Сайтқа кіру Тіркелу

Can you play the guitar?

Сабақтың тақырыбы: Can you play the guitar?
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды модальдық «саn» етістігімен таныстыра отырып, оның басқа етістіктерден айырмашылығын түсіндіру. «саn» етістігін хабарлы, сұраулы, болымсыз сөйлемдерде қолдана білуге үйрету.
2. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін сөйлемде қолдана білуге дағдыландыру. Ауызша сөйлей білу дағдысын қалыптастыру. Олардың таным белсенділігін арттыру.
3. оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, жауапкершілігін, өздеріне деген сенімін арттыру, ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, диалог, монолог, ойын, жеке, жұппен, топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, үлестірме қағаздар, стикерлер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Good morning, good morning,
Good morning to you!
Good morning, good morning,
I am glad to see you!

Үй тапсырмасын сұрау: амандасу, танысу, «What’s this?» сұрағын қолдана отырып, жауап беру арқылы диалог құрау. «Допты қағып ал» ойны арқылы өткен сөздіктерді қайталау.
Үй тапсырмасын бекіту: жаттаған тақпақтарын айту.
Тіл дамыту жаттығуы: I can read, I can write,
I can speak English too.
I love learning English,
And what about you?
Мына тақпақта қандай сөз жиі қайталанып тұр? Дұрыс, «саn» сөзі, «can» модальдық етістік екен. Етістік дегеніміз не? Іс - қимылды білдіретін сөздер.
«can»модальдық етістігі қолымнан келеді, істей аламын дегенді білдіреді. Яғни, қабілетті, мүмкіндікті білдіреді. Ол іс - қимылды білдірмейді, бірақ іс - қимылды білдіретін етістігімен бірге қолданылады. I can read – мен оқи аламын. I can play – мен ойнай аламын. I can jump – мен секіре аламын.
«Can»модальды етістігінің қолданылуы:
Хабарлы сөйлемде Болымсыз сөйлемде Сұраулы сөйлемде
I (мен) can read. I (мен) can not read. Сan I read?
You (сен) can read. You(сен) can not read. Can you read?
He(she)(ол) can read. He(she)(ол) can not read. Can he(she) read?
We (біз) can read. We(біз) can not read. Can we read?
You (сендер) can read You (сендер) can not read. Can you read?
They (олар) can read. They(олар) can not read. Can they read?

Граматикалық ережені бекіту: суреттерге қарап мысалдар келтіру.
Сергіту сәті: I can jump,
I can dance,
I can fly,
I can swim.

«Сөздер банкасы» ойыны.
Сөздікпен жұмыс: flute[flu: t]флейта, guitar[gita]гитара, dombyra[domb` ra]домбыра, violin[vaiә` lin]скрипка, cello[tςеlәu]вимоленчель, instrument[instrument]аспап.
Жаттығу жұмыстары: музыкалық аспаптарды «can»етістігін қолдана отырып, сөйлем құрау.
Кітаппен жұмыс: 2 - жаттығудағы мәтінді оқу, аудару.
Бекіту: үлесірме қағаздармен жұмыс.
Суреттермен жұмыс.
Сабақты қорытындылау: сонымен балалар, бүгінгі сабақта не үйрендік? Сұрақтарға жауап беріп, қимылмен көрсету.
1. What instrument can you play?
2. Can you play football?
3. Can you play the flute?
4. Can you play basketball?
5. Can you jump?
6. Can you dance?
7. Can you play the dombyra?
Who can play the dombyra? Come here and play the dombyra.
Үйге тапсырма: ех 2, 10с, сөздерді жаттау.
Бағалау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×