«Қамбар батыр» жырының басты тақырыбы – жер мен ел намысын қорғау. Оқиға Әзімбайдың байлығы мен сұлу қызы – Назымды суреттеуден, 18 жасқа толған Назымның жар іздеген назынан басталады.
«Қобыланды батыр» жыры – қазақ халқының қаһармандық жыры. Негізгі мазмұны – шет ел басқыншыларынан елді қорғау, осы жолда асқан ерлік көрсеткен ер азаматтардың батырлық істерін көрсету.
«Ер Тарғын» жырының 2 нұсқасы бар. Олардың біріншісі 1862 жылы Қазанда Н. Ильминскийдің Марабай ақыннан жазып бастырған нұсқасы болса, екіншісі В. Радловтың Қырым елінен жинап, өзінің 9 томдығының 7 - томына енгізген «Ер Тарғын» атты әңгімесі. Біздің кеңірек танысатынымыз – Марабай ақынның нұсқасы.
Сабақтың мақсаты: Ата - бабамыздан қалған өшпес мұра «Алпамыс батыр» жырын жаттау, батыр туралы әңгімелей отырып, топпен жұмыс жасау, қызығушылықтарын арттыра отырып, сөздік қорын, таным - ықыласын дамыту.