Сабақтастық дегеніміз, біріншіден, екі буын арасындағы ортақ мақсат міндеттер, ортақ мазмұндық жүйе, баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағыттау, екіншіден білім берудің әдістемелік жүйесінің әрбір компонентінің үйлесімділігі.
Ақпараттық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
6 - 7 жастағы баланы оқу - тәрбие процесінде дамыту мәселесінде басты ролді ең алдымен баланың өздігімен әрекеті және танымдық белсенділігі атқарады. Ғалымдар С. Л. Рубинштейн, Д. П. Годовикова, Т. А. Куликова, А. И. Сорокинаның еңбектерінде 6 - 7 жастагы балалардың білуге құштарлығының, танымдық қызығушылығының, коммуникативтік сұрақтары, түрткісінің дамуы танымдық белсенділігінің көрсеткіштері ретінде атаған.
«Мұғалім сабақты қызықты мысалдармен, айшықты көрнекті құралдармен, басқа да достық қарым - қатынаспен, балаларға жүрек жылуымен, кейде әзіл - оспағымен түсіндіру арқылы шәкірттердің сабаққа деген ынтасын оятады.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге баланың психикалық қызметтерін, ақыл - ой жұмысының тәсілдерінің қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады.
Задача школы состоит в том, чтобы пробудить умственные способности к самостоятельности и развивать желание самостоятельно, без учителя, приобретать новые знания. (К. Ушинский)
Өнеге адамдардың тәлім – тәрбиелілігі, үлгілілігі, саналылығы ережелерінің жиынтығы ретінде көрінеді. Ұрпаққа өнеге көрсететін иманды, зерделі, инабатты кісілерден адамдар жақсылық пен қайырымдылықты, адамгершілік пен ізеттілікті үйреніп, оны өздеріне үлгі тұтады.
Бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбие мен оқыту бағыттарын қоғам сұраныстарына сәйкес құру көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр.