Сайтқа кіру Тіркелу

Шал Құлекеұлы (1748 - 1819 ж. ж.)

Бабадан қалған асыл сөз
Береке, бірлік – қамалдың басы...
Шал Құлекеұлы (1748 - 1819 ж. ж.)
Өткен дәуір әдебиетінің белді өкілінің бірі – Шал ақын (шын аты Тілеуке) Көкшетау жерінде дүниеге келген. Ақынның ес біліп, есейген өңірі – қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы. Әкесі Құлеке батыр Абылай ханның жақын серігі болған. Шал ақын, әсіресе, бұқара халық идеясын жырлап, ауыз әдебиеті үлгісін ұстанған суырып салма ақын. Өз толғауларында Шал ақын ел ішін имандылыққа, адалдыққа, ақыл - парасатқа шақырған.
Жігіттер, жаман сөзді кәсіп етпе,
Құрбыңды өзің теңді басып өтпе.
Басыңа бір уақытта жұмыс түссе,
Дұшпан түгіл досың да қашар шетке.
Жігіттер, мал мен басым көп демеңіз,
Киім бүтін, тамағым тоқ демеңіз,
Дәуіттің отыз ұлын бір күнде алған,
Біздерге жала - қаза жоқ демеңіз.
Жігіттер, жалған дүние бізден қалар,
Бір күні ажал келіп жаныңды алар,
Жан шығып, дүниеден көшкеннен соң,
Мал - мүлкің, қатың - балаң бәрі қалар.
* * *
Екі арыстан қосылса дәуді өлтірер, ажал келсе – ауру түгіл сауды өлтірер, қаныпезер бұзақы жігіт болса – тыныш жатқан еліне дау келтірер.
* * *
Ел елдетер, елдетер,
Ашылған тұман желдетер,
Жақсылардың алдында
Біразырақ сөйлесем,
Онан да менің нем кетер.
Елінде жақсы жігіттің алыста даңқы зор болар.
* * *
Қона берсе, жерің тозар,
Шаба берсе, елің азар,
Жасай берсе, ерің азар,
Ерің азған кезінде – елің азар.
* * *
Бақытты жігіт қол бастар,
Шешен жігіт дау бастар,
Әлемнен озған алаяқ
Озып бір кетсе ойқастар.
* * *
Аққу құс – көлдің көркі,
Ер жігіт – елдің көркі.
* * *
Бір жігіт бар – құр жан,
Бір жігіт бар – тірі жан,
Бір жігіт бар – жігіт жан.
* * *
Ағайының көп болсын,
Бірлігі оның бек болсын!
Жамандық жер кез болса –
Бір - біріне сеп болсын!
* * *
Ата - ананың қабідір
Балалы болғанда білерсің,
Ағайынның қадірін
Жалалы болғанда білерсің.
Дәулетіңнің қадірін
Мал кеткенде білерсің,
Маңайдағы дұспанды
Түн жеткенде білерсің.
* * *
Майда бол жігіт болсаң тал жібектей,
Жарамайды қатты болу тікенектей.
Білімің болса - дағы ұшан - теңіз,
Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Әйтеке (Айтық) Байбекұлы

Әйтеке (Айтық) Байбекұлы

Қара қылды қақ жарған әділ де кемеңгер тұлға Әйтеке бидің шын есімі Айтық. Кіші жүзден шыққан қазақтың атақты шешен биі. өзбекстанның Қазбибі...
Ер жігіт дүниені көргені артық

Ер жігіт дүниені көргені артық

Ер жігіт дүниені көргені артық, Дүниеден не бар - жоғын сезгені артық. Түскендей аспан жерге іс болса да, Бел байлап, тәуекел деп төзгені артық....
Ата-ананың қадірін

Ата-ананың қадірін

Ата-ананың қадірін Балалы болғанда білерсің. Ағайынның қадірін Жалалы болғанда білерсің. Дәулетіңнің қадірін Мал кеткенде білерсін. Маңдайдағы...
Жігіт, жолдас, адам, жол туралы мақал-мәтелдер

Жігіт, жолдас, адам, жол туралы мақал-мәтелдер

Жігіт адамға жетпіс өнер де аз. Бітісі жаман қамысты, су ішінен өрт шалар, Туысы аман жігітті, түйе үстінен ит қабар....
Жігіт сипаты

Жігіт сипаты

Жігіт боп гауhар тастай асыл болса, Әлсізге жаны кілең ашыр болса. Әрқашан жігіт сондай тәуір болмас, Не пайда шүберектей жасыл болса....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×