Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру салалары: Қатынас
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы. Сурет бойынша әңгіме құрастыру М, Н дыбыстары
Мақсаты:
1. білімділік Мамандық иелері туралы түсініктерін кеңейту.
2. дамытушылық Сөзді байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту.
3. тәрбиелік Мамандық иелерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Аспаз - повар - cook, мұғалім - учитель - teacher, дәрігер - врач - doctor.
Қолданатын көрнекіліктер: Мамандық иелерінің суреттері.
Әрекет кез
Әрекетті туындату, түрткі болу
Тәрбиеші балабақшаға келе жатып кітап тауып алғанын айтып, балаларға кітапты ашып өлең оқып береді. Балалар қызығушылықпен қарайды.
Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу Мамандықтар туралы өлең оқып, мазмұнын түсіндіреді.
Суретпен жұмыс.
Суреттегі мамандық иелерін және олардың атқаратын қызметтерін сұрау.
Дид/ойын: «Қай мамандық иесі?»
- Тарағы бар қолында,
Кімді айттым ойымда?
- Қалағы бар қолында,
Кімді айттым ойымда?
- Ожауы бар қолында,
Кімді айттым ойымда?
- Күрегі бар қолында,
Кімді айттым ойымда?
Суретпен жұмыс.
«Менің болашақ мамандығым» тақырыбында балалармен әңгімелесу.
«Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны.
Мақсаты: мамандықтардың қызметі туралы білімдерін бекіту.
Қойшы балаларды оқытып жүр.
Жүргізуші машина жүргізеді
Аспазшы үй салып жүр.
Жазушы хат, газеттер тасып жүр.
Дәрігер етік тігіп отыр.
Мұғалім балаларды емдеп жүр.
Ұшқыш әдемі киім тігеді.
Өрт сөндіруші өртті сөндіреді.
Суретші сахнада ән айтып тұр.
Сөздік жұмыс.
Аспаз - повар - cook
мұғалім - учитель - teacher
дәрігер - врач - doctor
Сергіту сәті.
Балалар тәрбиешінің әңгімесін мұқият тыңдайды.
Бұл - дәрігер. Ол адамдарды емдейді. т. б
Шаштараз
Құрылысшы
Аспаз
Диқан
Балалар болашақта қандай мамандық иелері болғысы келетіндері туралы әңгімелеп айтады.
Балалар дұрыс емес жерлерін түзетіп айтады.
Қайталап жатқа айтады.
Сергіту сәтін қимылмен орындайды.
Рефлекция – түзету жұмыстары
Дид/ ойын: «Кім көп біледі?»
Мақсаты: Сұрақтар қоя отырып алған білімдерін тиянақтау.
- Бүгін кімдер туралы айттық?
- Қандай мамандық иелерін білесіңдер?
- Біздің балабақшада кімдер қызмет етеді?
Мақал - мәтел жаттау.
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарнын тіленбей.
Балаларды мақтау, мадақтау. Балалар мамандық иелері туралы айтылғандығын және оларды атап, балабақшада тәрбиеші, аспаз, дәрігер т. б қызметкерлер еңбек ететінін айтады.
Балалар мағнасын түсініп, жатқа айтады.
Балалар тәрбиешінің мадақтағанына риза болады.
Күтілетін нәтиже
Біледі: Мамандық иелерін атай біледі.
Түсінігі бар: Мамандық иелерінің қандай қызмет ететінін біледі.
Орындай алады: Берілген сұрақтарға жауап беріп, әңгімелей алады.
Мамандықтың бәрі жақсы. Сурет бойынша әңгіме құрастыру М, Н дыбыстары
- ramuk_b
- 24 ақпан 2019
- 2645
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мамандық иелері туралы, мамандықтың бәрі жақсы, мамандық туралы түсінік беру
Ұқсас жаңалықтар:
Мамандықтың бәрі жақсы
Көлік, мамандық туралы білімдерін тиянақтау. Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жұмбақ шешіп, тақпақ айту арқылы толық сөйлеуге баулып, сөздік...Мамандықтың бәрі жақсы
Шаттық шеңбері: Достар бірге жүреміз, Бірге ойнаймыз, күлеміз. Бірге балық аулаймыз,...Мамандықтың бәрі қажет, мамандықтың бәрі керек
Мақсаты: Үлкендердің еңбегі туралы түсініктерін кеңейту, құрметтеуге, бағалауға үйрету. Сүрет бойынша «Мен кім боламын?» әңгіме құрастыру. Еңбекке...Кім болғым келеді?
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: сабақты өткен тақырыптармен байланыстыра отырып, мамандық иелерінің не істейтінін, қайда істейтінін оқушыларға...Мамандықтың бәрі жақсы
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Сапақкөл орта мектебінің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Бисенгалиева Шаттық Жумаевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.