Бұрынғы өткен заманда,
Дін мұсылман аманда,
Үш шарбақты, үш кентті,
Ноғайлы деген жұрт өтті.
Бір замандар болғанда,
Ауыр дәулет мал кетті.
Жарлылықтың зары өтті.
Халқы жарлы болған соң,
Жігітінен әл кетті.
Жап - жалаңаш жүрген соң,
Әйелінен ар кетті.
Сол ноғайлы жұртында
Жортақыға мінбеген,
Түстік жерге жүрмеген,
Кірлі киім кимеген,
Алдаға (Аллаға) тілі тимеген,
Бес намазын қоймаған,
Бір құдайды ойлаған,
Қара басы хан болған,
Байлығы жұртқа аң болған,
Малы Алашқа таң болған,
Боз мұнай атты бай болған.
Байлығының белгісі:
Тоқсан қара құлы бар;
Тоқсан тоғай малы бар;
Сол дүние қор зор байдың,
Дүниеде жалғыз мұңы бар.
Сол Боз мұнай қартайып,
Алпыс жастан өткенше,
Құдай қосқан қосағы,
Елу жасқа жеткенше,
Бір перзентке зар болған.
Қартаяды қатыны,
Өкшесі сіре қанамай,
Еміреніп сүймеген,
Жас иісті баланы - ай!
Елде тауып қоймайды,
Тәуіп біткен орнайды,
Сөйтсе де перзент болмайды.
Бір уақыт болғанда,
Жылқыда жүрген тоқсан құл,
Қымыз ішіп мас болад.
Мастығымен тек тұрмай,
Үйдегі баймен қас болад.
Қосылып құлдар кеңесті;
Төбеде тұрып сөйлесті;
Сөйлескенде не десті?
«Қызыл шапан кимедік;
Қырнышыл ат мінбедік;
Нойғайлының жұртының,
Қыздарымен керме - қас,
Жігіттей дәурен сүрмедік;
Өтерін дүние білмедік;
Мұнау жүрген Боз мұнай,
Бізді ұлындай көрмеді,
Толып жатқан малынан
Бізге қалың бермеді.
Ертеңменен бай келсе,
Екі қолын байлайық;
Кірерге көрін сайлайық.
Боз мұнайды өлтірсек,
Біз сәтіне келтірсек,
Тоқсан тоғай жылқыны,
Тоқсан бөліп алайық.
Бұл сықылды тегін мал,
Қайдан іздеп табайық.
Қарағай найза қолға алып,
Қарсы шабар ұлы жоқ.
Артынан іздеп қуатын,
Қатарланған қолы жоқ».
Құл кеңесіп жатыр деп,
Байға айтқан кісі жоқ,
Онымен байдың ісі жоқ.
Бір замандар болғанда,
Ертеменен бай тұрды.
Арқаннан атын алдыртты,
Алтынды жүген, ер - тұрман,
Тоқыммен салдыртты.
Қара түнде белсеніп,
Қас патшадай теңселіп,
Жорға мініп найқалып,
Келе жатқан жылқының
Алдынан шықты шайқалып.
Тоқсан құлдың біреуі,
Бүгіліп сәлем бермеді.
Байды көзі көрмеді.
Сонда бай тұрып бұрсанды,
Мұздай темір құрсанды.
Тоқсан құлдың бәрінің
Атын атап шақырды.
Ашуыменен Боз мұнай:
«Қырармын!» - деп ақырды,
Шетте жүрген бір құлды,
Бай келіп ұстап алады,
Қолға түскен сол құлды,
Ашумен бай сабады.
Бірін сабап жатқанда,
Басқасы келіп қамады:
Бай үстіне жан - жақтан
Құрық келіп жауады.
Басына таяқ тиген соң,
Жалғыздығын білген соң,
Құлдардың түрін көрген соң,
Боз аттың басын бұрмалап,
Сарайға қашты Аллалап.
«Ойбай» салған даусына,
Жер күңіреніп барады.
Толық нұсқасын жүктеп алу
Ер Сайын
- ramuk_b
- 9 қазан 2018
- 3839
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ер Сайын, батырлар жыры, қазақ ауыз әдебиеті
Ұқсас жаңалықтар:
Алдардың қалыңдық айттыруы
Алдар жаман торғайды байға елу атқа сатқанына мәз болып, «осы құрғыр артымнан қуып келіп жүрмесін» деп, тездетіп жүріп, тағы бір тауға келеді. Таудың...Қобыланды батыр жыры
Кешегі өткен заманда, Дін мұсылман аманда, Қарақыпшақ Қобланды, Атасы мұның Тоқтарбай Халықтан асқан болды бай....Алпамыс батыр жыры
Бұрынғы өткен заманда, Дін мұсылман аманда, Жиделі Байсын жерінде, Қоңырат деген елінде Байбөрі деген бай бопты, Төрт түлігі сай бопты....Өкінсең жоқ келері
Өкінсең жоқ келері... Құбылып тұрған қызыл гүл Қураса кетер мәнері. Сабыр қылсаң жетерсің...Тест. Математика 2 сынып (III тоқсан)
Тест Математика 2 – сынып (III тоқсан)...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.