№1 коучинг - сессия
Тақырыбы: Оқытудағы жаңа тәсілдер. Диалогтік оқыту дегеніміз не?
Мақсаты: Диалогтің маңызын ашу, сабаққа оқыту нысаны ретінде әңгімелесуді енгізу. Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару болып табылады.
Оқыту нәтижелері: Коучинг соңында мұғалімдер:
1. Оқыту мен оқудағы тілдің басты рөлін түсінеді.
2. Білім беруде оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әңгімелесуді, мысалы: жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерін қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастыру.
3. Білім алу тәжірибесіне диалогті әдістер енгізіледі.
4. Сыныптағы диалогтік әдістер бағаланады.
5. Диалогтік әдістердің оқуға көмегін түсіндіруге дайын болады.
Негізгі түйінді идеялар:
Диалог – мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік.
Сұрау және топтық жұмыс диалогтік тәсілдің балаларды оқыту сапасын арттыру құралы.
Коучингтің барысы:
Қатысушылар кірген кезде қолдарына стикер беріледі. «Өзгергіңіз келе ме?» деген сұраққа жауап бере отырып, «иә», «жоқ» деген бөліктерге бөлінген қағазға жапсырады.
1. Психалогиялық ахуал қалыптастыру
«Өзгеру»
Коучингке қатысушыларға ұшу аппаратын жасауға тапсырма беріледі. Ұшу апаратын жасағаннан кейін әр қатысушы нысанаға тигізіп көреді. Қорытынды жасайды.
Біз өзгеру керек пе?
Нені өзгертер едіңіз?
Оқыту мен оқудағы әдістерді не үшін өзгерту керек?
2. Сіздердің назарларыңызға «Әлем өзгереді, мен өзгеремін» фильмін ұсынамын
Екінші деңгей бағдарламасының жалпы мазмұны өзара бірлескен 7 модуль шеңберінде ұсынылады
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
2. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
4. Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту
6. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
7. Оқытуды басқару және көшбасшылық
3. Коучинг тақырыбы: Оқытудағы жаңа тәсілдер
Коучинг дегеніміз не?
Сөзбе - сөз аударғанда – тәлім алу, дайындау, жаттықтыру
4. Топқа бөліну:
Жұмысымыз ары қарай жалғасу үшін топқа бөлінеміз
«Шашу шашу» Алған кәмпиттердің қағазына қарап топтарға бөліну
Әр топ өздерін таныстырады.
5. Топ ережесін қабылдау
6.. Топ мүшелері бейнефильмді көреді.
7. Бейнефильм мазмұны бойынша ой бөліседі.
Бағыттаушы сұрақтар:
- Бейнефильм мазмұнынан не байқадыңдар?
- Үш бейнежазбалардың айырмашылығы бар ма? Қандай?
- Қандай тақырыпта ой қозғаймыз деп ойлайсыздар?
8. Диалогті оқыту дегеніміз не?
9. Мерсер негіздемесі бойынша диалогтік оқытудың үш түрі бар
- Әңгіме - дебат
- Кумулятивті
- зерттеушілік
10. Алдарыңызға диалогті оқытудың үш түрін беремін. Оқып танысып шығыңыздар және осы сипаттама бойынша бейнежазбалардың қай әңгіменің түріне жататындығын анықтаңыздар. Топ ішінде талдаңыздар
Осы диалогтік оқытудың үш түрінің қайсысы ең маңыздысы(қосымша мәлімет)
11. Сергіту сәті
12. Диалогтік оқытуда сұрақ қою маңызды орын алады.
Сұрақтардың түрлері: Төмен деңгейдегі, жоғарғы деңгейдегі
Сұрақ қою техникасы: түрткі болу, сынақтан өту, қайта бағыттау
Түрткі болу: сұрақты қарапайым етіп қою, өткенді пысықтау...
Сынақтан өту: толық жауап беруге, ойын толық айтуға итермелейді."Сіз мысал келтіре аласыз ба? "деген сұрақтармен бағыттайды
Қайта бағыттау - сұрақты басқа оқушыларға бағыттайды."Көмектесе алатындарың бар ма?" деген сұрақ қойылады.
13. Топпен жұмыс
1. Диалогтік оқыту оқушыларға не береді?
2. Диалогтік оқытудың мұғалім үшін маңызы қандай?
3. Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызы.
14.»Екі жұлдыз, бір тілек» Топтар өзара бағалайды. Постерлерге жабыстырады.
15 Сауалнама жүргізу
16. Тілек ағашын толтыру. Алматыдан әкелген сыйлық
17. «Иә» тренингісімен аяқтау
"Диалогтік оқыту дегеніміз не" коучинг
- cауле
- 8 қараша 2013
- 71266
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Диалогтік оқыту, коучинг
Ұқсас жаңалықтар:
Диалогтік оқытудың әдістерін сабақта тиімді қолдана аламыз ба?
Коучинг барысында пікірлесе отырып, диалогтік оқыту туралы түсініктерін кеңейтеді...Диалогтік оқыту. Әңгіменің және сұрақтың түрлері
Мақсаты: Диалогтік оқыту, әңгіменің түрлері мен сұрақтың түрлері жайлы түсінік қалыптастыру. Сабақ үрдісіндегі диалогтік оқытудың маңызын түсіндіру....«Дінтану негіздері» пәнінде диалогтік оқыту ...
Мақсаты: 1. Мұғалімдерге Дінтану пәнінде диалогтік оқыту, әңгіменің түрлері мен сұрақтың түрлері жайлы түсінік қалыптастыру. 2. Сабақ үрдісіндегі...Коучинг жоспарлары
Қызылорда қаласы, №211 Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі Болатбаева Мирамкүл...Ләйлігүл. Заттың қимылын білдіретін сөздер
Тақырыбы: Ләйлігүл. Заттың қимылын білдіретін сөздер. Мақсаты: 1. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқуын жетілдіру. 2. Заттың қимылын білдіретін сөздер...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.