Сабақтың тақырыбы: Түрлі техникалардағы акварель кескіндемесі (алла прима).
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды әр түрлі техникаларда жұмыс жасауды үйрету
2. Дамытушылық: Палитрадағы әрбір бояудың мүмкіндіктерін терең зерттеуіне мүмкіндік жасау, түс табудағы оқушылардың шеберліктерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Керекті құрал - жабдықтар: А - 3 форматтағы қағаз, қарындаш, өшіргіш, бор, тақта, әр түрлі техникаларда жасалған сурет таблицалар т. б.
Сабақтың жоспары:
1) Ұйымдастыру кезеңі
2) Өткен сабақты қайталау
3) Ойын жаттығулар, сергіту сәттері
4) Жаңа сабақты түсіндіру
5) Сарамандық жұмыс
6) Сабақты қорытындылау
7) Үй тапсырмасы
Сабақтың барысы: 1. Оқушыларды түгендеу, дайындықтарын тексеру.
2. Балалар біз өткен сабағымызда акварель бояуымен жұмыс жасау техникасын өткен болатынбыз. Соны қысқаша еске түсірейік.
1) Пуантилизм әдісі суретті түрлі дақтар мен нүктелер арқылы салу.
2) Дымқыл әдіс арқылы субояумен сурет салу
3. Ойын жаттығулар. Жаңа сабағымызды бастамас бұрын кішкене ойын жаттығу сергіту сәттерін жасап өтейік.
1) Мен балаларға түрлі геометриялық қиындылар көрсетемін түсінің қандай екенін айту керек (суық немесе жылы)
2) Екі түсті қосқанда қандай түс шығатынын табады (Мысалы: сары+көк=жасыл, сары+қызыл=сәбіз түс).
3) Оқушылармен қимыл - қозғалыс жасау ойыны.
4. Акварель живописі. Акварель живописінде жұмыс істеу техникасы мен әдістері майлы бояумен жұмыс істеуден айтарлықтай ерекшеленеді. «Акварель» сөзі латынның aqua –« су» деген сөзінен шыққан. Акварель бояулардың негізгі ерекшелігі – аса мөлдірлігі. Бұл – ақ бояу мүлде қолданылмайтын бірден - бір живопистік техника.
«Акварель» бояулар қолдануға ыңғайлы да қарапайым, қағазға оңай жағылады және шапшаң кебеді. Алайда, бұған қарамастан, акварель техникасы – мейлінше күрделі техникалардың бірі.
Майлы бояудан немесе темперадан айырмашылығы сол, акварель қайта жасау мен түзетулерге іс жүзінде мүлдем дерлік жол бермейді – бұрын жағылған бояудың үстіне жаңадан бояу жағу арқылы тек қарайтуға ғана болады, ал қарайған жерлерді неғұрлым ағарта түсуге енді болмайды. Акварельмен жұмыс істей отырып, оқушы қылқаламмен бірінші бояуды жақпас бұрын, одан кейінгі бүкіл жұмыс барысын жалпылама болса да ойша елестетуге тиіс. Егер жұмыстың біршама бастапқы сатысында елеулі олқылықтар байқалса, онда губкамен немесе үлкен жұмсақ қылқаламмен қайсы бір фрагментті немесе тіпті жасалғанның бәрін шайып тастайды. Қалған ақшыл ізді толық кептіріп алады да қайтадан сала бастайды. Бұлай шаю кезінде бояуды қылқалам немесе губка емес, су шаятынын, сондықтан қағазға абайлап қарау керектігін, суды көбірек пайдалану және оның артық тамшыларын жиі алып тастап отыру керектігін есте ұстау керек.
Акварель техникасының өзіндік ерекшелігі – оның барынша дымқылдығында. Қылқалам бояудан ісініп тұруға тиіс, бояу қағаз бетімен бейне бір өзінен - өзі аққандай болады, қылқалам оның парақ бетінде дұрыс бөлінуіне көмектеседі.
Акварель астындағы сурет өте жеңіл, контурлы болуға тиіс. Егер ол мұқият жасауды талап етсе, оны алдымен басқа парақта жасап алады, ал болашақ акварельге одан тек ең қажетті контурларды ғана түсіреді.
Акварельмен жұмыс жасаудың үш әдісі бар.
Біріншіден, алғашқы да бояулармен өте жеңіл, заттың өзіне қарағанда әлдеқайда әлсіз және мөлдір болып келетін ортақ төсем жасай отырып, ал одан кейін кепкен алдыңғы қабат бетіне бірізді жұқа, лессировкалы қабат түсіру арқылы түсті біртіндеп күшейте отырып, құрғақ қағазда көп қабатты жұмыс жасауға болады.
Екіншіден, дымқыл қағазға, түсті бірден түсіре отырып, бір қабат етіп те салады, бұл кезде бояу жағындылары азды - көпті жайылып, бір - бірімен араласып жатады. Соңғы техника мейлінше күрделі: қағаздың қажетті дәрежедегі дымқылдығын дұрыс сезініп, анықтауға тек ұзақ тәжірибе ғана көмектеседі. Тым дымқыл қағаз бетінде жұмыс істеу бояу түсін күшті әлсіретіп, шайып кетуі мүмкін.
Үшіншіден, тиісті түсті бірден барлық күшінде, мозайкадағы сияқты, ұсақ жағындылармен түсіре отырып, құрғақ қағаз бетінде, бірақ бір қабат етіп те жұмыс істеуге болады. Мұндай жекелеген жағындылар көрші бояу жағындылармен (әлі кебе қоймаған) «дәнекерлене» отырып, бір түстен екінші түске біртіндеп көшуге мүмкіндік жасайды. Осы әдіс «алла прима» деп аталады.
Сурет салуды меңгеруді тірі модельден емес, «өлі», қозғалмайтын модельден – натюрморттан (француздың natura - morte өлі табиғат, натура деген сөзінен шыққан) бастаған жақсы. Натюмортты ол тұруға шаршап, кетіп қалады, тұрған қалпын өзгертеді деп қорықпай - ақ, оны түрлі нүктелерден мұқият зерттей отырып, қалағанынша ұзақ салуға болады. Онымен жұмыс істеу үстінде оқушылар заттардың формасын құруға, оның конструкциясын талдауға, олардың өзгеше ерекшеліктерін де, олардың арасындағы өзара байланысты да табуға үйренеді.
Сурет салуды бастай отырып, алдарында жатқан жазық қағаз емес, бейне бір терезе, оның арғы жағынан натюрмортты, оның көлемдерін және олар орналасқан кеңістікті көріп тұрмыз деп елестету керек. Міне осыны қағаз бетінде беру керек. Суретті компановка жасауға кірісе отырып, суретші натюрморттың бүкіл силуэті қандай жалпы формаға енетінін, парақты қалай орналастырған дұрыс екенін (горизонталь немесе вертикаль,) суретті үлкендігі қандай болу керектігін, композицияның жалпы тепе - теңдігін сақтау үшін қағаз бетінде оны қай және бәлкім, қаншалықты жылжытқан дұрыс екенін ойлап алуға тиіс, заттар ауада асылып тұрмауға тиіс, оларды әлдененің үстіне қою, яғни олар тұрған негіздің қандай да бір бөлігін және олардың айналасындағы кеңістікті көрсету керек. Түсіп тұрған қара көлеңкелерді де ескерген жөн: олар суреттің қайсыбір бөлігін «ауырлатуы» мүмкін. Және ақырғысы – сурет парақтың шетіне тіреліп тұруға тиіс емес, сонымен оның ішінде, бейнелеп айтқанда, «жүзіп жүруге» де тиіс емес.
Аққа қарамен сурет сала отырып, тек форманы ғана емес, сонымен заттардың алуан түрлі бояуын, олардың фактурасын беруге ұмтылу керек. Осы тональдық (өң - түстік) қатынастар суретте, натураға қарағанда, әлде қайда кедей, қарапайым.
5. Сарамандық жұмыс барысында оқушыларға әр түрлі техникаларда жұмыс істеудің қыр - сырын үйретемін.
6. Өнерде қатаң рецептер жоқ. Натюрмортты қою үшін де рецептер жоқ, оларды суретшінің талғамы, сезімі, ішкі түйсігі, композициялық көрегендігі ауыстырады. Тек кейбір, ең жалпы сәттерді ғана атап өтелік. Ең алдымен заттардың жиынтығы кездейсоқ бола алмайды, оларды әлдене біріктіруге, жақындастыруға тиіс, оларда белгілі бір идея, тақырып болуға тиіс. Бұл, мысалы, еңбек заттары, өсімдіктер, жемістер немесе тамақ, белгілі бір тұрмысты сипаттайтын көне немесе тұрмыстық заттар және т. б. сол сияқты алуан түрлі бұйымдар болуы мүмкін.
7. Үй тапсырмасын әр түрлі техникаларда бірнеше кіші форматта этюдтар салып келуін тапсырамын.
Түрлі техникалардағы акварель кескіндемесі
- ramuk_b
- 14 наурыз 2019
- 4460
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Түрлі техникалардағы акварель кескіндемесі, сыршырай, кескіндеме сабағынан сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
«Дымқыл күй» техникасындағы этюд
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды әр түрлі техникаларда жұмыс жасауды үйрету...Гипстік модель кірістірілген күрделі гуашь натюрморт кескіндемесі
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды гуашь бояуымен жұмыс жасауды үйрету...Портретті бояумен кескіндеу (кескіндеме сабағы)
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Кескіндеме портретіндегі натураның жеке даралығын көрсету. 2. Дамытушылық: Балалардың бояумен портретті салуын,...Гипсті құйма кіріктірілген 4 - 5 заттан құралған натюрмортты бейнелеу (суре ...
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды гипс құйма біріктірілген натюрмортты бейнелеуге үйрету. 2. Дамытушылық: Балаларды жарық - көлеңке бере...Түсі де реңі де бір - біріне жақын қарапайым 3 - 4 заттан құралған натюрмор ...
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды гуашь бояуымен жұмыс жасауды үйрету 2. Дамытушылық: Гуашь бояуының мүмкіндіктерін терең зерттеуіне...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.