«Ер Төстік» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру салалары: «Таным» «Шығармашылық»
Бөлімдері: Экология
Тақырыбы: «Қысқы табиғат»
Мақсаты: 1. Білімділік: Қоршаған орта, табиғат пен тіршілік арасындағы байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру. Табиғатта болатын құбылыстарды танып, терең, сезіне білуге тәрбиелеу.
2. Дамытушылық: Балалардың логикалық ойлау іс-әрекетін дамытып, жан-жақты ойын арқылы баланың қиялын ой – өрісін есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік: Балаларға табиғаттың төрт құдіретінің ерекшелігі туралы түсініктерін қалыптастыру, қоршаған ортаны қадірлей білу және қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Табиғаттың суреттері, гуаш, сәбіз,
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс – әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық: Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, келген қонақтармен, бүгінгі күнмен амандасады.
- Балалар қазір бізде қыс мезгілі, қыста қар жауады. Енді мына қар арқылы бір-бірімізге жылы тілектер айтайық. (Шеңбер бойында бір-біріне тілек айтқызу). Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізде «Қысқы табиғатпен танысамыз.
- Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, кім шешуін табады екен?
Аяз қыстап, өрнек сызып,
Терезені торлайды,
Қарға омбығып, бет домбығып,
Балдырғандар ойнайды,
Кейде ұлып, кейде ысқырып,
Ұйытқып боран соғады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір қыстың қай айы?
- Ол қандай ай?
- Қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды?
- Көрдіңдер ме балалар қыс мезгілі қандай тамаша.
- Ал енді балалар табиғат дегеніміз не? Тағы кім айтады? (суреттерді жапсырады)
Табиғат-біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз!
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз!
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
(Қарды ұсынып бір-бірлеріне жылы жүрекпен өз тілектерін айтады. Балалар қызыға тыңдайды).
- Қазір жылдың қыс мезгілі.
- Ақпан айы
- Ақпан айы қыстың соңғы айы. Қыста шанамен сырғанаймыз, аққала жасаймыз, қармен ойнаймыз
Адам, торғай, ағаш, күн, жануарлар
Бізді қоршаған орта
Іздену барлау
Тәрбиеші: - Балалар енді мына суретке қарап қай мезгілге байланысты, балалар не істеп жүр екен әңгіме құрастырайық.
- Дұрыс айтасыңдар енді орнымыздан тұрайық сергіту сәтін жасайық.
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап дем алам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.
Орнымызға отырайық.
- Жақсы балалар сендер қыс мезгілін білдіңдер.
(Осы кезде есік қағып «Қоян» келеді).
- Сәлеметсіңдер ме балалар? Мен сендерге өзіммен бірге жұмбақ ала келдім, кім шешуін табады екен.
Ақ жібек асыл көрпедей,
Қыс болса жерді жабады.
Жазғытұрым болғанда
Су болып сайға ағады (Қар)
Жерге қазық қақтым,
Басына айдар тақтым (Сәбіз)
- Олай болса балалар осы сәбіз арқылы жауып тұрған қардың суретін салып бересіңдер ме?
- Балалар алдымыздағы беттің түсі қандай? Қандай пішінге ұқсайды? Қардың түсі қандай?
- Салған суреттерімізден қоянға көрме жасап берейік. Қоянға ұнады ма екен?
- Рахмет сендерге балалар тамаша сурет салдыңдар. Сендердің салған суреттеріңді алып орманға қайтайын. Достарыма көрсетемін. Сау болыңдар.
Сау бол қоян
(Балалар қызыға қарайды. Суретке қарап әңгіме айтады, қимылмен көрсетеді)
Рефлексивті – қорытындылау
- Балалар сендер қыс мезгіліне байланысты тақпақтар білесіңдер ме?
- Енді балалар ойын ойнайық Д. о «Ойлан тап» (Қыс мезгіліне байланысты суреттерді тақтаға жапсырады)
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
(Үш ай бар)
- Қандай айлар?
(желтоқсан, қаңтар, ақпан)
- Ақпан қыстың қандай айы? (Балалар тақпақтарын айтады, балалар қуана келіседі)
(Ақпан қыстың соңғы айы)
(Суреттер: Аққала, коньки, шаңғы, қоян)
Күтілетін нәтиже Білуі немесе хабардар болуы; Қыс мезгілі туралы түсінік алды.
Қалыптасқан әдет: Өз ойларын толық айта алады.
Істей біледі: Суретке әңгіме құрастырады
Қысқы табиғат
- Ж_а_н_а_р
- 31 қаңтар 2013
- 49286
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Балабақша, табиғат, қыс туралы, ертеңгілік
Ұқсас жаңалықтар:
Қысқы ағаштар
Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейту. Табиғат құбылыстарының сұлулығын сезіну. Табиғатты қорғап, аялауға тәрбиелеу. Ағаштардың...Жапалақтап жауған қар
Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту. Қысқы табиғат көрінісі, қысқы ойын түрлерін атау....Қыс қызығы
Мақсаты: Сурет бойынша балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Балалардың сөздік қорын байыту. Бүлдіршіндердің қыс мезгілі, қысқы ойын...Қысқы ойын
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, № 7 «Балдырған» балалар бақшасы тәрбиеші: Қарымсақова Рабиға...Үй құстары мен дала құстары
Тәрбиеші: Интыбекова Ж. А...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.