Сайтқа кіру Тіркелу

Кескіндемедегі жылы айқын көрініс және «грек палитрасы»

КЕСКІНДЕМЕ

Өткізілетін уақыты:_____________

Сабақтың тақырыбы: Кескіндемедегі жылы айқын көрініс және «грек палитрасы»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды әр түрлі техникаларда жұмыс жасауды үйрету
2. Дамытушылық: Палитрадағы әрбір бояудың мүмкіндіктерін терең зерттеуіне мүмкіндік жасау, түс табудағы оқушылардың шеберліктерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Керекті құрал-жабдықтар: А - 3 форматтағы қағаз, қарындаш, өшіргіш, бор, тақта, әр түрлі техникаларда жасалған сурет таблицалар т.б.

Сабақтың жоспары:
1) Ұйымдастыру кезеңі
2) Өткен сабақты қайталау
3) Ойын жаттығулар, сергіту сәттері
4) Жаңа сабақты түсіндіру
5) Сарамандық жұмыс
6) Сабақты қорытындылау
7) Үй тапсырмасы

Сабақтың барысы: 1. Оқушыларды түгендеу, дайындықтарын тексеру.
2. Балалар біз өткен сабағымызда акварель бояуымен жұмыс жасаудың «Алля-прима» техникасында этюд салған болатынбыз. Соны қысқаша еске түсірейік.
Акварель бояуымен жұмыс жасаудың қандай техникаларын білесіз?
4. Грек палитрасында түстердің шектеулі саны бар палитра түстерін пайдаланады, түстерді түсінуді дамыту үшін жаңадан бастаған суретшілер де, тәжірибелі суретшілер де қолданады. Жүйе тек қара қоңыр, сары, қызыл түстерді пайдалана отырып жеңіл гаммадағы этюд салу. Бұл бізге не береді? Біріншіден оқушылар шектеулі түстерді пайдаланып, басқа түстерді алуға үйренеді.

Акварель бояуымен жұмыс жасағанда ақ түсті бояу мүлде пайдаланылмайды. Ақ бояуды өзіне жағылған бояудың арасында ағарып көрінетін ақ қағаз түсі ауыстырады. Ал қажетті түстік өңді бояуларды алдын ала палитра бетінде араластыру арқылы да, алуға болады. Мейлінше ақшыл көрінетін әсер туғызу үшін, мысалы, ең жарық нүктелерде қағаздың тиісті жері мүлде боялмайды немесе аздап қана боялады. Мұндайда шығарманың колориттік шешімін табуға көмектесетін бояу ретінде ақ қағаздың өзі пайдаланылады.

Акварель техникасының өзіндік ерекшелігі – оның барынша дымқылдығында. Қылқалам бояудан ісініп тұруға тиіс, бояу қағаз бетімен бейне бір өзінен-өзі аққандай болады, қылқалам оның парақ бетінде дұрыс бөлінуіне көмектеседі.
Акварель астындағы сурет өте жеңіл, контурлы болуға тиіс. Егер ол мұқият жасауды талап етсе, оны алдымен басқа парақта жасап алады, ал болашақ акварельге одан тек ең қажетті контурларды ғана түсіреді.
5. Сарамандық жұмыс.
6 Кескіндемедегі жылы айқын көрініс және «грек палитрасы» жайлы түсінік алады. Шектеулі түстер палитрасымен жұмыс жасауды үйренеді, түстерді бір-біріне қосу арқылы басқа түстер ала алады.
7. Үйге ойдан натюрморттық композиция құру.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×