Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Бүгінгі бөбек – ертеңгі азамат – қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші – балабақша тәрбиешілері. Өйткені білім мен тәрбие негізі баланың жеке басын қалыптастыру негізі балабақшада қаланады.
Балаларға сандарды айту, түсіндіру, артық, кем, тең қатынастарын анықтауда салыстыру тәсілінің мәнін түсіндіру, сандарды тура және кері санауға жаттықтыру. Ұзындығы мен ені, биіктігі мен жуандығын салыстыру арқылы сөздік қорларын молайтып, математикалық ұғымдарын қалыптастыру. Балабақшадағы балалардың білімін зерттеу тәрбиешінің ең маңызды, негізгі жұмыстарының бірі. Зерттеу жұмыстары баланың оқу жылы басындағы білім деңгейін жыл бойында оны жетілдіруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, топқа тез үйреніп, жыл соңында балалардың ілгерілеуін анықтайды. Зерттеу әр баланың жетістік көрсеткіштерін анықтауға көмектеседі. Зерттеу әдісін таңдау оның мақсатына байланысты. Стандарттан алынған тапсырмаларға сүйеніп, балалардың деңгейін жоғары, орташа, төмен деп аламыз. Әр тоқсан сайын және жыл соңында балалардың білім деңгейін тексере отырып балл қойылады.
- тапсырманы қатесіз өз бетінше орындаған бала
- тапсырманы үлкендердің көмегімен орындаған бала
- тапсырманы қатемен орындаған бала
- тапсырманы орындамаған бала
Балалардың танымдық іс - әрекетін дамыту, олардың құзіреттілігін қалыптастыруда зерттеу жұмыстарының маңызы өте зор. Көптеген зерттеулер балалардың көзқарасын кеңейтуде және қасиеттерінің дамуына әсер етеді. Балалардың ойлау қабілетін дамытуда математика пәнінің алатын орны ерекше. Оның әрбір жұмысы ой белсенділігін қажет етеді. Зерттеу балалардың ойлау қабілетін жетілдіретін жаттығу жұмыстарын жүргізуге көп көңіл бөлу керек. Олар әртүрлі математикалық логикалық есептер, сөзжұмбақтар, математикалық ребустар, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, санамақтар. Енді соның ішінде математикалық логикалық есепке тоқталайық.
Бес бұтақты ағашта,
Бұтақ сайын бір алма.
Біреуін бер Маратқа,
Сонда қалмақ неше алма?
(4 алма)
Қазақ ауыз әдебиетінен орын алған ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу үстінде келе жатқан жанрдың бірі санамақ. Санамақтарды халық негізінен, жас балаға сан үйрету мақсатымен шығарған. Санамақтар арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортадағы дүниені тану мен қатар халқымыздың атадан қалған салт дәстүрін де санау арқылы үйренеді, әрі дүниені таниды. Баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Атау ұйқастырып санау арқылы бала санауды үйренеді, әр санға ұқсас заттарды танып біледі. Қолданып жүрген санамақтарымнан мысал келтірейін.
Саусақтарды салалап,
Кел санайық санамақ.
Бірім – бірлік,
Екім – елік,
Үшім – үскі,
Төртім – түскі,
Бесім – бесік,
Алтым – асық,
Жетім – желке,
Сегізім – серке,
Тоғызым – торқа,
Оным – олжа,
Санамақты санадық
Енді сәл дем алалық.
Санамақтар әртүрлі мағынада болады. Осындай санамақтар арқылы балалардың тілін дамытып, санау қабілетін арттырамын. Санамақтағы әрбір сөзді, атауды есінде сақтаса, олар білімді, жеті атасын білетін, болашағынан үміт күттірер азамат болып өседі деп ойлаймын. Саусақ санау ойыны баланы сан үйренуге қызығушылығын арттырады. Осы санамақтарды бос уақытта, күннін екінші жартысында жаттату арқылы мағыналарына түсінік беремін. Санамақтар балаларға ұлттық нақышта тәрбие жұмыстарын жүргізумен бірге оларды мектепке даярлайды.
Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру тақырыбында зерттеу жұмысын жасадым.
Зерттеу барысында қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда санды тура санау, санды кері санау, цифрларды тануы, көлем, салыстыру, геометриялық пішіндер, кеңістікті бағдарлау, уақыт ұғымдарын төмендегі тапсырмалар арқылы зерттедім.
1 - тапсырма: 1 - ден 5 - ке дейін тура санау.
1. Суреттегі алмұртты дұрыс санап беру керек.
2. Суреттегі балапандарды сана.
3. Алма ағашының басындағы алманы сана.
2 - тапсырма: 5 - тен 1 - ге дейін кері санау.
1. Ауызша 5 - тен 1 - ге дейін кері сана
2. Суреттегі санды көрсетіп, 5 - тен 1 - ге дейін кері сана.
3. Сан қатарындағы жазылмай қалған санды жаз.
3 - тапсырма: Цифрларды тануы.
1. Суреттегі цифрларды дұрыс көрсетуі керек.
2. Цифрларды ретімен жаз.
3. Суреттегі цифрды ретімен сызықпен сызып қос.
4 - тапсырма: Көлем.
Көлемді сипаттап айта білу үшін мына тапсырманы пайдаландым.
1. Суреттегі нәрсенің көлемі үлкенін тап.
2. Суреттегі заттың қайсысы ауыр.
3. Қайсысы кіші екенін ата.
5 - тапсырма: Шамаларды салыстыру.
1. Қай ағаш биік?
2. Қайсы жануардың бойы қысқа?
3. Суреттегі екі жолдың қайсысы жіңішке?
6 - тапсырма: Геометриялық пішіндер.
1. Заттар қандай геометриялық фигураға ұқсайды? Геометриялық фигураны шаршының ішіне сал.
2. Қай пішін жоқ? Соның суретін сал.
3. Үйшік қандай геометриялық пішіндерден құрастырылған.
7 - тапсырма: Кеңістікті бағдарлау.
1. Не қайда орналасқан?
2. Қыздың оң жағында не бар?
3. Суретте жоғарыда не бар?
4. Қайда жасырынған?
8 - тапсырма: Уақыт.
1. Мынау қай уақыт?
2. Мезгілдердің ішінен күз мезгілін көрсет.
3. Кешкі уақытты көрсет
Оқу іс - әрекетінде көрсетіп, түсіндіріп серуен кезінде бақылау жүргізіп, қоршаған ортадағы заттарды салыстыру арқылы түсінік бердім. Соның нәтижесін тоқсан соңында тапсырма беру арқылы орындаттым.
Барлық тапсырманы орындағаннан кейін тоқсан соңында балалардың балдарын есептеп зерттеу кестесіне салдым. Алынған қорытынды бойынша баланың даму деңгейі және оның мектепке қаншалықты дайын екенін анықтадым.
35 - 40 балл болса баланың деңгейі жоғары. Ол тапсырмаларды жеңіл орындайды. Оның даму деңгейі жасына сай келеді. Бала мектепке баруға дайын.
25 - 30 балл болса баланың деңгейі орташа. Оған көмектесу қажет. Баланың қиын тиген бөлімдерге көңіл аудару керек. Сол бөлімдерге қосымша тағы жұмыс жүргізу керек. Сонда бала жақсы нәтижеге жетеді.
15 - 20 балл болса баланың деңгейі төмен. Бүл көрсеткіш баланың әзірге мектепке дайын еместігін білдіреді. Баламен көбірек жұмыс жүргізуді қажет етеді.
5 - 10 балл болса бұл нәтиже жеткіліксіз, бала мектепке баруға мүлдем дайын емес. Оның даму деңгейі жасына сай келмейді.
І - тоқсанда тобымдағы балалардың жинаған нәтижесі.
Нәтиже
18 бала – жоғары
4 бала – орташа
3 бала – төмен.
Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
- Молдахан М
- 9 тамыз 2013
- 102981
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Баяндама, балабақшаға арналған, мектепалды даярлық сыныбына арналған баяндама
Ұқсас жаңалықтар:
Ойнайық та ойлайық
Заттарды реттік және есептік санау, тура және кері санау дағдыларын жетілдіру. «Нешінші?»деген сұрақтарға дұрыс жауап беру іскерліктерін...Дидактикалық ойындарды қолдану арқылы балаларға қарапайым математикалық түс ...
Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, № 14 «Қарлығаш» б/б тәрбиешісі Умирзахова Айхан Култаевна...Логикалық және математикалық ойындар арқылы мектепке дейінгі балалардың лог ...
Балалардың кәсіби дайындық деңгейін көтеру, тәрбиешілердің дамыту тәжірибесі арқылы, белсенді қарым - қатынас жүргізу....Балабақшада серуенді ұйымдастыру және бақылау
Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оята отырып, педагог оны табиғатпен...7 санымен таныстыру
Білім беру саласы: Таным Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру Тақырыбы: 7 санымен таныстыру,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.