Сайтқа кіру Тіркелу

Ер Тарғын жыры

Ер Тарғын жыры
Қазақ әдебиеті, 9 - сынып
(жаңа сабақ – 45 минут)
Балалар, төмендегі бос орындарға жауап жазыңдар.
І кезең. Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5 - 7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін; б) алдыңғы тақырыптың Ш кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін в) «Көпір» тапсырмаларын тексереді)

«Көпір» тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеріге негіз болатын қайталау тапсырмалары
Сұрақтарға жауап бер. Бос орынға қажетті сөздерді қой.
1. Ауыз әдебиетінің қомақты да асыл мұрсыбатырлар жырындақандай оқиғалар суреттеледі?
Жауабы: Оларда елін сыртқы жаулардан қорғау, елінің халқының тәуелсіздігінсақтау басым.
2. Қазақтың батырлар жырлары қандай оқиғаларға негізделеді?
Жауабы: Қазақтың батырлар жырларында қазақ халқының басынан кешкен тарихи оқиғалардың ізі бар.
3. Батырлық дастандардағы Қобыланды, Тарғын, Алпамыс сияқты ерлер ерлігіне негіз болған не?
Жауабы: Батырлар елін сүйген, ата-мекенін, халқын, оның ар - намысын қорғау, елдігін сақтау үшін ата жауына қарсы жанқиярлық ерлікке барған, көзсіз батырлық көрсеткен.

ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.

Теориясы:«Білу»
(тақырып мазмұны бойынша кім? не?
қандай? қалай? нені? қашан? не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)

Бос орынға қажетті сөздерді қой.
1. Батырлар жыры көлемі жағынан да, мазмұн - мәні жағынан да қазақ фольклорында ауқымды орын алатын аса көрнекті жанрдың бірі.
Батырлар жыры елдің сан ғасырлық тарихын, ерлік дәстүрін, кезеңдік оқиғаларға деген халық бағасын, алдан күткен үміті мен аңсар - мұратын көркем жинақтап бейнелейді. Ол тарихтың салқар көшінде жиі қайталанатын соғыстар мен шайқастардың жылнамасы емес, ел есінде ерекше қалған елеулі оқиғаларды жинақтай бейнелейтін көркем туынды.
Қазақтың батырлар жыры ХІҮ – ХҮІІІ ғасырда туса керек. «Алпамыс батыр» бірнеше елге ортақ болса,«Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр» жырлары қазақ халқының жыры.
«Ер Тарғын» жырының 2 нұсқасы бар. Олардың біріншісі 1862 жылы Қазанда Н. Ильминскийдің Марабай ақыннан жазып бастырған нұсқасы болса, екіншісі В. Радловтың Қырым елінен жинап, өзінің 9 томдығының 7 - томына енгізген «Ер Тарғын» атты әңгімесі. Біздің кеңірек танысатынымыз – Марабай ақынның нұсқасы.
«Ер Тарғын» жыры – қазақ батырлар жырының ішіндегі таңдаулысы. Тақырыбы – Отан қорғау болса, идеясы – ел бірлігі.

2.«Ер Тарғын» жыры – өзіндік идеялық - көркемдік жағынан қазақ батырлар жыры ішіндегі таңдаулы шығармалардың бірі. Жырда ерлік, елдік, жақсылық пен жамандық, кіршіксіз адал махаббат секілді өзекті мәселелер көтерілген. «Ер Тарғын» жырында халқымыздың басынан кешкен тарихи - әлеуметтік оқиғалар, халықтың әдет - ғұрып, салт - санасы, рухани тірішілігі, арман - мұраты көрініс береді. Жырда халқы үшін еміренген, жұртының тағдырын ойлаған, соның тәуелсіздігі үшін басын бәйгеге тіккен, еліне қамқор, пана болған батырдың ерлік, адамгершілік бейнесі өрнектелген. Жырдың аса бір құндылығы – аты аңызға айналған, тарихта болған, халқымыздың дана ойшылы Сыпыра жырау кемеңгерік тұлғасымен көрінуі. Жыршы Сыпыра жырауға байланысты штрих - детальді жыр арқауына енгізу арқылы халқының даналық ойын биіктеткен. Сыпыра жыраудың жыр құрылымына енуінен поэма өзегінде халқымыздың тарихи кешулері жатқанын айқын байқаймыз.

3 «Ер Тарғын» жырының композициялық құрылысын сатылай - кешенді талдау
1. Жанр түрі: Эпостық жыр.
2. Авторы: Халық.
3. Тақырып: Отан қорғау, батырлық, ерлік.
4. Идеясы: Ел бірлігін сақтау, батырлықты дәріптеу.
5. Оқиға орны. Қырым жұрты.
6. Оқиға кезеңі. Ноғайлы дәуірі.
7. Кейіпкерлері. Тарғын, Ақжүніс, Қартқожақ, Ақшахан.....
8. Тұлпары. Тарлан, Қанатты қара.
9. Ұлттық салт - дәстүр. Дұшпан да болса сыйластық: Қартқожақ өз жолын сұрайды. Тарғын «Кезегін бабай алсын деп» беруі.
10. Оқиғаның басталуы. Тарғынның Қырым жұртына баруы.
11. Дамуы. Соғыстың басталуы. Тарғынның батыр болып көзге түсуі.
12. Шиеленіс. Тарғынның Ақжүністі алып қашуы. Қартқожақтың ізінен баруы.

Теориясы: «Түсіну»
(неге? неліктен? себебі? не үшін? сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады)
Сұрақтарға жауап бер. Бос орынға қажетті сөздерді қой.
Оқулықпен жұмыс
1. Тарғынның қандай қасиеттерін бөле - жара айтар едің?
2. Тарғын бейнесін жасай отырып, халық не айтпақшы болған?
3. Ақжүніске қарап бұрынғы әйелдер қандай болған деп ойлайсың? Оның бейнесінің негізіндегі халық арманын не деп түйіндер едің?
4. Ақжүністің әкесі (ағасы, туысы) туралы қандай ойдасың?
5. Қартқожақтың бойындағы қандай қасиеттерді бағалауға болады?
6. Ақын сыпыра жырауды жыр арқауына енгізгенде қандай мақсат көздеген?

Батырлар жыры мен ертегілердің айырмашылығын, ұқсастығын тап.
Венн диаграммасы.
▪ Батырлар жыры
Кейіпкері – батыр.
Тақырыбы – ерлік.
Оқиғасы - елдің сыртқы жауларымен күреседі, мифтік тұрғыда.
Жырдың негізінде халық тарихы жатады.
▪ Ортақ белгісі
Халық ауыз әдебиетінің үлгісі. Эпостық жанр. Бірнеше нұсқасы болады.
▪ Ертегілер
Кейіпкері – қарапайым адамдар, ойдан
шығарылған түрі де бар.
Тақырыбы – тапқырлық.
Оқиғасы – қиял - ғажайып оқиға, ел ішіндегі оқиға, салт - дәстүр, әдет - ғұрып, мифтік тұрғыда.
Ертегі оқиғасының негізінде халық арманы жатады

Батырлар жырындағы ойды топтастыр
Батырлар жыры

Өнер
Ерлік
Дәстүр
Елдік
Тәрбие
Ел қорғау
Тарих

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Ибрагим Бегімхан Керімханұлы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×