Сайтқа кіру Тіркелу

Мектепішілік шара «Жақсылық жасауға асығайық»

І. Ұйымдастыру
- Мектеп жетістіктері, қайырымдылық акциясы туралы слайд - шоу дайындау;
- Концерттік бағдарлама әзірлеу;
- Баяндама
ІІ. Акцияның жүрісі:

Қайырлы күн, қадірлі қауым, ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болған жас ұрпақ! Армысыздар жаны жайсаң, жүрегі жомарт ел ағалары, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қош келіпсіздер!
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» - деген екен дана халық. Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа - жан риза» дегендей кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы.
Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір - біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.
Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.

Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы дәстүрлі түрде екі жылдан бері өз жалғасын тауып келеді. Акцияның басты мақсаты балаларды орта біліммен толық қамтылуына жағдай туғызу. Маңызды міндетіміз қамқорлық жасау.
«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін танытуға келгендеріңізге үлкен ризашылығымызды білдіреміз!!!

Сонымен, ізгі ниетті, ақ тілеулі ағайын, жақсы іске жанашыр боп, қош келдіңіздер!!!
Балаларға қамқорлығымызды аямай, оларды аялай білейік деген ниетпен келіп отырған қонақтар мен демеушілерімізбен таныс болыңыздар.
Жаңа оқу жылына жақсы көңіл - күй, жаңа қарқын, білімге деген құштарлық, асыға күткен алтын ұя мектебіне сағыныш сезімін ұялатып отырған бұл қайырымдылық қоры әрбір бала бойына сенім, жанына жігер ұялататыны сөзсіз.
Сөз мектеп директоры Қанзия Қайырқызына беріледі.
2. Ән
3 Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Ендеше, көп болып, асыл арманына қол созғандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық. Бала сенімінің нық болуына қадам жасайық. Ортаға Мектебіміздің «Асар - Қолдау» қорының төрайымы Бекхожина Бақытты шақырамыз.
Жақсылықты ақ жүрекпен қабылдап,
Самға биік, жалын атып жүр алда.
Жігерің мен сеніміңді оттық қып,
Жас қырандай қанат қағып қиянға.
Асқақ арман – үлкен өмір бастауы,
Болашаққа бақыт үнін жолдаңдар!
4. Ән__________
25. А. Тәжмағанбетова Баяндама «Жақсылық – жан шуағы».
6. Би «Ерке сылқым» орындайтын Ж. Тобағұлова
7. Абайдың он төртінші қара сөзіне жүгінетін болсақ, «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді» делінген. Бүгінгі қайырымдылық кешіне кең пейілділік танытып келіп отырған ___________________________________сөз беріледі.
8. Ән___________
9. Ақыл адам көрігі, ақылдың сабыр серігі. Ал бейтаныс адамға жылы шырай білдіру, көңілін көтеру, кемшілігін кешіріп, демеу болу – жомарттық.
Сөз кезегі_____________беріледі.
Күй __________________
Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» - деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының іс - тәжірибелерімен жалғастырылып келеді.
Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?!
Бүгінгі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға ұйытқы болып отырған мектеп басшыларына, қол ұшын беруге ат салысып отырған демеушілерімізге айтар алғысымыз шексіз.

«Бүгінгі Мектепке жол» қайырымдылық акциясы да өз мәресіне жетті. Демеушілерімізді балаларға дайындаған сыйлықтарын тапсыруға шақырамыз. Жаңа оқу жылдарыңыз құтты болсын. Осындай қайырымдылық акциялары әлі де өз жалғасын таба береді деп сенеміз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!!!
Пейілділік көл - көсір,
Жомарттық ерге сын.
Кеңдігін көрсеткен.
Қайырымдылық қорында,
Ізгілік жолында.
Мың алғыс, ағалар,
Рухы елдің жебесін.!
Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық!!!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Жүрегім толы мейірім» қамқорлық қайырымдылық акциясы

«Жүрегім толы мейірім» қамқорлық қайырымдылық акциясы

Бүгінгі «Жүрегім толы мейірім» атты қайырымдылық қамқорлық акциясына қош келдіңіздер! Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік....
Мейірімділік – асыл қасиет

Мейірімділік – асыл қасиет

Мейірімді адам өзге адамға, тума - туысқандарына, табиғатқа деген жанашырлық сезімін, қамқорлығын көрсетуге дайын тұрады. “Табиғаттағы барлық жылу –...
Адамдардың қажетіне жарай біл!

Адамдардың қажетіне жарай біл!

Бәрі де адам бойындағы асыл қасиеттер мен мінезден басталады. Жақсы қасиеттерге қайырымдылық, мейірімділік, достық жатады. Адам дүниеге келгенде...
Жүрек жылуы

Жүрек жылуы

Қайырымды іс жасау оған мұқтаж адамның жанына жұбаныш болады. Ал өзің біреуге қайырымдылық жасағанда көңілің көтеріліп, жаның жай тауып, қуанасың,...
Қайырымдылық- адамгершілік белгісі

Қайырымдылық- адамгершілік белгісі

Маңғыстау облысы, Бейнеу селосы, «Бейнеу лицейі» ММ I - санатты мұғалімі Гүлназ Әжібаева...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×