Ата-ананың қадірін Балалы болғанда білерсің. Ағайынның қадірін Жалалы болғанда білерсің. Дәулетіңнің қадірін Мал кеткенде білерсін. Маңдайдағы дұшпанды Тап жеткенде білерсін.
Бір жаста, екі жаста бесіктемін, Бес жаста тәңірім берген несіптемін. Алты жаста қайыңның тозындаймын, Жеті жаста ойпаң жер бозындаймын, Он жасымда сүт емген қозыдаймын.