Тарғын деген бал сататын саудагер екен. Күндердің күні бал толтырылған бөшкелерді тиеген кемесі жағаға келіп тоқтайды. Қолында шағын ыдысы бар бейтаныс қарт әйел келіп, саудагерден аз ғана бал сұрайды.
Тәрбиеленушілердің мейірімділік, қайырымдылық құндылықтары туралы, «қайырымды адам» туралы түсініктерін кеңейту және жақсылық пен жамандықтың қатар жүріп адам өмірінде сан қилы белең көрсететінін ұғындыру.
Бәрі де адам бойындағы асыл қасиеттер мен мінезден басталады. Жақсы қасиеттерге қайырымдылық, мейірімділік, достық жатады. Адам дүниеге келгенде бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп, өзінің Отанына, айналасына бақ пен қуаныш сыйлағысы келеді.
Жақсылық жасау дегеніміз өздерін айтқандай, адамдарға, айналаға, табиғатқа қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір – біріне деген сыйластығы артады. Өйткені қиналған сәтте алынған көмек ешқашан ұмытылмайды.
Қайырымды іс жасау оған мұқтаж адамның жанына жұбаныш болады. Ал өзің біреуге қайырымдылық жасағанда көңілің көтеріліп, жаның жай тауып, қуанасың, сол адамды қуантасың, қайырымды іс істей алатыныңа жақын - туыстарың, достарың, айналаң қуанады.