Күз – жыл мезгілдерінің бірі. Күзде күн суытып, құстар жылы жаққа ұшады. Егін жиналып, жапырақтар сарғайып, жерге түседі емес пе? 1 - жүргізуші: Иә, мен бұл мезгілді «Алтын күз» деп айтар едім.
Армысыздар ұлағатты ұстаздар, жалынды да жігерлі жас достарым, Берекелі де мерекелі «Аялы күз, Алтын күз» мерекелеріңіз құтты болсын. Әрбір күніміз жақсылық әкелсін.
Зал іші күздің жапырақтарымен көркемделген. Бір бұрышында алма ағашы жемісімен тұр «күз»әуені ойналғанда сайысқа қатыспайтын балалар залдың ішін айналып жарты шеңбер жасап тұрады.