Бала тәрбиесі – аса күрделі, әрі ұзақ процесс. Олардың мінез - құлықтары мен жеке қасиеттерінің қалыптасуына отбасы мен жақындары, бөбекжай - бақшасы мен мектеп, қоршаған орта мен көше әсер етеді. Соңғы он жылда оған теледидардың да әсері қосылып отыр.