Ағасы келсе, ардақтап атын байлағандай; Қонағы келсе, құрметтеп жайлағандай; Тындырымды інісі болса; Қанат - құйрығы сай болып, Көңілі жай болып, Ағаның алар тынысы болса; Інінің міндеті - басқару, Ағаның реті - бас бағу емес пе? Әйтеке би
Тіршілікте адам баласы нелер күйге түспек: бейнет шекпек, рахат таппақ, өкінбек, үміт етпек, адаспақ, түзелмек, талай ажалға басын да байламақ, талай соққы да жемек Жүсіпбек Аймауытов
Ақылды деп кімді айтамыз! Бір мәжілісте бас қосып сөйлесіп отырғанда Шоң биге Мұса мырза: - Ақ сауыт деп нені айтамыз, Арғымақ деп нені айтамыз? ’ Ақылды деп кімді айтамыз, Ер жігіт деп кімді айтамыз? — деп сұрақ қойыпты.