ШАЛМАГАМБЕТОВА Гаухар Мейрамовна.Жезқазған қаласындағы №10 орта мектебінің
бейнелеу өнері, сызу және технология пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы:«Сегіз жапырақ құрағын оқыту әдісі».Сабақтың мақсаты: • Оқушыларды ұлттық қолөнерге, шеберлікке баулу.
• Құрақты бұйымдар тігуге, үлгі әзірлеуге, тігу тәсілдеріне бағыт беру.
• Оқушылардың ой-өрісін дамыту, түстердің үйлесімділігін таңдай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың білімділігі:• Әр баланың ойлау қабілетін дамыту, оқушының қол икемін, қимылын, қию шеберлігін, мата түсін ажырата білуге, қайшыны, инені пайдалануда, қауіпсіздік техникалық ережені сақтау жолдарын айта отырып сабақты жалғастыру.
Сабақтың тәрбиелік мәні:• Құрақ құрау барысында қыздарды әсемдікке, ұқыптылыққа, жинақылыққа, үнемділікке, тазалыққа, сұлулыққа баулу.
Сабақтың түрі:• Жаңа сабақты меңгерту.