Б. з. І ғасырында буддалық қаһарманның жаңа типі – бодхисаттва пайда болды, Буддаға еліктеп, басқаларды құтқару үшін, өз бостандығын құрбандыққа шалып, нирванадан бас тартады.
Исаның миссиясының айқын табиғатына қатысты көптеген болжамдар болды. Шамасы, Інжілге оның өз аузымен айтқан сөздерінің аз ғана бөлігі енген және ондағы деректердің көпшілігіне – Исаның өлімінен кейін – Әулие Павел салдырған шіркеулерде болған бертіндегі оқиғалардың әсері тиген.
Филон Александрияда платонизммен суарылған яһудилікті уағыздап, ал Гиллель мен Шаммай Иерусалимда бір - бірімен дауласып жатқан кезде, Палестинаның олтүстігінде бір тегеурінді тұлға өзін таныта бастады.
Пұтқа табынушылар ортасында адамды құрбандыққа шалу әдеттегі іс болатын; оның өзінше логикалық түсіндірмесі де бар еді. Көп жағдайда отбасындағы тұңғыш сәби неке түнінің талабы бойынша, Құдайдың кіндігінен жаратылып, соның баласы саналатын.