Қызылорда облысы
Қармақшы ауданы, А.Жанпейісов атындағы № 105 орта мектептің
технология пәнінің мұғалімі
Прназаров Дауиржан Амангалиевич
Сабақтың тақырыбы: Электротехникалық материалдармен жұмыс жасау
Сыныбы: 5
Пәні: Технология
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды электр тізбегінің негізгі элементтерімен таныстыру. Сызба бойынша шартты белгілерді оқи білуге үйрету.
Тәрбиелік: Электротехникалық жұмыстарды орындағанда ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың бойына еңбек дағдысын қалыптастыру. Қарапайым электр тізбегін жинай білуге, тұрмыстық электр құралдарын ақауларын жөндеуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндірме – практикалық
Сабаққа қолданылатын стратегиялық әдістер: Интерактивті әдістер, СТО әдістері
Көрнекілігі: слайдтар, ағаш, желім, ара, т.б.
Құралдары: ара, бұрандалы қысқыш, егеу, сүргі т.б.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Сынып тазалығын тексеру.
3. Оқушы назарын сабаққа аудару.
«Өзіндік бағалау» әдісі:
Оқушылар берілген үй тапсырмасына өзінің дайындық деңгейін мұғалім сұрағына қол көтеру арқылы байқатады: Кім «беске» дайын? Кім «төртке» дайын? Кім «үшке» дайын? Кім мүлде дайын емес?
II. Үй тапсырмасын тексеру
Ток көзі. Электр өткізгіштер
III. Үй тапсырмасын бекіту
«Кім біледі?» ойыны. Шартты белгілер түрлерін слайд арқылы сұрау (8 шартты белгі) «беске» білетін оқушы 1 сұраққа жауап беріп, қалғаның оқушылардан «кім біледі?» деп сұрайды.
Электр схемасы дегеніміз?
«Иә, жоқ» ойыны
Темір тоқ өткізе ме?
Ауа тоқ өткізе ме?
Әйнек тоқ өткізе ме?
Пластмасса тоқ өткізе ме?
Мыс сым тоқ өткізе ме?
Ағаш тоқ өткізе ме?
Ылғал ағаш тоқ өткізе ме?
Резеңке тоқ өткізе ме?
Аллюминий тоқ өткізе ме?
IV. Жаңа сабақты даярлау. Жаңа сабақ
Электротехникалық материалдармен жұмыс
Электр аспаптарымен жұмыс істегенде, көптеген материалдарды пайдаланасыңдар. Олармен жұмыс істеу үшін арнайы аспаптар қолданылады.
Электр материалдарының қатарына электр сымы, түтікшелер, оқшаулағыш таспа, бау т.б. жататын болса, аспаптардың қатарына тістеуік, монтер пышағы, қысқаш, жұмыр қысқыш, бұрауыш т.б. жатады. Электр сымдарының ішкі қабаты мыс пен алюминийден, сыртқы қабаты тоқ өткізбейтін оқшаулағыштан жасалады.
Электр бауы иілгіш оқшаулағыш әзірленіп, тұрмыстық электр жабдықтары мен тоқ көзін жалғастырады. Ол екі немесе көп тоқ өткізгіштен тұрады. Сымдардың бәрі бір түтіктің ішінде орналасады. Оқшаулағыш таспалар мен түтіктер электр сымдарының жалғанған жерін оқшаулап тұрады.
Сымдарды кесу үшін тістеуікті қолданады. Оның сабы міндетті түрде оқшаулағышпен қапталады. Монтердің пышағы сымнан оқшаулағышты алып тастау үшін қажет. Пышақтың сабы пластмассадан немесе ағаштан жасалады. Қысқаштар электр сымдарын майыстыру немесе бұрау үшін қажет. Бұрауыштың көмегімен электр жабдықтарын құрастырады. Оның сабы да ағаштан немесе пластмассадан жасалған.
Электрмен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері
1. Ұқыпты, тәртіпті, өте сақ болыңдар: мұғалімнің ауызша және жазбаша нұсқауларын бұлжытпай орындап отырыңдар.
2. Жұмыс орындарыңды мұғалімнің рұқсатынсыз тастап кетпеңдер.
3. Электр аспаптарын, материалдар мен жабдықтарды жұмыс орындарыңа мұғалім көрсеткен тәртіппен жайғастырып қойыңдар.
4. Тапсырманы орындауда қажетсіз заттарды жұмыс орнында ұстамаңдар.
5. Ток көздерін мұғалімнің рұқсатынсыз қоспаңдар.
6. электр тізбектерін құрастырғанда, ауыстырып қосу тетігін жалғастырғанда, жөндегенде, ток көзі ажырап тұруы керек.
7. электр тогы көзінде, сондай-ақ электр қондырғысының басқа бөліктерінде кернеудің бар-жоғын бақылау үшін арнайы бақылау шамын немесе кернеу көрсеткіш аспапты пайдалан.
8. Егер жұмысшы электр желісіне жабысып қалса, оны құтқаруы үшін, тіпті электр желісін шауып тастауға да болатынын білген жөн.
9. Резеңке қолғап пен резеңке етік кию ток соғудан сақтайтынын естен шығармаған жөн.
Сарамандық жұмыс
Жеке
Жұмыс киімін кию: фартук, жеңқап
Жұмысқа қажет материалдар: құрастыруға қажетті бұрауыш т.б. электр патрондары
Жұмыстың мақсаты: Тұрмыста қолданылатын электр шамы патроны құрылысымен танысып, оларды құрастырып үйрену
Патрондар электр шамдарын электр тізбегіне қосу үшін қажет. Олардың төбеге, бекітілген және асып койылатын бірнеше түрі бар. Патрондардың корпусы ток өткізбейтін материалдардан әзірленген. Оның ішкі бөлігінде екі түйіспелі бұрауышы болады, ол металл пластиналарға бекітіледі.
Патрондардың құрылысымен танысу үшін суретті пайдаланып, мынадай іс-амалдарды орындаңдар:
1. Электр патронының корпусынан қақпағын ажыратып алыңдар, оның фарфордан жасалған өзегін шығарыңдар.
2. Өзектің құрылысымен танысып, оның түйіспелерін, түйіспе бұрауыштарын табыңдар.
3. Сымдарды жалғайтын жерлерді біліп алыңдар.
4. Өзектің орнына қайта бекітіп, қақпағын жабыңдар.
5. Патрон қақпағын бекітіңдер.
V. Жаңа сабақты бекіту
«Жұбын тап»
Екі бағанда тұрған сөздердің жұбын табу.
Электр - үстелі
Қауіпсіздік - ережесі
Технологиялық - бұрау
Электротехникалық - материалдар
Жұмыс - материалдар
Технологиялық - карта
Сымды - таспа
Жұмыс - үстелі
Оқшаулағыш - пышағы
Сымды - бұрау
Электротехникалық - схемасы
Оқшаулауыш - таспа
Қауіпсіздік - элемент
Электр - схемасы
Гальваникалық - карта
Гальваникалық - элемент
Монтер - ережесі
Монтер - пышағы
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма беру
Түрлі электро шамдарының эскизін салып келу тапсырылады.
Электротехникалық материалдармен жұмыс жасау
- dauir89
- 6 қараша 2012
- 15935
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Технология, электротехникалық материалдармен жұмыс жасау
Ұқсас жаңалықтар:
Тұрақты электр тогы тарауын қайталау
Қызылорда қаласы, №211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі Тоқаева Загира Асқарқызы...Тұрақты электр тогы
Ш.Қ.О., Семей қаласы «Гуманитарлы- экономикалық колледж» мекемесі Амиргалиева Рыскуль Жумагазиевна...Электр тоғы
Алматы облысы, Райымбек ауданы №2 Кеген орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі: Мусаева Куан...Электр ток көздері. Ом заңы
Қызылорда қаласы, Ж. Нұрсейітов атындағы №233 орта мектептің физика пәні мұғалімі: Нұржанова Қ. Б....Электр құбылыстары
«Электр құбылыстары» тарауын қорытындылау сабағы Сабақты бастамас бұрын сынып оқушыларын үш топқа бөлемін. Әр топтың аты, ұраны, таңбасы бар....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.