Сайтқа кіру Тіркелу

Берекелі алтын күз

Мақсаты:1. Балаларға күз мезгілі, жемістер мен көкөністердің молаятатындығы жайлы мағлұматтар беру.
2. Өнері мен білімдерін дамыту.
3. Табиғатты сүюге, құрметтеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар, жемістер мен көкөністер суреттері.
Ертеңгілік бүлдіршіндердің «Қаражорға» биін орындаудан басталады.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата- аналар! Міне, бүгін балаларыңыздың мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап, алғашқы қуаныштарын, жетістікетерін көруге келбіп отырсыздар! Бүгінгі «Алтын күз» тойына қош келдіңіздер! Бүлдіршіндердің өнеріне қол шапалақтауды ұмытпаңыздар.
Алтын, алтын сары алтын
Алтын күзде нұр жатыр.
Біз мектепке баратын
Алақай- ау күн жақын!- деп жырлап жүрген бүлдіршіндердің «Берекелі алтын күз» атты ертеңгілікті бастауға рұқсат етіңіздер!
Санжар: Ой, балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақ солыпты.
Ел егінін орыпты.
Ой, балалар, балалар,
Ойнайық та, күлелік,
Енді оқуға кірелік.
Мұғалім: Балалар бүгін барлығымыз, күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ, біздің мерекеге біреу жетіспейді? Сендер білесіңдер ме?
Балалар: Ол - күз.
Мұғалім: Ендеше, күзді ортаға шақырайық.
Бірге: Берекелі күз келді,
Мерекелі күз келді.
Күз: Береке, бақ, дарыған,
Жомарт көңіл, жарқын жаз.
Сары алтынға малынған,
Алтын күз деген мен болам. Армысыздар, құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?
Адина: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Жанеля: Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды.
Кеткен күзім келдің бе?
Күзгі суық басталды.
Ақбаян: Қайтқан құсты көрдің бе?
Қаптай ұшқан әуелеп.
Кеткен күзім келдің бе?
Сыңсып бағын мәуелеп.
Саялым: Жетті желмен Алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Толтырды да қамбасын,
Той жасады халқымыз.
Нұрасыл: Күзде келді, күз келді,
Күдерін жаз үзгенді.
Күзде келді, күз келді,
Көкте бұлттар жүз енді.
Хор: «Күз келгенде»
Елдар: Қамба толды астыққа,
Алғыс саған, алтын күз!
Бір уыс дән шаштық та,
Қап - қап қауын алдық біз.
Мұғалім: Балалар, бізге тағы кімдер жетіспейді?
Балалар: Күз айлары.
Мұғалім: Балалар, жел тұрған сияқты. Сірә; күз айлары келе жатқан секілді.
Ж. Зарина: Қыркүйек. Аспанды
Құс шарлай бастады.
Алғашқы қоңырау
Қуантты жастарды.
Ербағылан: Қазанда халқымыз
Тойшыл. Ол - салтымыз.
Береке байлығын
Беріп тұр алтын күз.
Ерсайын: Қараша айында
Қыс қамын дайында.
Үйін жұрт жылытқан
Мал қора жайында.
Мұғалім: Балалар, күз айларына алғысымызды білдіріп, оларды жолдарынан қалдырмайық. Ду қол шапалақтап шығарып салайық.
Мадияр: Таза жездей жайнаған,
Сары бояу айналам.
Енді сары бояумен,
Күз суретін салам мен.
Ойын: (ата- аналармен)
Аружан: Кейде құйын өтеді,
Тозаңдатып жан- жақты.
Кейде құйын кетеді,
Доп қылып ап қаңбақты.
Күз: Балалар, жапырақтар туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
Хор: «Күзгі жапырақтар»
Диас: Алтын сары, қызыл, көк,
Алуан - алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Адильхан: Тапталады табанға,
Судыр - судыр жапырақ.
Өрттей сары бояуға,
Малынғандай атырап.
Би: «Жапырақтар биі»
Күз: Жарайсыңдар балалар, жемістер мен көкөністер туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
Айдын: Бейне тентек баладай,
Ойран асыр салады,
Алма бағын жағалай,
Алмаларын қағады.
Инсар: Самал қозғап қалғанда,
Үзіледі сары алма.
Шолып едім бақшаны,
Қауын біткен сап - сары.
Ескендір: Ала шапан киініп,
Теңкейіпті қарбыздар.
Жесең тілді үйіріп,
Сусынынды қандырар.
Қарақат: «Еңбек түбі - зейнет» қой,
Менде қарбыз жинадым.
Атам сыйға береді,
Құшағыма сыйғанын.
Зере: Күшімді ішке жинаған,
Бес саусақтай жұмылған.
Тентекті де ықтырған,
Сарымсақ деген мықты мен.
Айбек: Қолымдағы қиярым,
Оны кімге қиямын.
Бойындағы тікені,
Бір сипасам бітеді.
Тоғжан: Көргендерді аң - таң ғып,
Жұлып алдым шалқанды.
Көзге түсер қиырдан,
Ай секілді ол жымиған.(шалқан)
Зарина: Жер - ананың «баласы»-
Қызылшаға қарашы,
Томпақ беті қып - қызыл,
Су шошытпас мықты - бұл.
Ән: «Күз жомарт»
Мұғалім:Ал енді, кішкентай бүлдіршіндердің қуыршақтар биін қабыл алыңыздар.
Би: «Қуыршақтар»
Күз: Жарайсыңдар балалар. Маған мереке қатты ұнады.Біз сендермен ән айтып, би биледік. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды. Сау болыңдар! Келер жылы кездескенше!
Мұғалім: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.Тамашалағандарыңызға рахмет!

Тәжит Манат Жанатқызы
Қарағанды қаласы
№16 Жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімі
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×