
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы Комсомол жалпы орта мектебі География пәнінің мұғалімі: Есенбаева Зинура...Ғажайып бір минут
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Бастауыш сыныбының мұғалімі Макуова Нуршат Аманкосовна Тақырыбы:Ғажайып бір минут. Мақсаты: 1....«Туған жерім – Қазақстан»
«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ Мектепалды даярлық тобы Тәрбиеші: Естекова Ж.С Тақырыбы: «Туған жерім – Қазақстан» ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.