Сайтқа кіру Тіркелу

Мұхтар Әуезов

Мұхтар Әуезов (1897-1961 ж.ж.)

Мұхтар Омарханұлы Әуезов қазіргі Семей облысының Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыс болысы) 1897 жылғы 28 қыркүйекте дүниеге келген. Әкесі Омархан, атасы Әуез – екеуі де хат танитын сауатты, бала тәрбиесіне салғырт қарамайтын сарабдал, салиқалы адамдар.

Шәкәрім Құдайбердиев

Шәкәрім Құдайбердиев (1893-1938)

Әділеттілікті, еңбекті, ізгі қасиеттерді ту еткен кеңес заманының өркені өсу кезінде, қоғам жақсаруы, қайта құру, өткенді марксистік-лениндік методология тұрғысынан объективті ғылыми, терең зерттеуге мүмкіндік ашылған жағдайда ақын Шәкәрім Құдайбердиев мұрасы халық қазынасына қайта айналды.

Мағжан Жұмабаев

Мағжан Жұмабаев (1893-1938)

Қазақ әдебиетінің ХХ ғасыр басындағы жарқын жұлдыздарының бірі – Мағжан Жұмабаев. өмірі мен өлеңі бір кезде аңызға айналған ақынның аты соңғы жарты ғасырдан артық уақыт бойы айтылмайтын болған. Сол себепті кейінгі буын бұл ақынды аз біледі. Ақынның кітаптары тиым салу салдарынан сарғайып, тозып, жыртылып, жоғалып жатты. Ақты қара, қараны ақ деп түсіндірген зорлық-зомыбылық дәуірінің құрбаны болған ақын тағдыры аянышты.

Омар Шораяқов

Революцияға дейінгі Қазақстанның Сырдария төңірегіндегі аты көбірек аталатын халық құрметтеген ақынның бірі Омар Шораяқов. Омар бұрынғы Түркістан өлкесіне қараған Сырдария облысының Қазалы уезінде, сол уездегі Аққыр болысының 12-ауылында (қазіргі Қызылорда облысының Қармақшы селолық ауданы) 1878 жылдың 22 қазанда туып, 1924 жылдың 14 маусымда қайтыс болды. Ақынның әкесі Шораяқ Балжанұлы байдың малын бағып, жалшы болып, күнін көрген кедей шаруа.

Сұлтанмахмұт Торайғыров

 

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың қай жылы, қай жерде туғаны жөнінде әр түрлі пікір айтылып жүр. Бұл айрықша зерттеуді қажет ететін жәйт, сондықтан біз баспасөз бетінде көп жылдар бойы басылып келген мәліметтерге сүйендік.

С. Торайғыров 1893 жылы 23 октябрь күні қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған.

Спандияр Көбеев

Спандияр Көбеев

Спандияр Көбеев (1878-1956жж.)

Спандияр Көбеев 1878 жылы 1-октябрьде бұрынғы Торғай облысы Обаған болысында туған. Ол алғаш ауылдық мектепте, кейін Қостанайдағы орыс-қазақ мектебінде, мұғалімдер даярлайтын курста оқиды. Қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің шәкірті, әрі жолын қуушы Спандияр ұстазының дәстүрлерін бекем ұстанды. Ол революцияға дейінгі кезеңде әрі педагогтік, әрі жазушылық қызметпен шұғылданады.

Мұхаметжан Сералин

 

М. Сералин бұрынғы Қостанай облысы, Қарабалық ауданында 1872 жылы туып, 57 жасында сол өзінің туған жерінде 1929 жылы қайтыс болған. М. Сералин көп жылдар бойы баспасөз майданында істеп, тұңғыш рет қазақ тілінде шыққан «Айқап» журналының әрі ұйымдастырушысы, әрі редакторы болды. Сондықтан да М. Сералиннің журналистік еңбегі қазақ мәдениеті тарихынан көрнекті орын алады.

«Айқап» журналы кейбір мәселелерді шешуде қате түсінікте бола тұрса да, негізінде прогресшілдік бағыт ұстап, сол кездегі қазақ қоғамының өзекті проблемалары жөнінде журнал бетінде бірсыпыра дұрыс  қорытындылар да жасай білді. Мәселен, ағарту, жер шаруашылығы, әйел теңдігі мәселелері, т.б.

Жаяу-Мұса Байжанұлы

 

Жаяу-Мұса туып өскен жері қазіргі Павлодар облысы, Баян ауданы. Әкесі Байжан кедей шаруа адам болған. Жаяу-Мұса жасынан өнерпаз, талапкер болып өседі. Дарынды баласының оқуға талпынған талабын әкесі қостамаса да, Мұса өз бетімен оқиды. Бұдан кейін Мұса Омбы қаласына барып орысша оқуға түседі. Сол қалада оқып жүрген кезінде – жаз айларында еліне келіп-кетіп жүріп, шонжар Шорман тұқымдарының парақорлығын, бұқараға көрсеткен зорлық-зомбылығын әшкерелеп газетке жазады.

Ахмет Байтұрсынұлы

 

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың ұлы ағартушысы, ірі ғалым-лингвист, түркітанушы, ақын, аудармашы, әдебиет жинаушы һәм зерттеуші, бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Туған жері – бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы (Қазіргі Қостанай облысының Жанкелдин ауданындағы Ақкөл ауылы).

 

Артқа 1 2 3 Алға
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету