Сайтқа кіру Тіркелу

Ертегілер бізде қонақта!

Тақырыбы: «Ертегілер бізде қонақта!»
Мақсаты: Таныс ертегі кейіпкерлерін іс - әрекеттерін меңгеру.
Кейіпкерлердің әрекеттерін көрсете білуге үйрету.
Түстерді қосу арқылы жаңа түс жасай білуге, қылқаламмен жұмыс істей білуге жетілдіру.
Қиялын дамыту, сөз белсенділігін арттыру.
Сабақтың түрі: жинақталған (көкем әдебиет, мәнерлі қозғалыс, сенсорлық тәрбие, бейнелеу өнері)
Жинақталған сабақтарда ойын элементтерін қолдану.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Тәрбиеші балаларды ертегі тыңдауға кілем үстіне шақырады. Кітап бетін ашады. Кітап бетінде ештеңе көрінбейді, тап - таза парақтар.
Мұғалім: - Суреттер қайда? Ештеңе жоқ тек қана дөңгелектер.
Балалар алдына екі үлкен (ақ, сары) және жеті кіші дөңгелектерді қояды.
- Дөңгелектер қандай түсті?
- Көлемдері қандай?
- Қалай ойлайсыңдар бұл қай ертегі?
Ал қазір бізге ертегі қонаққа келеді (ешкі киімін киініп шығу)
Әндетіп: Лақтарым шұнақтарым
Жүрсіндер қайда шырақтарым
Өрістен келді аналарың
Келіңдер маған балаларым.
Келмеді, олар көрінбейді.
- Ал сендер менің лақтарымды көрдіңдер ме?
- Жоқ олар өте қу, мүмкін түрлі - түсті үйлерге тығылып қалған шығар.
Үстел үстіне түсті шаршылар қойылады, балалар ойынға бәрі келеді.
Міне олар. Бірақ өте қорыққан сияқты. Олар қорыққанда қалай айғайлайды?
- (ме - ме - ме)
- Оларға көмектесіңдер. Үйлердің есігін жабындар.
Ойын «Лақты жасыр» өткізіледі.
Енді олар қалай көңілді ән салды (Дыбыстап көрсету)
- Сендер менің лақтарыма көмектестіңдер, енді мен сендерге ертегіні сыйға тартам.
Мұғалім: - Көлемі үш түрлі, үш қоңыр дөңгелекті алып көрсету.
- Бұл қай ертегі деп ойлайсыңдар?
- Неге? Дәлелде.
- Үлкен дөңгелек қайсысы?
- Орташасы не?
- Ал ең кішісі не?
Тәрбиеші қалқа артына барып ойыншық аюды әкеледі.
- Мен аюмын балқұмар
Көп ойнауды ұнатам.

Сергіту сәті: Көңілді әуенмен балалар ойыншық аю, секіріп қимыл
жасайды. Музыка таусылып ол кетеді.
Мұғалім: - Енді кітапты ашып біз ертегіні оқимыз.
(тәрбиеші кейіпкер орынбасушы пішіндерді қояды).
«Түлкінің күлкісі»
- мыналарға қарап қай ертегі деп ойлайсыңдар?
- Неге?
- Бұл ертегіден қонаққа кім келсін?
Тәрбиеші қалқа артына барып түлкіше киініп шығады.
- Мені таныдыңдар ма?
- Мені орманда қалай атайды?
- Мені түлкі – бикеш деп айтқанды өте жақсы көремін. Менің тоным сондай әдемі. Оның түсі қандай?
- Сендер оның суретін сала аласыңдар ма?
- Сендерде қызғылт сары түс жоқ қой.
(қызыл, сары түсті араластыру керек)
Балалар тыныш әуен тыңдай отырып қағазға бояуларды араластырып дайындайды. Түлкіше киімімен тәрбиеші балаларға көмектеседі. Трафареттер пайдаланып жұмысты аяқтайды. Суреттерді қатар қояды.
Түлкі балаларды мадақтайды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×