Тақырыбы: «Әрқашан күн сөнбесін!»
Мақсаты: Білім беру процесіндегі барлық қатысушылардың өмірге позитивті қарым – қатынасын қалыптастыруға ықпал ету. Оқушыларға өмірдің әрбір сәтін бағалауға, сүюге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: шарлар, субояқтар, гуашьтар, қылқаламдар, түрлі – түсті борлар, фломастерлер, маркерлер, мотиватор – суреттер, кабинет есіктеріне, қабырғаға жапсыратын күлкілі әңгімелер, музыка құралдары (ноутбук, микрофон, колонкалар), фотоаппарат
Ұйымдастыру бөлімі
1. Шығармашылық топ құру
Акция дайындығы мен өткізілуіне біз мектеп оқушыларын тартамыз. Бұған, әрине мектепішілік өзін - өзі басқарушыларының белсенділері, сонымен қатар, ерекше педагогикалық көмекті қажет ететін оқушылар қатары болып саналады. Оқушы – еріктілерді басқалардан ерекшелендіріп тұратын атрибуттарға ие болғаны жақсы. Бұл бейджиктер, кепкалар, ашық түсті галстуктер немесе т. б.
2. Акция
Әрбір акцияға біздің ұранымыз бар. Мысалы: «Менің ұраным: Әр қашан күн сөнбесін!». Біз сонымен қатар оңай техникаларды ойлап тауып және қаржылай шығынды қажет етпейтін, қолда бар құрал – жабдықтарды қолдануға тырысамыз.
3. Өмірдегі әртүрлі жағдайларға позитивті қатынас туралы презентация дайындау.
Мұндай жұмыс формасын, суицидке бейім немесе қандай да бір себептермен эмоционалды тұйықталған оқушыларға тақырыптық мультимедиялық бейнефильмдер жасатуды түзету амалы ретінде қолдануға болады.
Басқа нұсқасы - сынып немесе бөлек авторлар арасында мысалға, «өмір керемет, өмір сүру тіптен тамаша!» ең тамаша презентациялар мен бейнефильмдер алдын ала дайындалып және акцияны өткізетін күні мектеп дәлізінде орнатылған ақпараттық тақтада көрсетіледі.
4. «Әдемі езу»
Бұл атау фотосурет марафоны деп аталады, акция күнінен екі апта бұрын көрсетіледі. Фотосурет марафонына мектеп оқушылары, мұғалімдер және де ата – аналар қатыса алады. Автордың ойынша, фотосуреттер жағымды эмоция тудырарлықтай болуы қажет.
5. Акция жарнамасы
Өткізілетін шара алдында мектеп ішінде іс - шара бағдарламасын жарнамалайтын парақшалар ілінеді. Бұл ақпарат мектепішілік радио арқылы хабарланады және мектепішілік сайтта жарияланады.
6 Мектепті безендіру
Мерекелік көңіл – күйді қалыптастыру мақсатында біз мектептің ішін шарлармен, қабырғалар мен сынып есіктеріне мотиватор суреттерді, әзілқой әңгімелерді іліп қоямыз.
Негізгі бөлім
1. «Радиоэфир»
Акция күні үзіліс уақытында жағымды атмосфера қалыптастыру мақсатында әуен ойналып тұрады, мектепішілік жаңалықтар, акция бағдарламасы хабарланып отырады. Тікелей эфирді өтініш бойынша да жүргізуге болады. Мұндай ой тек балаларға ғана емес, педагогтарға да ұнайды. Тыңдаушылар қуана – қуана бір – біріне (сыныптарына) сәлемдемелер, құттықтаулар, әндер жолдай алады.
2. «Әдемі езу»
Үзіліс кезінде мектеп ішінде «Көңілді фотограф» жұмыс жасайды. Оның рөлінде мектеп қызметкері, суретке түсіру ісімен айналысатын жоғары сынып оқушысы бола алады. Суретке түсуге ниет танытқан оқушыларды, мұғалімдерді қуана – қуана суретке түсіреді және де бұл суреттер ақпарат беттерінде көрсетілетін болады.
3. «Өмірге жеңіл қадам бас!»
Ұстаздарға ашық, жағымды көңіл - күй сыйлау үшін тамаша, керемет – тосын сый дайындалады Бұл туралы үлкен үзілісте, мұғалімдер бөлмесінде айтылады. Сабын көпіршіктерін ұжым арасында үрлеп шығарып ойнау ұсынылады. Бұл мұғалімдердің балалық шағын есіне түсіріп, көңіл – күйлерін бір серпілтіп тастайды.
4 «Өмірдің жарқын жолдары»
Мектеп дәлізіне қарапайым газет немесе қабырға
түс қағазы жайылады. Жұмыс істеуге ыңғайлы болу үшін газеттерді, қабырға түс қағазын скотч немесе желіммен желімделеді. Акцияға қатысушыларға өмір жолын жағымды, маңызды жаңалықтармен, керемет көңіл – күймен, жағымды эмоциямен байланысты әртүрлі түстермен бояу ұсынылады. Сурет салатын құралдарды алдын ала дайындап қойған жөн. Бұл субояқтар немесе гуашьтар, түрлі – түсті борлар болуы мүмкін.
5. «Әр адамның жүзінде бар күншуақ»
Бұнда еріктілер субояқтың және әрлеуші құралдардың көмегімен қатысушылардың беттеріне смайликтердің немесе күннің бейнесін салады. Бұны көбіне бастауыш сынып оқушылары өте қатты ұнатады. Суретті салу кезінде суретшілер күншуақты көңіл – күй тек ауа райына ғана емес, жағымды жаңалықтардан, қайырымды істерден адамдардың жүздеріне күлкі үйірілетінін айтады.
6. «Өмірге жарқын көзқарас» флэшмоб
Еріктілер мектеп ішінде араласа отырып, сабын көпіршіктерін үрлей отырып, көңілді айқай – шумен барлығын би билеуге шақырады.
7. «Жылы тілектер топтамасы»
Бұл техника үшін бір немесе бірнеше ватман қажет болады. Ватмандар қабырғаға немесе арнайы тақталарға ілінеді, олардың жанында үзіліс уақытында еріктілер кезекшілік атқарады. Еріктілер қатысушыларға, өткізіліп жатқан акция аясында жылы тілектер, сөздер пайда болады деп айтады. Оқушылар, мұғалімдер ватманға адам жүзіне күлкі сыйлайтын, қиналған уақытта жан дүниеге жылулық ұялататын жылы сөздер, ойлар жаза алады. Алған әсерлерімен бөліседі.
Қорытынды бөлім
1. «Сенім жәшігіне» барлық қатысушылар «Бүгінгі күн мен үшін...» деген сөйлемді аяқтау арқылы өткізілген акция туралы өз ойын қалдыра алады.
2. «Жылы тілектер топтамасы» ақпарат тақталарына және мұғалімдер бөлмесіне, сонымен қатар мектеп сайтында орнатылады.
3. Акцияға қатысушылардың қолдауымен жасалған жағымды презентацияларды алдағы уақытта педагогтар сынып сағаттарына қолдана алады.
4. Еріктілермен акция кезінде болған қызықты сәттерді және де акция уақытында кеткен кемшіліктерді талқылай отырып, келесі акция өткізуде неден бас тарту, керектігі туралы ой бөліседі
20 желтоқсан күні «Әр қашан күн сөнбесін!» ұранымен позитив күніне орай өткізілетін акция жоспары
Әрқашан күн сөнбесін
- Жаркын
- 8 тамыз 2015
- 5578
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Әрқашан күн сөнбесін атты позитив күніне орай өткізілетін акция жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Саналы ұрпақ - жарқын болашақ мерекесін мерекесін және азаматтық және патр ...
1 - қыркүйек - дәстүрлі Білім күні мерекесі, оның мақсаты өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру және жаңа оқу жылының алдында мереке...Саналы ұрпақ - жарқын болашақ сынып сағаты
Мақсаты: Өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру және жаңа оқу жылының алдында мереке атмосферасын құру, жаңа оқу жылында жақсы оқуға...Әрқашан күн сөнбесін!
Жаңаөзен қаласы, №12 бастауыш мектебінің мұғалімі: Аманова Гүлжан Жәумітбайқызы...ҰБТ-ға дайындалу кезінде психологиялық көмек
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы Абай атындағы мектеп-гимназия психологы Садвакасова Индира Кайратовна...«Өмір сен маған қымбатсың» тренинг
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің психологы Үсенғазы Жанна Үсенғазықызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.