Тақырыбы: Агентомания ( әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны)
Мақсаты: Қазіргі «ХХІ ғасыр білім мен ғылымның ғасыры болады» - деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді. Соның ішінде Интернет пен агенттің алатын орны жоғары көрсеткіште тұр. Бүгінгі мектеп алды даярлық тобымен жасөспірім оқушылар және үлкенді кіші адамдар интернет және агент арқылы хат алысып, танысып, тіпті агент арқылы үйленіп, отбасын құрып жатыр. «Таяқтың екі ұшы бар» дегендей интернет пен агенттің де жақсы - жаман жақтары бар. Біз осы жайында өз ой - пікірімізді таразыға салып көрейік.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Барысы
Жүргізуші:
Қазіргі «ХХІ ғасыр білім мен ғылымның ғасыры болады» - деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді. Соның ішінде Интернет, оның ішінде әлеуметтік желілердің алатын орны жоғары көрсеткіште тұр. Бүгінгі мектептегі жасөспірім оқушылар және үлкенді кіші адамдар интернет және агент арқылы хат алысып, танысып жатыр. «Таяқтың екі ұшы бар» дегендей интернет пен агенттің де жақсы - жаман жақтары бар. Біз осы жайында өз ой - пікірімізді таразыға салып көрейік. Ал енді бейне сюжетке көз салайық.
Жаңа өздеріңіз көрген кейіпкерімізбен танысып, бірнеше сұрақтар берелік
Бізге әуелі өзіңді таныстырып кетсең
Аяжан:
Менің есімім Аяжан, мен 6 сынып оқушысымын.
Жүргізуші:
Жақсы, Аяжан күніне қанша уақытыңды агентте өткізесің?
Аяжан:
Мен күннің көп уақытын агентте өткіземін.
Жүргізуші:
Агенттің зиянды жақтарын ойладың ба?
Аяжан:
Мен үшін агент пайдалы. Барлық жұмысымды агентпен бітіремін, ол мәдениеттіліктің негізі, достарыңмен үнемі байланыста боласың, жаңа достар табасың. Мен өзімді агентсіз елестете алмаймын.
Жүргізуші:
Қазіргі уақытта оқушылар арасында агентшілердің қатары қарқындап артуда. Mail. ru Агент – онлайын жүйесінде қарым - қатынас жасауға арналған ресейлік компанияның танымал бағдарламасы, Мобильді агент – сол майл ру агенттің телефонға қондырылған нұсқасы. Бұл ұғымдар артық жарнаманы, түсіндіруді қажет етпейді. Өйткені оны қазір екінің бірі біледі. Білгені сондай, мобильді агент қосылған телефонын құшақтап ұйықтайды, соны құшақтап оянады. Әсіресе, жасөспірімдер. Mail. ru компаниясының мәліметінше, Mail. ru Агентті айына 11 миллион адам пайдаланса, бір минутта бір мезгілде оны 2миллион адам қолданады екен. Бүгінде агент Аяжан секілді жастардың іш пыстырмайтын ермегіне айналған тәрізді. Олардың көбі «агентпен» ауыратын болды. Бағдарламаға қатысушы бір топ қонақтардың бұл туралы пікірін білейік.
Дәрігер(Қарлығаш):
Компьютердің алдыңда көп отыру адамның көзіне әсер етеді көздің көруін әлсіретіп, құлақтың есту қабілетін азайтады экраннан тарайтын электромагнитті толқындар денсаулыққа зиянды. Үздіксіз пайдалану жүйке жүйесі мен қоса қол буындарының ауруын туғызады Францияда жылына 80 адамға буындардың ортасындағы жүйкенің қыстырылуына ота жасалады екен.
Мұғалім(Мадина):
Қазіргі кезде инновациялық технологияларды қолдану аясын кеңейту біздің басты мақсатымыз. Оның ішінде интернет жүйесіне баса назар аударылып отыр. Алайда бүгінде оқушылар, үлкенді кіші адамдар интернет және агент арқылы хат алысып танысады. Оқушының барлық ой - өрісі қолындағы телефонда, не компьютерде. Бұл баланың ой - өрісінің дамуына кедергі келтіреді, жан - жақты өмірге деген талпынысына шектеу қояды. Сөздік қоры, көркем сөйлеу тілі төмендейді. Көп уақытын агенте өткізетін мына Аяжан секілді оқушылардың оқу үлгерімі төмендейді.
Ата - ана(Марина):
Мен оқушылардың агентте ертеңнен кешке дейін отыруына қарсымын ол балалардың денсаулығын бұзады, сабақ үлгерімін төмендетеді, өйткені тамақты уақытында ішпейді уақытымен демалмайды. Агентте үнемі отыру олардың мінезінде өзгертеді. Агенттен кім екені білмейтін кез келген адаммен танысады, оның түбі жақсылыққа апармайды.
Жүргізуші:
Агент жастардың «індеті» ма немесе уақыт талабы ма? Осы туралы ой - пікірді тыңдайық.
ІІБ жасөспірімдер ісі жөніндегі инспектор(Қырмызы):
Көшеде ұялы телефон пайдалану көптеген орны толмас қателіктерге соқтырады, қылмыстық істерге бой алдырады. Жолда жүру ережелері бұзылады, соның салдарынан оқушылар арасында жол апатына ұшырау көп. Аяжанның, сол интернетке таңылғанша көзбе - көз қызу әңгіме өткізетін арнауы клубтарға жазылғаның дұрыс болар деп есептеймін.
ІІБ жасөспірімдер ісі жөніндегі инспектор(Аслан):
Ата - ана(Диас):
Кез келген нәрсені мөлшерінен тыс пайдалану зиянды, әлеуметтік желілердегі виртуалды қарым - қатынастардың зиянды жақтары көп. Соның ішінде виртуалды қарым - қатынастардың зиянын шегетін оқушылар. Сондықтан Агентке қосылыңыз әрдайым жаңа ақпараттың толқынында болыңыз, бірақ шамасына қарау керек, абай болмасаңыз одан біраз жапа шегуіңіз мүмкін.
Жүргізуші:
Қазіргі жастар «Агенті бардың күні – жарық, агенті жоқтың күні – қаріп» дегеннің кебін киіп отыр. М - агент қазір жасты да, жасамысты да жібермей өзіне матап тұрған тылсым күш тәрізді. Тіпті дүниенің бар қызығы сонда тұрғандай агентке тәуелді болып қалғандар да бар. Осы агентомания деген ен?
Психолог(Әсел):
Психолог Төреғали Батырханұлы жастар агентке әуестеніп, мания сынды психикалық ауруға душар болуы мүмкін дейді. Агнетомания – психикалық тәуелділік. Кез келген ақпарат пайдалы болып келе бермейді. Өйткені ол көзге көрінбейтін басқа компьютер алдында қандай адамның отырғанын білмейді. Оқушылар кейінгі зардаптарын ойласа, агнетке құл болмау жолын ойлау керек. Агентоманияға ем сол агентке жоламау, тек таныс адамдармен ғана байланысу, өзіне пайдалысын жасау. Агентке тек өзіңе керек кезінде ғана қолдану, уақытпен санасу, компьютер алдында белгілі уақыт аралығында отыру. Жасөспірімдер үшін сағат отырмау.
Жүргізуші:
Интернет желісіне қосылған кез келген адам осы агент арқылы әлемнің түкпір - түкпіріндегі тұрғындармен пікір алмасып хабарлама арқылы тілдесе алады. Сондай - ақ интернет арқылы сөйлесу адамды шынайы өмірден алыстатады. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне тоқталайық.
Агенттің қандай пайдасы бар?
(Сүйенбай) Әлеуметтік желіге кіру мәдениеттілік. Агент алыс жақын адамдардың бір - бірімен танысуын, хат алмасуын, ой бөлісуіне қажет бірден бір жаңа технология
(Аян) бір мезгілде бірнеше адамға хабарласуға болады. Жаңа достар табасың.
(Рабиға) агент әрі тиімді, арзан қарым - қатынас жасауға пайдалы.
(Нұржан) интернеттің әр сайтынан түрлі жаңалықтар алуға болады.
Агенттің қандай зияны бар?
(Айдана) Уақытың босқа кетеді. Көп отыру көздің нашарлауына мойныңа тұз жиналуға соқтырады
(Мейіржан) Кейбіреулер алданып қалады агентегілердің көбі сені алдайды. Агент сабақ оқуыңа кедергі келтіреді.
(Малика) Агент – сауатсыз жазу мен сауатсыз сөйлеу.
(Инабат) Кейбіреулер осы өмірді ұмытады, жүйкесін жұқартады.
(Дана)
ХХІ ғасыр жастардың, жаңа ақпараттық технологиялардың ғасыры. Ендеше ғасырдың сыйынан қалыс қалмайық. Көпке топырақ шашудан аулақпын, «Бес саусақ бірдей емес» демекші бұл жөнінде әркім әрқалай ой өрбітер. Ең бастысы жалған әлемге алданбай пайдалы іспен айналысып, бейтаныс жанмен хат алмасқанша жақындарыңмен жиылып жүздескенге не жетсін. Еңсесі биік, егеменді еліміздің адамдықты ту еткен алғыр ойлы ұл - қыздары көп болғай деп мен бүгінгі «Айтуға оңай» бағдарламасының межесіне жеттім. Сау саламатта болыңыздар.
Агентомания (айтуға оңай бағдарламасының желісімен)
- diko3091
- 18 ақпан 2013
- 9490
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Агентомания, технология, интернет
Ұқсас жаңалықтар:
Интернет және оның пайдасы мен зияны
Білімділік: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау; Дамытушылық: Оқушылардың интернет туралы толық ой...Сабақта интернет ресурстарын пайдалану
Елімізде білім беру саласында жаңа IT технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр. Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа...Компьютердің пайдасы мен зияны
Компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі, жұмыс өнімділігін арттыру болып табылады....Ұялы телефонның пайдасы мен зияны
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, № 21 орта мектебінің 3 "Б" сынып оқушысы Атабаева Әйгерім Маратқызы Ғылыми жетекшісі: Тлеубаева Жанар Жолдыбекқызы...Агентомания ("Айтуға оңай" желісімен)
Ақтқөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің Матемтика пәнінің мұғалімі Сәрсенбаева Динара Құлынтайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.