Түрлі – түсті ленталардан раушангүлін жасау.
Мақсаты:
Білімділігі: балаларға еліміздің табиғатының ғажайыптарын түсіндіріп, гүл бейнесін тігу әдісін үйрету.
Дамытушылығы: балаларды өздігінен еңбек етуге дайындау. Еңбекке деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелігі: жұмыстарын эстетикалық тұрғыдан ұқыпты орындауға, қазіргі заман талабына сай жан - жақты тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, шығармашылық ізденіс, топпен жұмыс.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Амандасу
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз,
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме! – деп
Сәлемдесіп аламыз.
Мұғалім сөзі:
- Балалар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Бүгін біздің сабағымыз аптаның сәтті күнінде яғни, сәрсенбі күні өтіп жатыр. Сондықтан сабағымыз сәтті өтсін деп тілейік. Мен барлығыңды жылулық шеңбері – шаттық шеңберіне шақырамын.
Шаттық шеңбері
Оқушылар тәрбиешімен бірге шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі, бүгінгі күнге тілек айтып, А. Меңжанованың «Болайықшы осындай» әнін орындайды.
Жақсы бала еңбекшіл
Таза бала мұнтаздай,
Ер азамат болады.
Сүйсінеді қараған
Қиындықты жеңіп кіл,
Ұқыпты деп бұл қандай
Құшағы гүлге толады.
Жақсы көрер бар адам.
Қайырмасы:
Еңбекшіл досым – ай,
Болайықшы осындай.
II. Ә) Психологиялық дайындық:
Гүл ексең терлеп,
Мұның аты - еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты – еңбек.
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек.
• «Қоржын алу» ойынын ойнаймыз. алдарыңда қоржын. Бұл қоржынның ішінде ғажайып нәрсе бар. Бұл не екенін көру үшін өткен тақырыпқа байланысты қоржыннан алынған сұраққа жауап бересіңдер, қоржынның аузы ашылып, ғажайып нәрсе көресіңдер.
• Ал енді, балалар, қоржын аузы ашылып, сұрақтарға сүрінбей жауап бердіңдер. Ішінен вазадағы «Гүл шоғы» шығады.
• Ой, керемет, балалар! Нені көрдіңдер? Суреттеп беріңдер.
• Иә, дұрыс айтасыңдар. Бұл вазадағы гүл шоғы. Гүлдің әдемі екенін көріп отырсыңдар.
• Сонымен, қоржынды ашқанда қандай әсер алдыңдар?
• Балалар, табиғи гүлдердің әрқашанда адамның көңіліне қуаныш сыйлап, көңіл - күйіне әсер ететіні анық. Ал, өнер иелері осы гүлдерді әр түрлі тәсілмен бейнелей білген ғой. Гүл тұқымдасына жататын өсімдіктердің барлығының құрамында хош иісті заттар мен дәрумендер, эфир майлары, бояу заттары бар. Сондай - ақ медицинада дәрі - дәрмек жасау үшін қолдайды.
слова А. Данте:
Я шёл вперёд, но всюду замедлялись
Мои шаги при взгляде на цветы.
Нет на земле ничего прекраснее и нежнее, чем цветы.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Еліміздің табиғаты өте бай және ғажайып. Көктем және жаз мезгілінде еліміздегі әрбір аймақ әсем гүлмен көмкеріледі. Алуан түрлі гүлдер айналамызды түрлендіріп, ерекше сән береді (слайдта түрлі гүлдермен көмкерілген еліміздегі әсем қалалардың суреттері көрсетіледі).
Балалардан гүлдердің түрлерін сұрап, Қазақстанда өсетін гүлдерді өзім таныстырып, сипаттап, олардың қасиеттерін түсіндіріп өтемін. ІҮ. Сарамандық жұмыс.
«Раушангүл» гүлін түрлі - түсті матадан қиып, тігу. (балаларға үйрете отырып, орындатамын. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп өтемін.)
Екі топ балаларына мақалдар айтылып олар жалғасын табады. Көп ұпай жинаған топқа ұпай саны ретінде қатты қағаздан қиылған гүлдер топтың алдында тұрған қорапшаларға салынып отырады.
1 - оқушы:
1. Еңбек мұратқа жеткізер,
Жалқаулық абыройды кеткізер.
2. Сақалын сатқан кәріден,
Еңбегін сатқан бала артық.
3. Еңбектің көзін тапқан,
Байлықтың өзін табады.
4. Еңбек етпесең елге өкпелеме,
Егін екпесең, жерге өкпелеме.
5. Ерінбесең, еңбегің өнеді.
2 - оқушы:
1. Еңбексіз мал дәметкен – қайыршылық.
2. Еңбектен қашқан, дөңбекке жолығады.
3. Еңбек етпеген азады..
4. Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды.
5. Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар.
3 - оқушы:
1. Орайы келсе, орақ ор,
Кезі келсе, кетпен шап.
2. Еңбек – адамның екінші анасы.
3. Ерінбеген етікші болады.
4. Керек тастың ауырлығы жоқ.
5. Еңбекке үйренем десең, ерінбе.
Өнерге үйренем десең, жерінбе.
Мақалдың алғашқы жолын оқиды, әрі қарай ойынға қатысушылар қолын көтеріп жалғастырады.
1. Еңбегің қатты болса,…(татқаның тәтті болар).
2. Еңбек түбі – береке,…(көптің түбі – береке).
3. Істегенің еліңе жақсы,…(үйренгенің өзіңе жақсы).
4. Отынды шапқанға жақтыр,…(малды тапқанға бақтыр).
5. Ексең егін,…(ішерсің тегін).
6. Етік тіге алмаған,…(біз таңдайды).
7. Көсеуі қысқаның,…(қолы күйер).
8. Берген – алар,…(еккен – орар).
9. Еңбек етсең ерінбей,…(тояды қарның тіленбей).
Ү. Сергіту сәті.
Гүлдер тау басында тұр.
Жел соқты, гүлдер ырғалды.
Жаңбыр жауды, жаңбыр саябырсыды.
Күн шықты.
Көбелектер гүлдің әуелі оң жағынан, содан кейін сол жағынан ұшып келіп қонды (балалар қимыл қозғалыс арқылы бойларын жазады).
ҮІ. Сарамандық жұмыс.
Матадан тігу әдісі арқылы гүлін орындау. Бейнеклиптен матадан тігу арқылы гүлді жасау жолдарын балаларға көрсету.
ҮІІ. Ой қорыту.
А) Екі топтың балалары бір - біріне жасаған гүлдерін табыстау арқылы тілек білдіру.
Ә) Әр топ өздерінің тігу арқылы орындаған гүлдерінен құмыраны толтыру.
ҮІІІ. Бағалау.
Екі топтың ұпай сандары есептеліп, көп ұпай жинаған топты мадақтаймын
Қорытындылау
- Балалар, осымен сабағымызды қорытындылайтын кез де келді. Ендеше, біз «Еңбекқорлар еліне» барып, саяхат жасап қайтайық. Ол үшін «Біз не үйрендік? Не білдік?» деген сұрақтарға жауап береміз. Әрбір дұрыс жауап берген бала әртүрлі суреттермен еңбекқорлар елін безендіреді.
Жүректен – жүрекке
Сабақ сәрсенбі күні өтіп отырғандықтан «сәрсенбі сәтті күн» деген мақалмен басталса, енді осы ырымды жалғастырып, кішкене жүрекшелерге жазып, балалар бір – біріне бата береді.
Мысалы:
- Керім, еңбегің жемісті болсын!
- Айым, еңбек етсең емерсің деген. Осыны есіңе сақта.
- Қуат, сүйіп істеген іс шаршатпайды. Сондықтан өзіңе ұнайтын істерің көп болсын.
- Әділ, өмірдегі тірегің еңбек болсын,
- Ерлан, «Еңбек – қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап», - деп ұлы Абай атамыз айтқандай ешқашан жалқау болма.
Жүректен – жүрекке осылайша жалғаса береді.
Түрлі-түсті ленталардан раушангүлін жасау
- bayan_sulu
- 25 қаңтар 2013
- 11204
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Түрлі түсті ленталардан раушангүлін жасау, технология, тәрбие сағаты
Ұқсас жаңалықтар:
Кәсіп, еңбек туралы мақал, мәтелдер
Ұстаның өрісі көрігінен төсіне дейін. Алтын менен күмісті, зергер үшін жаратқан. Арқар менен құлжаны, мерген үшін жаратқан....Еңбек түбі – береке
Бастауыш сынып мұғалімі Усмантаева Мутабар...Еңбек етсең емерсің
ОҚО, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, Күлтөбе негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сыздық Гүлсара Лесбекқызы...Мен еңбекқор баламын
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №19 мектептің мектепалды даярлық тәрбиешісі Тілеубаева Алтын Ысқаққызы...Матадан раушангүлін жасау
Гүл жасауды әркім үйрене алады. Ол үшін біраз шығармашылық қиял мен шыдамдылық қана керек. Табиғат-біздің ақылшымыз, көмекшіміз....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.