Тақырыбы: Жыл мезгілдеріндегі көжектерге қамқорлық
Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным», «Әлеумет».
Құзыреттілікке жеткізетін мақсат міндеттері:
Білімділігі: қарапайым математикалық ұғымдағы дидактикалық ойындар арқылы білімдерін тексеру. Балалардың танымдық қабілетін дамыту, сөздік қорларын байыту. Табиғат жайлы түсінігін тереңдету, жалпы табиғат жайлы мағлұмат беру, барлық тыныс тіршіліктің бастауы, көктемнің ерекшелігін байқату, табиғатты қорғау, оларды қарсы алу. Халық қазынасы мақал - мәтелді пайдалана білуге үйрету. Құстар туралы білімдерін жетілдіру.
Дамытушылығы: балалардың сөйлеу мәдениетінің белсенділігін дамыту. Балалардың ой - өрісін дамыту, әрбір баланың өзіндік ерекшелігін ескере отырып, жеке дара жұмыс жүргізу. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: бүлдіршіндерді ұғымталдыққа, бірлесіп жұмыс істей білу,
мейірімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту, жануарларға қамқорлық, мейірімділік сезімдерін ояту, қызықты ойындар арқылы балалардың эмоциялық сезімдерін дамыту. Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге, аң - құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіне қолданылатын әдіс - тәсілдер: сөздік, ойын түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, қойылым.
Пәнаралық байланыс: сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен таныстыру, экология негіздері, ҚМҰҚ.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіне қолданылатын көрнекі құралдар: табиғат суреттері, бейне таспа, құстар, үлестірмелі материалдар. Қарға, ақ көжек, сұр көжек костюмдері, ҚМҰҚ тапсырмаларынан 4 картиналар, көжектер үйшік алаңынан слайд, тақта, диск, жабайы аңдар суреттер, поезд макеті, ноутбуг.
Сөздік жұмыс: қыс, табиғат, құстар, торғай, сауысқан, тоқылдақ, қарға, көгершін, тауық, әтеш, қыс, ұя, аю, жолбарыс, қасқыр, көктем.
Билингвалық компоненттер: торғай - воробей – sparrow, сауысқан - сорока - magpie, тоқылдақ - дятель - woodpecker, қарға - ворона - crow, көгершін - голубь – pigeon, тауық - курица – hen, әтеш - петух – cock. Қасқыр – волг – wolf, жолбарыс – тигр – tiger, аю - медьвед – bear
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші:
Ән салуға барамыз,
Досымызды табамыз.
Сәлемет пе! Міне, мен!
Доспын енді сендермен.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Шаттық шеңбер:
- Қайырлы таң, табиғат!
- Қайырлы таң, ормандар, көлдер мен таулар!
- Қайырлы таң, құстар мен аңдар!
- Сәлеметсіңдер ме қонақтар!
Ойын:"Табиғат деген не?"
Шарты: Мен сендерге доп лақтырып сұрақтар қоямын сендер жауап бересіңдер?
1) Табиғат деген не?
- Қоршаған орта.
2) Қоршаған орта деген не?
- Жер, су, ауа, өсімдік, т. б.
3) Табиғат нешеге бөлінеді?
- Екіге. Өлі және тірі.
4) Өлі табиғат деген не?
- Тау, тас, су, өзен, көл, құм т. б.
5) Тірі табиғат деген не?
- Жәндіктер, жануарлар, құстар, аңдар т. б.
Тәрбиеші:
- Жарайсыңдар балалар бұл ойынды керемет ойнадыңдар. Бүгін келген қонақтармен бірге табиғат ананың төрт мезгіліне шолу жасаймыз.
1.
ҚЫС
Тәрбиеші: Балалар қазір қандай мезгіл?
- Қыс мезгілі.
- Қыс мезгілін үш тілде айтайықшы?
Қыс - зима – winter
- Қыс мезгілінде күн аяз, салқын болады.
- Қыста қандай өзгерістер болады?
- Қыс мезгілінде қандай ойындар немен ойнайсыңдар?
- Мәнерлеп сырғанау, шанамен ойнаймыз,
- Шана туралы кім жұмбақ айтады?
Бір жұмбағым бар, асты қар,
Қадамы жоқ, ізі бар,
Мойнында жібі бар.
Табаны жалпақ боз жорға,
Тайпалсын десең, сал жолға. (Шана)
Ал мыналар қандай құстар? (Суретпен жұмыс)
Тауық, әтеш, үйрек, қаз, күркетауық.
Үш тілде: Тауық - курица – hen, әтеш - петух – cock.
- Олар үй құстары деп аталады.
- Үй құстары олардың пайдасы қандай?
- Жүнінен мамық, жастық, етін, жұмыртқасын тамаққа т. б. пайдаланады.
Ал мыналар дала құстары.
- Қыста құстар қай жаққа ұшып кетеді?
- Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Суретпен 3 тілде жұмыс
- Ал қандай құстар қыстап қалады?
- Сауысқан, қарға, суық торғай, тоқылдақ, кептер.
Үш тілде: Торғай - воробей – sparrow, қарға - ворона – crow.
- Құстардың қандай пайдасы бар?
- Құрт құмырсқа жәндіктерден табиғатымызды қорғайды екен.
Құстардың дауыстарын тыңдау
Фланелеграф театрымен жұмыс ( үй. дала құстарын орналастыру)
Жүргізуші: балалар құстар туралы тақпақтар айтып берейік.
Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Боран соқса қар болар,
Бұтаға қонар қарғалар.
Адамзаттың жақыны
Қарлығаш та ақылды
Көгершін мен екеуі
Жайлайды бір шатырды.
Таспен атып торғайды
Ұя бұзған оңбайды
Құс өкпелеп кетеді
Бақшамызға қонбайды.
Хормен: (орнынан тұрып, қимылмен көрсету)
Келіп көктем құстары,
Бау - бақшада ән салды.
Оларды жас достары
Ұя жасап қарсы алды.
КӨКТЕМ
Енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Жұмбақ
Гүл - гүл жайнап жер, аспан,
Гүрілдейді сайда өзен.
Гүлжазира жарасқан
Гүлдерімен қай кезен? (Көктем)
КӨКТЕМ КАРТИНАСЫМЕН МӘТІН ҚҰРУ
Сергіту сәті
Бетімізге жел соғады,
Тербеледі ағаштар.
Тына қалса қатты жел,
Тоғай биік көрінер.
ЖАЗ
Тәрбиеші: Енді балалар тағыда жұмбақ шешейік.
Өрік алма,
Жидек жүзім піседі.
Қауын қарбыз,
Қияр, сәбіз дүкендерге түседі.
Астық пісіп, орақ түсіп,
Қырман дәнге толады.
Күн, үйеңкі гүлдері пісіреді. (Жаз)
Тәрбиеші: балалар енді мына суретке қарайық, бұл жылдың қай мезгілі?
Олай болса жаз мезгіліне саяхаттайық.
Балалар: жаз мезгілі.
Тәрбиеші: жаз мезгілінде ауа - райы қандай болады?
Балалар: күн ыстық, жылы болады.
Тәрбиеші:
- Балалар ағаш бізге келгенше табиғат ананың бізден табиғатты аялауды білесіңдер ма? - деп сұрады ғой. Олай болса мынадай ойын ойнайық "Дұрыс, дұрыс емес? "Ойынды нодбугтен слайд арқылы орындаймыз.
Шарты: Слайдтан суреттер көрсетіледі соның ішінде қайсысы дұрыс, дұрыс емес екенін айту.
СЛАЙД 6 СУРЕТ
Тәрбиеші:
- Жарайсыңдар балалар, Жер, табиғат туралы ақындар көп өлеңдер жазған, ал сендер не білесіңдер?
ТАҚПАҚТАР
Табиғатым, тіршілігім, ырысым,
Сенсіз менің тарылады тынысым.
Биік - биік тауларыңа қарасам,
Алшаң басып, түзеледі жүрісім.
Сенсің менің тазалығым, тұнығым,
Сенсіз менің үзіледі үмітім,
Сен бар жерде жыр тұнады көңілге,
Сен бар кезде құлшынамын өмірге.
О, адамзат аялашы, қорғашы,
Табиғат мынау тұнған бақ,
Жаратқан Алла бізге арнап.
Желегін жасыл жел тербеп,
Құлпырған қырда қызғалдақ.
Толық нұсқасын жүктеу
Жыл мезгілдеріндегі көжектерге қамқорлық
- aiboll
- 21 маусым 2017
- 2200
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жыл мезгілдері, табиғат, дидактикалық ойындар, балабақшаға арналған сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Құстар біздің досымыз
Мақсаты: Табиғат байлығын қорғау, құстардың тұрмыс - тіршілігімен танысу, көркем сөздермен сөздік қорын молайту. Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап,...Құстар - біздің досымыз
Білімділік: Құстар туралы білімдерін жетілдіру, Құстардың пайдасы тіршілігі туралы түсінік беру. Үй құстарымен дала құстарын ажырату....Үй құстары
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қайыңды ауылы, «Шапағат» балабақшасының тәрбиешісі Шарафиева Динара Равхатовна...Табиғатқа аялы алақан
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: Табиғат жайлы түсінігін тереңдету, жалпы табиғат жайлы мағлұмат беру, барлық тыныс тіршіліктің бастауы, көктемнің...Үй құстары мен дала құстары
Тәрбиеші: Интыбекова Ж. А...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.